Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары


Балалар мен жасөспірімдерде қимыл сапаларын дамыту



бет7/32
Дата16.10.2023
өлшемі82,61 Kb.
#116640
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32
Байланысты:
УМК Окушылар физиол дамуы (1)

10. Балалар мен жасөспірімдерде қимыл сапаларын дамыту.
Қимыл дағдыларының сапалық белгісі- қозғалу жылдамдығы. Ол бір және көп рет қозғалудың жиілік жылдамдығымен көрсетіледі. Бұлшық ет топтары (қардың, кеуденің, санның т.б.) жиырылғанда бір рет қимылдау жылдамдығы 4-5-тен 13-14 жасқа дейін әдәуір артады, максималь мөлшерге 20-30 жаста жетеді. Қимылдар жылдамдығының әдәуір тез артуына дене жаттығулары көп көмектеседі. Бұл орталық нерв жүйесінің жұмыс мүшелеріне –бұлшық еттерге таралатын нерв импультары жылдамдығының өсуімен түсіндіріледі, жүгіргенде адым жылдамдығының артуымен дәлелденеді. Бірақ 12-13 жасар жасөспірімдерде жылдамдықтың төмендегендігі байқалады, жаттығулар жүргізілмесе, ол тұрақты бола бастайды. Төзімділік –бұл бұлшық ет топтарының қатты шаршамай, ұзақ дене еңбегін жеңуі қабілеттілігі. Төзімділік жасқа қарай өзгеріп отырады.


11.Мебельдің балалар сымбатына әсері.
Мектеп мебелінің сапсы балалардың жұмысқа қабілеттілігіне, сабақтағы мінез-құлқына ғана емес, сонымен бірге денсаулық күйіне де әсер етеді. Мектеп мебеліне гигиеналық және педагогикалық талаптарды сақтамау, өсуші организмде ауытқулардың дамуына мүмкіндік туғызады. Адамның дене және ой еңбегі әр уақытта белгілі жұмыс қалпымен байланысты. Оны дұрыс таңдау жұмыстағы жетістікті қамтамасыз етеді және шаршаудың басталуына кедергі жасайды.
12. Тірек-қимыл аппаратының бұзылулары және балалар жарақаттануынан алдын ала сақтану.
Оқушының партада тік отыруы организмдегі физиологиялық процестердің неғұрлым дұрыс өсуін қамтамасыз етеді, ал дұрыс отырмау еттің тез шаршауын туғызады. Қолайсыз сезімдерден құтылу үшін оқушы иіледі немесе бір жағына қисаяды. Отыруды ұдайы бұзу үшін тұрақты форманың өзгеруіне жеткізеді, онда сүйек-ет скелеті пропорцияларының қатынасы өзгереді және ішкі мүшелерінің қызметі бұзылады.
Балалардың тірек-қимыл аппаратының дамуында ең жиі ауытқитын омыртқа жотасының көкірек бөлігіндегі қисаюы болып табылады. Омыртқа жотасының қисаю себептерінің бірі-ұзақ уақыт дұрыс отырмаудың, бір қолмен ауырлық көтерудің киімді дұрыс таңдамау мен үйлесімді кимеудің т.б. салдарынан омыртқаның дөңес бұлшық еттің әлсіз болуы. Кейінгі жағдайда бала, белі бос шалбарды ұстауға мәжбүр болады, ал ол иықтың ассиметриясына және омыртқа жотасының қисаюына әкеледі, тар белдіктер жамбас мүшесі мен аяқтың қан айналысын бұзады. Бұл бұлшық ет қызметін шектейді және оларды әлсіретеді.
Омыртқа жотасы қисаюының пайда болуы себептері жалпы алғанда көп. Туа пайда болған омыртқа қисаюы 6 проценттей жағдайда кездеседі; оның себептері омыртқа жотасының жеткілікті дамымауы, олардың сына тәріздес болуы және скелеттің басқа да кемістіктері деп саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет