Жүргізуші. Қандай жағдайда, сөйтсе де орманды отырғызу керек?
Орманшы. Орман толық жойылғанда отырғызуға болады. Орманды отырғызу қымбат жұмыс, қазір орманның көп бөлігі өртеніп кетті, оларды өртенген ағаштардан міндетті түрде тазалау керек, өлген ағаштар зиянкестердің мекені. Кесілген жерлерге қайыңдар отырғызылуда. Орманшылар аралас ағаш түрлерін отырғызуды дұрыс деп шешеді, олар зиянкестерге тұрақты болады.
Жүргізуші Жойылған ормандарды қалпына келтіруде қандай жұмыстар жүргізілуде?
Орманшы. Қазір орманды қорғауға үлкен көңіл бөлінуде. Жойылған жерлеріне жаңа ағаш өскіндері отырғызылуда, оған қаламыздағы кейбір мектептер мен биологиялық орталық ат салысуда. Олар ағаш өскіндерін тұқымнан өсіруде ( 38 мектеп).
Орманшылар саны қаржының жоқтығынан қысқартылып қалған болатын. Өте үлкен ауданға бір орманшы аз. Сондықтан орманды кесушілер мен орманда өрт тудырушылар да көбейіп кетті.
Бұрын орманды ұлғайту мен қалпына келтіруде көптеген орман шаруашылықтары қатысқан еді, атап айтқанда ''Жыланды'', ''Семеновка'', ''Қайыңды'' т.б. Қазір бұл жұмыстар тарылып отыр.
Жүргізуші Сонымен ормандар жайлы, оның жағдайын нашарлататындар- адамдар екенін білдік. Орманды сақтап қалу үшін экологиялық нормативтерді білу керектігі, кесу, аулау, т.б. шегі бар екендігі айтылды. Сөйтсе де, болашақта Қазақстан Республикасында қандай міндеттерді шешу керек?
Орман шаруашылығы министрлігінің өкілі Менің ойымша орманды пайдалануды тәртіпке келтіру үшін маңызды төрт міндетті шешу керек.
Біріншіден, аса бағалы ормандағы ағашты артық кесуді тоқтату керек. Жоғарыда айтылып өтілді, ағашты кесу экологиялық сауатты жүргізілуі керектігі.
Екіншіден, тау ормандарының статусын өзгерту қажет. Қазақстанда олар көп, Алтай, Тянь-Шань, Сауыр-Тарбығатай, Жоңғар Алатауында. Ол ормандар екінші топқа жатады, оларда ағаш кесу белсенді жүргізілуде. Таулардан көптеген өзендер басын алады, сондықтан тау ормандарын бірінші топқа ауыстыру керек. Ол тау экожүйесін, флора мен фаунасын қоса, тұтас сақтап қалуға көмектеседі. Көптеген елдерде Швейцария, Австрия, АҚШ-да барлық тау экожүйесі ұлттық парктер мен қорықтар статусын алған. Ондай жерлер Қазақстан тауларында аса үлкен емес аудандарды қамтиды: Марқакөл, Батыс Алтай, Ақсу –Жабағылы, Алматы қорықтары.Олардың аумағын кеңейтіп, тұтас тауларды қамтыған дұрыс болар еді.
Үшіншіден, орман және ауыл шаруашылығы қатынасын реттеу керек. Орман ауылға көп жем- шөп береді., бірақ осы жерлерге мал жаю үлкен зиянын тигізеді. Сондықтан аса бағалы емес орман аудандарын жайылымға беруге болады.
Төртіншіден, дайындалған ағаштың қолданылу коэфициентін көтеру қажет. Бұл жөнінде сөзді Ағаш өңдеушіге бергім келеді.
Ағаш өңдеуші. Әріптесім дұрыс айтады. Жапондықтар кесілген ағашты 100 процентке пайдаланады. Бізде небәрі 60 процент. Біз ағаштың жартысынан көбін жоғалтамыз, қабығын, жапырағын. Кесілген кезде ортаны ластау, қоқырлар қалдыру орманға қандай зиян әкелетіні айтылды. Ағаш өңдеу шаруашылығында түбегейлі өзгерістер жасау қажет, ол ағашты пайдалану коэфициентін 90 процентке дейін көтерер еді. Төменгі сапалы ағашты өңдеу өнеркәсібі орман шаруашылығында орналасу керек, осы жерден дайын өнімдерді шығаратындай етіп.
Жүргізуші. Өте дұрыс айтылды. Орманның берерін ұқыпты пайдалану керек. Мен көрермендерден ағашты тиімді пайдалану жөнінде- макулатураны пайдалану жайлы айтуларын жөн көріп тұрмын. Қағазды қайталап пайдалану нәтижесінде орманды қорғауға болатыны жөнінде кім айтып берер еді?
Көрермен. Макулатураны қайта өңдеу ағашты пайдалануды азайтады, 20 кг макулатура бір үлкен ағашты, ал 1 тонна макулатура 0,5 гектар орта жастағы орманды сақтайды.