Жүргізуші: ҚР-ның ормандары ағаш түзу сипатына қарай негізінен қандай топтарға бөлінеді? Бұл сұраққа жауапты көрермендер де толықтыра алады.
Көрермен(9). ҚР-ның ормандары келесі типтерге бөлінеді: қылқан жапырақты, ұсақ жапырақты және жағалау ағаштары.
Жүргізуші.Осы ормандардағы негізгі ағаш түзушілерді атаңыздар.
Көрермен(10). ҚР ормандарының 9 млн гектары ғана нағыз ағаш орманы. Жалпы орман 26 млн гектар болса, жартысынан көбін сексеуіл орманы алады. Қарағай, қайың, шырша, тал, терек, емен, жеміс ағаштары т.б.
Қылқан ормандары- шырша, қарағай, балқарағай, майқарағай Қазақстан республикасының солтүстік шығысы мен шығысында, оңтүстік шығыс өңірлерінде.
Жапырақты ормандарда емен, терек, қайың өседі, ол солтүстікте.
Ұсақ жапырақтылар- қайың, тал, сексеуіл солтүстік пен орталық, орталық пен шығысқа, орталық пен оңтүстікке созылып жатыр. Тау беткейлерінде де кездеседі.
Өзен аңғарларының орман- тоғайлары. Оларды бұталар, тал, терек ағаштары құрайды.
Жүргізуші. Біздің облыстың орман ресурстары қандай?
Орман шаруашылығы министрлігінің өкілі. ШҚО-да негізінен қарағайлы орман өседі. Ал ұсақ өзендер бойында жапырақты тоғай шоғырланған, онда тал, терек, мойыл, ағаштары кездеседі. Орман Алтай тауы беткейінде және тау аңғарларында, Тарбығатай тауларының аңғарларында кездеседі. Сексеуіл ағаштары облыс жерінде жоқтың қасы. Республикадағы тау ормандарының 45 проценті ШҚО орналасқан.
Жүргізуші. Ормандардың шаруашылық топтарын әңгімелеңіз?
Орман шаруашылығы министрлігінің өкілі Шаруашылық және биологиялық маңызына қарай ормандарды үш топқа біріктіреді:
І топ- қорғаныс ормандары. Олар өзен жағалаулары, елді мекендердің айналасында және тас, темір жолдардың шеттерінде, қорықтар мен ұлттық парктерде орналасқан. Ондай жерлерде ағаш кесуге рұқсат етілмейді.
ІІ топ- пайдаланылатын- қорғаныс ормандары. Бұл ормандар тау аймақтарын бүркеп жатады. Оларда ағаш кесуге шектелген.
ІІІ топ- пайдаланылатын орман. Экологиялық нормаға және бекітілген жоспар бойынша кесілетін ағаш саны ағаштың табиғи жылдық өсіміне сәйкес келуі керек. Өкінішке орай ҚР-сында кесілетін ағаш мөлшері үлкен.