а) тақтадағы тірек сызбасымен жұмыс. Оқушылардан адамның қандай сезім мүшелері болатындығы сұралады.Жеке- жеке әрбір сезім мүшесіне тоқталып, адамға олардың қандай қажеттігі бар екендігін айтқызу.
ә) Оқулықтағы ''Адамның сезім мүшелері'' тақырыбындағы суреттермен жұмыс жүргізу.
б) Дәптермен жұмыс. Дәптерге сезім мүшелерінің суреттерін шартты белгілер арқылы сызғызу.
в) Сезім мүшелеріне жұмбақ жасыру. Бір таудың екі жағына,
Екі қалқан жабысқан.
Жақын барсаң маңына,
Сезе қояр дыбыстан. (Екі құлақ)
Үңгір түбінде жалбырап,
Өсіп тұр жалғыз жапырақ. (Тіл)
Жылтыр қара, мөлдір қара
Сасық қурай, шешен сырнай.
Сүтті құдық, сүйір төбе (Көз, мұрын, ауыз, иек)
Жағасы құрақ,
Мөлдір суат. (Көз)
Мөлдіреп екі көл жатыр,
Ортада дөңес бел жатыр. (Мұрын мен Көз)
ІУ. Бақылау дәптерімен жұмыс. Бүгінгі күннің ауа райын дәптерге шартты белгілер арқылы белгілеу. Желдің болуы немесе болмауын әртүрлі белгілер арқылы анықтай білу, оның бағытын дәптерге жазғызу. Осы күнгі аспанның қалпын шартты белгілер бойынша қағазға түсіру. Жауын- шашынның болу- болмауын бақылау, дәптерге белгілеу.
Осы шартты белгілерді қағазға түсіріп болған соң, бақылағандарын тақтаға дайын шартты белгілер ішінен таңдап алып, жазғызу.
Табиғат құбылыстарына байланысты жұмбақтар жасыру.
Бұлттар төніп, Жерге шөгіп, Дымқыл тұман басады. Шөп сарғайып, Өңі тайып, Дала сұры қашады. Бой жаза алмай, Ойнай алмай, Денең мұздап, тоңады. Айтыңдаршы, бөбектерім, Бұл қай кезде болады? (Күз)
Ш. Ахметов
Мөлдіреген жүзімді, Ұстап едім, езілді. (Шық)