Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет22/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   142
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы - лаб. сабақ

Плазмалық мембрана немесе плазмолемма (гректің plasma - пішін,
lemma – қабықша) – мембрананың ерекше орын алатын қабаты. Оның 
қалыңдығы 7,5 нм.
Электрондық микроскоппен зерттеу жануарлардың жасушалық 
мембранасы бимолекуларлы (екi қатарлы) липидтi қабаттардан және 
ақуыз молекуласынан тұратынын анықтады (3-сурет). Плазмолемма 
шектеуші, тосқауылдық, тасымалдау, рецепторлық және таңдамалы 
ӛткiзгiштiк қызметтерін атқарады. Плазмалық мембрананың құрамында 
липидтер, белоктар, кӛмірсулар бар. Сондықтан да, оны липопротеидті 
мембрана деп атайды. Мембранадағы липидтер молекуласы бір-біріне 
параллель орналасқан, оны билипидті қабат дейді. Әрбір липид 
молекуласы екі бӛліктен тұрады: басы және өскіні (4-сурет). Бастары 
жасушаның сыртына және ішіне қарап орналасқан, гидрофильді..
Ӛскіндері бір-біріне қарама-қарсы орналасқан, гидрофобты 
Осындай билипидті қабаттан тұратын мембранада белоктардың орналасу 
тәртібі әртүрлі (3-сурет): 
1. Интегральді белоктар – билипидті қабатты тесіп ӛтіп, бойлай 
орналасады; 
2. Аралық белоктар - билипидті қабаттың ішінде орналасады; 
3. Шеткі белоктар - билипидті қабаттың ішкі және сыртқы 
беткейліктерінде орналасады. 
Плазмолемма басқа мембраналарға қарағанда холестиринге бай 
келеді, оның фосфолипидтерінде қаныққан май қышқылдары басым 
болады. Плазмалық мембрананың құрамында 30 жуық түрлі ферменттер 
анықталған, жиі кездесетіндері Na
+
және К
+
иондарымен белсенділігін 
арттыратын Mg-ге тәуелді АТФ-аза, сілтілі және қышқыл фосфатаза, 
аденилатциклаза, РНҚ-аза.
Аталған ферменттердің ішінде ең маңыздысы Na
+
және К
+
иондарымен белсенділігін арттыратын Mg-ге тәуелді АТФ-аза, ӛйткені 
иондардың плазмолеммадан ӛтуінде маңызды рӛл атқарады.


29 
Плазмолемманың ішкі бетіне жанасып цитоплазманың беткі бӛлігі 
немесе кортикалді қабаты жатады. 
 
Кортикалді қабатта органеллалар болмайды, оның есесіне 
цитоплазманың фибриллалық элементтері – микрофиламенттер мен 
микротүтікшелер кӛп кездеседі. Кортикалді қабат жасуша бетіндегі түрлі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет