Дәріс тақырыбы: 1. Мұғалім еңбегін ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру.
2. Балалар еңбегінің ғылыми-гигиеналық негіздері.
3.Шаршау мен қажудың физиологиялық негіздері.
4. Сабаққа қойылатын талаптар және оның маңызы.
5. Үзілісті өткізуге қойылатын талаптар.
6. Мектептегі оқу жұмысының кейбір түрлеріне қойылатын гигиеналық талаптар.
1.Мұғалім еңбегін ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру.
Педагогикалық еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру қажеттігі о баста 20-шы жылдардан бастап пайда болды. Сол кезден бастап мектептің алдына қойған міндеттері мынандай болды: оқу-тәрбие процесін балалр метептегі оқу кезеңінде жан-жақты және қажетті политехникалық білім алып қана қоймай, сондай-ақ өздерінің ішкі күш-қуатын, мүмкіндіктерімен дарынын ашып көрсететіндей және ұйымдастырушылық қабілеті мен инициативасын, жаңалыққа ұмтылу тілегін үнемі байқайтындай, үздіксіз өздігінен білім алатындай етіп ұйымдастыру керек. Мектепте еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру оқушылар мен мұғалімдерге жеке қызмет жүйесін қалыптастыруға жәрдемдеседі. Мұғалім еңбегін ғылыми тұрғыдан дұрыс ұйымдастыру үшін оның жүктеме сағатын дұрыс бөлуге, сабақ арасында үзіліс уақытын босқа өткізбеуге, сабақ кестесін құру кезінде пәннің қиындығын ескеруге, өз білімін тереңдетіп отыруға мүмкіндік туғызу қажет. Педагогикалық еңбек гигиенасы еңбек процесі барысында адамның қажуы артатынын ескере отырып, әрбір мұғалімнің қызметін қатаң нормалауды, күнделікті, демалыс күндері толық тынығуды көздейді.
2.Балалар еңбегінің ғылыми-гигиеналық негіздері. Ақыл-ой еңбегі- ми қыртысы жасушаларының іс-әрекет өнімі. Балаларда ол әдетте қимыл белсенділігімен- бұлшық еттің жұмыс істеуімен ұштасады. Бұлшық еттің жұмыс істеуі өз кезегінде орталық және шеткі нерв жүйелердің қызметімен
байланысты. Демек, мектеп оқушысының еңбегі –ақыл-ой және дене еңбегінің міндетті түрде ұштасу өнімі.
Мектеп оқушысының еңбегін ғылыми-гигиеналық тұрғыдан ұйымдастыру-бұл физиологиялық мүмкіндіктерді ескере отырып, оқу сабақтарын, тәрбие процесі мен тынығуды дұрыс ұйымдастыру. Бұл-баланың жұмыс қабілеттілігін сақтауға
оның ойдағыдай өсіп-жетілуіне, денсаулығын нығайтуына жәрдемдесетін қолайлы жағдайларды туғызу. Бұл-оқу мен балалар тәрбиесінің барлық жақтары күн режимін сақтаумен, нерв жүйесі мен бұлшық ет аппаратына түсетін ауырлықты
жасқа сәйкес нормалаумен, тұрмыс жағдайын дұрыс ұйымдастырумен, жақсы тынығумен тығыз байланысты болуы тиіс.