Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары


Анализаторлар және сезім мүшесі және анализаторлардың өзара әсер етуі



бет8/32
Дата16.10.2023
өлшемі82,61 Kb.
#116640
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32
Байланысты:
УМК Окушылар физиол дамуы (1)

13. Анализаторлар және сезім мүшесі және анализаторлардың өзара әсер етуі.
Біздің организмімізге әсер ететін әр түрлі тітіркендіруді рецепторлар қабылдайды, олар тітіркендірудің мен құрылымына қарай алуан түрлі тітіркендіруге талғамалы жауап қайтарады (көз рецепторлары- жарық тітіркендіруін, құлақ рецепторлары- дыбыс тітіркендіруін, тері рецепторлары-механикалық, температуралық және басқа тітіркендірулерді қабылдайды). Осыған орай көру, есту, дәм, иіс және сипап сезу мүшелерін ажыратады. Дененің кез келген жерінде орналасқан рецепторларды сезім мүшелеріне жатқызады. Сезім мүшелерінің әрекеті обьективті тұрғыдан алғанда олардың рецепторларында қозудың, ал субьективті тұрғыдан алғанда- түйсіктің пайда болуынан байқалады. Түйсік пайда болуы үшін сезім мүшелерінен орталыққа тебетін жол арқылы орталық нерв системасына келуі керек. И.П. Павлов осының негізінде физиологияға анализатор ұғымын енгізді, бұл барлық анатомиялық түзінділердің жиынтығын білдіреді, түйсіктің пайда болуы анализаторлардың қызметіне байланысты. Анализаторлар функциясы жөнінен өзара байланысқан мынадай бөлімдерден тұрады: 1) шеткі; 2) өткізгіш; 3)ми қыртысының тиісті аймағынан тұратын қыртысты бөлім. Анализаторлардың өзара әсер етуінің арқасында түйсік күшеюі немесе әлсіреуі мүмкін. Мысалы, қараңғыда дыбыс тітіркендіруді (үн, шу) қараңғылыққа дағдыланған көздің көк, жасыл сәулелерге қозудын арттырып, қызғылт сары сәулелерге қозғыштығын кемітеді.
14.Көру анализаторлары және оның функциялық бөлімдері.
Көру анализаторы -жұп түзінді. Көз анализатордың шеткі бөлімі болып табылады. Одан шығатын көру нерві өткізгіш бөлім болып саналады. Көз алмасының 3 қабықшасы болады, олар көз ұясына орналасады. Оны сыртынан белокты қабықша немесе склера қаптап тұрады, бұл қабықша тығыз дәнекер ұлпасынан тұрады. Белокты қабықшадан кейін тамырлы қабықша орналасқан. Тамырлы қабықшаның алдыңғы бөлігі нұрлы қабық деп аталады. Ал торлы қабық-көздің 3-ші қабықшасы. Нұрлы қабықтан кейін 2 жағы дөңес мөлдір линза – көз бұршағы орналасқан. Көздің ішкі қуысын шыны тәрізді дене толтырып тұрады.
Жарық сәулесін сындыратын орта мен торлы қабық көздің негізін құрайды. Көздің қосалқы қимыл аппараттары- бұлшық ет және қорғаныш аппараты-қабақ, кірпік және жас бездері.Көздің қызметі қалыпты кезде барлық қимыл үйлесімді болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет