Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары


Шартты және шартсыз рефлекстер



бет5/32
Дата16.10.2023
өлшемі82,61 Kb.
#116640
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
6.Шартты және шартсыз рефлекстер.
Организмнің сыртқы және ішкі тітіркендіруге қайтаратын барлық жауап әсерлері рефлекстер деп аталады. Олар шартсыз және шартты рефлекстер деп аталатын 2 топқа бөлінеді. Шартсыз рефлекстер-бұлар организмдердің осы түрінің өкілдеріне тән, іштен туа болған, тұрақты, тұқым қуалай берілетін әсерлер. Мысалы, қарашық, тізе және басқа рефлекстер. Сонымен қатар, белгілі бір жаста, көбею кезеңінде және нерв жүйесі қалыпты дамығанда ғана жүзеге асатын шартсыз рефлекстер болады.
Шартсыз рефлекстер жануарлар мен адамда шартты рефлекстерді қалыптастырудың негізі болады. Олар балалар есейген сайын синтездік рефлекстер комплексіне айналып, организмнің сыртқы ортаға бейімделушілігін арттырады.
Шартты рефлекстер- бейімделуші, уақытша және қатаң түрдегі жеке рефлекстер. Олар үйретілетін немесе табиғи ортаның әсеріне ұшырайтын түрдің бір немесе бірнеше өкілдеріне ғана тән болады. Шартты рефлекстер біртіндеп, белгілі бір ортада түзіліп, үлкен ми сыңарларының қалыпты жетілген қыртысы мен мидың төменгі бөлімдерінің атқаратын функциясы болып табылады. Шартты рефлекстер шартсыз рефлекстермен тығыз байланысты.
7. Балалардың жоғары дәрежелі нерв қызметінің типтері. Орыс физиологы Н.И. Красногорский (1918) тұңғыш рет балалардың жоғары дәрежелі нерв қызметін анықтауға тырысты. Сөйтіп, 1954 жылы Н.И. Красногорский балалардың жоғары дәрежелі нерв қызметінің жаңа классификациясын ұсынды, онда сигналдық системалардың өзара қарым-қатынасы мен ми қыртысының қыртыс асты түзінділермен өзара әсері ескерілген. Қазіргі кезде осы классификация неғұрлым толық болып есептеледі және 4 типті қамтиды.
1-ші - күшті, тиімді қозатын, байсалды, тез- сангвиникалық тип, мұнда шартты рефлекстер тез түзіліп, тез өшеді және тез арада қалпына келеді. Мұнда қозу мен тежелу тез ауысып, нәзік жіктеу тез арада болады. Мұндай балалардың мінез-құлқы жақсы, тәрбиелеу үшін қиындық туғызбайды.
2-ші –күшті, тиімді қозатын, байсалды, баяу-флегматикалық тип. Жоғары дәрежелі нерв қызметі осындай типтегі балаларда шартты рефлекстер тез әрі берік түзіледі, тежеу әсері мықты болады. Балалар шартты тітркендіргіштің күшіне оңай бейімделеді, жақсы оқиды, олардың мінез-құлқы үлгілі болады. Балалар дұрыс сөйлейді, сөз қоры жеткілікті болады.
3-ші- күшті тез қозатын, ұстамсыз ұшқалақ-холерикалық тип, қыртыс асты қызметі күшті, оны ми қыртысы үнемі толық дәрежеде реттей алмайды. Алғашқы 2 типтегі балаларға қарағанда, шартты байланыстар баяуырақ түзіледі. Мұндай балалар қанағаттанарлықтай оқиды, бірақ мектептің талаптарына қиындықпен көндігеді. Олардың эмоциясы жоғары, тез қозады және қызба болады. Мұндай балаларды тәрбиелеу көптеген қиындықтар туғызады. 4-ші-әлсіз, баяу қозатын, байсалды-меланхоликалық тип, ми қыртысы мен асты түзінділері жалпы алғанда баяу қозады. Мұндай балаларда шартты рефлекстер баяу түзіледі. Олар тез қажып, тежелу күйіне өтеді. Олар ақырын, нашар сөйлейді, сөздер
қоры аз. Мұндай типтегі балаларда невроздық әсермен невроз оңай дамиды. Балалардың жоғары дәрежелі нерв қызметінің типтерін зерттеудің зор практикалық маңызы бар.Мектеп оқушысының мінез-құлқы нерв системасының тума
физиологиялық қасиеттеріне ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік жағдайларға да байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет