Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі


Кластан тыс оқу формасына



бет68/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   81
Кластан тыс оқу формасына оқушылардың әрекеттерін сабақ кестесінен тыс жерде оқу бағдарламасына сәйкес, оның мақсаттары мен мазмұны бойынша ұйымдастыру жатады. Орындалатын тапсырманың көлемін мұғалім анықтайды. Тапсырмалар мұғалімнің басшылығымен немесе өзбетімен орындалады. Оның қорытындысын міндетті түрде сабақта белгілі бір формада тексеру қажет. Мұндай оқу формасына оқушылардың бақылау күнделіктеріндегі берілген тапсырма бойынша фенологиялық бақылауларын, қойған тәжірибелерін, мысалы бидай дәнін өсіру, пиязды стақандағы суға салу т.б., қосымша әдебиеттерді, хрестоматиядағы берілген қосымшаларды мұғалімнің ұсынысы бойынша оқу т.б.
Сабақтан тыс оқу формасына үй тапсырмасын орындау да жатады. Үй тапсырмасы сабақта өтілген материалды мазмұны бойынша толықтырады. Үйде оқушы сабақта үлгермеген тапсырмаларды орындап, оқу материалын қайталайды, өткен сабақтағы материалдармен байланысын анықтап, келесі сабаққа тірек білімін қалыптастырады.
Мұғалім сабақта үй тапсырмасының қалай орындалатынын түсіндіріп, ол бақылау болуы мүмкін, онда бақылауды қалай жүргізу керектігі, табиғатқа зиян келтірмеу жақтары, бақылау нәтижелерін қалай жазу керектігі түсіндеріледі Оқулықтағы тапсырмалар болса, оларды орындау жүйелігі айтылады. Сабақтағы үй тапсырмасын беру кезеңінің мәні үлкен, оған арнайы уақыт бөлініп, тапсырманы қалай, қайтіп орындау түсіндіріледі. Осы тапсырмаларды өз бетімен орындау арқылы оқушылар өздігінен жұмыс істеуге үйренеді, сабақта мұғалімнің айтып түсіндіргені мен оқулықтағы материалдың арасындағы байланысты табады. Үйге кейбір кестелерді толтыру, суреттерді салу, сызбаларды сызу сияқты тапсырмалар да беріледі.
Үй тапсырмасының орындалу қорытындысын сабақта тексеріледі. Дұрыс ұйымдастырылған үй тапсырмасы сабақтағы оқу жұмысын жеңілдетеді.
Сабақтан тыс жұмыс дүниетануды оқытудың негізгі бір формасы болып табылады. Бұл жұмыстардың үш түрі бар:

  1. Жеке

  2. Топтық

  3. Көпшілік

Жеке түрінде мұғалім осы пәнге қызығушылығы бар
оқушымен жұмыс жүргізеді. Егер оқушының үйінде тордағы құс, аквариум, тордағы кішірек сүтқоректілер немесе бөлме өсімдіктері өсірілсе, онда мұғалім оқушымен жеке жұмыс жүргізеді, аталған объектілерге байланысты әдебиеттерді нұсқап, қалай бақылау жүргізілетінін, жануардың Отаны, аты, қандай жағдайда тіршілік ететінін оқып білу жұмыстары тапсырылып, сабақтан тыс уақытта оқушымен жүргізілген жұмыстары жайлы әңгімелесіп, оқушы жұмысына бағыт беріліп, бақылау нәтижесі тексеріледі.
Топтық түрінде пәнге қызығушылығы бар оқушылар анықталып, олармен жоспарлы түрде жұмыс жүргізіледі. Оқушылар саны 15-тен аспағаны дұрыс, көп оқушы саны мұғалімнің жұмысын қиындатады. Тақырыбы таңдалып, күнтізбелік жоспары құрылады. Мысалы: ''Табиғат толғаулары'' үйірмесі, оның жұмысын айына бір рет жоспарлауға болады, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады.



Реті

Жұмыстың мазмұны

Жұмыс түрі, жабдықталуы

Уақыты

Жауапты

1.

2.
3.


4.
5.
6.

7.

8.
9.


Сен білесің бе? Әлемде талай қызық бар
Табиғат жайлы өлең, әндерге, күйлерге, шығармаларға шолу

Кел, ойнайық, ойлайық


Халық даналығын үйренейік


Қазақстанның Қызыл кітабына көз жүгіртейік


Экологиялық толғаулар
Көкөністер, дәнді дақылдар, техникалық дақылдар жайлы білімімізді толықтырайық.

Көктемді тамашалайық


Бір жылдық жұмыс қорытындысын шығару, мектеп үлескісінде гүл отырғызу



хабарлама, кітаптар көрмесі

Әдеби-музыкалық отырыс


Ребустар, викторина, жұмбақтар,сөзжұмбақтар


Халық болжамдары


Қызыл кітап беттерінен суреттер көрмесі, буклет, Қ.Мырзалиев


''Қызыл кітап'' поэмасы
Топшалардың а) атмосфера
ә) топырақ
б) су
в) биосфера жайлы мәліметтері, альбомдары, концерттік бағдарлама
Дөңгелек үстел басындағы сұбхат, альбом, гербарийлер
Танымжорық
Гүл көшеттері, құралдар

8. 09
19.10

17.11
18.12


19.01
16.02

19.03

18.04
14. 05


Үйірме жетекшісі
Үйірме мүшелері
Үйірме мүшелері

Үйірме мүшелері


Үйірме мүшелері


Үйірме мүшелері


Үйірме мүшелері
Үйірме мүшелері

Үйірме мүшелері



құстар асханасын ұйымдастыру, тазалау жұмыстары т.б. жатады. Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты


оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, сабақта алған білімдерін сабақтан тыс жерлерде пайдалана алуын, табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу. Осындай жұмыстардың мысалы ретінде 4 класта ''Орман өсімдіктері мен жануарлары. Орманды қорғау'' тақырыбын өткеннен кейін сабақтан тыс уақытта өткізілетін жұмыс ''Жасыл желек тынысымыз'' тақырыбындағы ток-шоуды келтірейік: ''Жасыл желек, тынысымыз''


Жер бетінде, биосферада, жеке ландшафтарда экологиялық тепе- теңдікті сақтауда орман экожүйесінің рөлі үлкен. Орман экожүйесінің маңызы көптүрлі, ал оның бүгіні көпшіліктің орманды сақтау бойынша шараларды қабылдауын талап етеді.
Сондықтан ток-шоу оқушыларда орман экожүйесінің биосферада және адам өміріндегі рөлін түсіне білуге көмектеседі, осы мысалдар негізінде табиғатты тиімді пайдалана білумен таныстырады.
Ток- шоу мазмұнында жергілікті жердегі орман жағдайы туралы деректер кеңінен енді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет