8.Балаларды ұйықтатуға қойылатын гигиеналық талаптар. Ұйықтату ұзақтығын ұйықтау және таңертең тұру уақытын, төсек-орынның жайлылығы мен ұйықтайтын бөлменің гигиеналық тазалығын сақтамайынша мектеп жасындағы балаларды гигиеналық тұрғыдан дұрыс ұйықтату мүмкін емес. Ұйықтауға дайындалу ұйықтайтын бөлмені желдетуден, кейде кешқұрым таза ауада серуендеуден басталады. Ұйықтау алдында тісті тазалау, аяқты жылы сумен жуу немесе ваннаға, душқа түсу, жатуға ыңғайлы киім кию қажет. Балалар мен жасөспірімдерге жиналмалы және торы өте иілгіш кереуетте ұйықтауға болмайды, өйткені бұл омыртқа жотасының қисаюына және мүсіннің бұзылуына себепші болады. Жатар алдында тамақ ішу көбіне ұйқыны бұзады. Балалардың ұйықтау ұзақтығы олардың жасына қарай былайша анықталады: 4-5 жаста-13-14 сағат; 6-7 жаста-11-12 сағат; 8-9 жаста-10,5-11 сағат; 10-11 жаста-10-10,5 сағат; 12 жастан жоғары -9-10 сағат. Балаларды ұйықтатудың гигиеналық нормалары мен ережелері үнемі бұзылатын жағдайда нерв клеткалары әлсіреп жүдейді. Бұл қозу және тежелу процесінің динамикасын бұзады, яғни, ұйқысыздыққа әкеліп соғады. Мұндай балаларда ашуланшақтық пайда болады.
Лекция 9. Тірек-қимыл аппаратының маңызы және сүйектің химиялық құрамы.
10. Балалар мен жасөспірімдерде қимыл сапаларын дамыту.
11. Мебельдің балалар сымбатына әсері және мектеп жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптар.
12.Тірек-қимыл аппаратының бұзылулары және балалар жарақаттануынан алдын-ала сақтану.
13. Анализаторлар және сезім мүшесі, анализаторлардың өзара әсер етуі.
14. Көру анализаторлары және оның функциялық бөлімдері.
15. Мектеп үйіндегі жарық режимі және жарықтың жұмысқа қабілеттілікке әсері.
16. Көрудің бұзылуы мен көздің жұқпалы ауруларының сақтану шаралары.
9. Тірек-қимыл аппаратының маңызы және сүйектің химиялық құрамы. Адамның тірек-қимыл аппараты сүйектер мен еттерден, сіңірлер мен тарамыстардан тұрады және екі-сүйек және ет системасы ретінде берілген. Ол тірек, қорғаныш және қимыл функцияларын орындайды.
Тірек функциясы- скелеттің басқа барлық мүшелерді ұстап тұруынан, денеге белгілі қалып және пішін беруінен тұрады. Шеміршектермен және оған бекіген еттермен байланысқан сүйектер қуыс құрайды, онда тіршілік үшін маңызды мүшелер орналасады. Бұл сүйек-ет скелетінің қорғаныш функциясы. Мысалы, ми- бас сүйекпен, жұлын- омыртқа жотасымен, өкпе және жүрек-көкірек қуысымен қорғалады.Қимыл функциясын негізінде еттер іске асырады. Нерв импульстерінің әсерінен жиырыла отырып, олар сүйектерді қимылға келтіреді, бұл кезде өздері серіппеге айналады да скелеттің пассивті элементтері болып қала береді.
Скелет қанның минералдық құрамын белгілі дәрежеде ұстайды, сүйектерде қан жасау функциясын орындайтын сүйектің қызыл майы орналасады. Адам өмірінің әр кезеңіндегі сүйектің химиялық құрамы бірдей емес. Ол жасына, қоректену сипатына, организмдегі зат алмасуға, ішкі секреция бездері мен бұлшық ет жұмысының функциональдық күйіне
байланысты. Сүйектің негізгі физиологиялық қасиеті- қаттылық пен серпінділік. Сүйектерге органикалық емес заттар-Са, Р, Магний-дің тұздары қаттылық қасиет береді. Сүйекте өте аз мөлшерде ұлпаның қалыпты функциясы үшін қажетті отыздан астам микроэлементтер (алюминий, фтор, мырыш, мыс, барий т.б.) болады. Ересектерге қарағанда, балалардың сүйектерінде органикалық заттар көп, ол скелеттің иілгіштігін қамтамасыз етеді, бірақ дұрыс отырмағанда сүйектің қисық болып дамуына әсерін тигізеді. Басталған қисаюлар ішкі мүшелер жұмысына әсерін тигізеді. Сондықтан тірек-қимыл аппаратының қисаюын болдырмау үшін мектепте де, үйде де баланың дұрыс отыруын қадағалау өте қажет.