Жүргізуші. Неге олай, ағаштың жетіспейтіні жайлы жиі естиміз?
Орман шаруашылығы министрлігінің өкілі. Ағаш кесушілер ормандағы бағалы ағаштарды кеседі, ең бастысы қылқан жапырақтыларды, әсіресе жолға таяу орналасқандарды. Ал жолдан әрі орналасқан, аса құнды емес тұқымдар тамырынан қартаяды.
Жүргізуші. Ағаш өңдеушінің пікірін тыңдайтын да уақыт жетті.
Ағаш өңдеуші. Бізде ағашты тұтынатын ағаш өңдеуші кешен, ол құрылыс материалдарын шығарады: тақтай, бөрене. Міне, ағаштың жетіспеуі осыдан шығады, ал төмен бағалы ағаш бізде көп. Тамырынан қурайтын ағаштар бізде іс жүзінде пайдаланылмайды. Өскеменде, Семейде, Зырьянда, Ридерде ағаш өңдейтін комбинаттар бар, олар: есік, терезе, жихаз жасайды. 1941 жылы Семейде қағаз- картон ыдыстарын жасайтын комбинат құрылды. Қазір ол ''Каполиграф'' АҚ болып қайта жабдықталды. Семей шпал заводы ағашты пайдаланады.
Жүргізуші. Осылай қурап жатқан ағашты пайдалану үшін не істеу керек?
Ағаш өңдеуші. Орман-химия шаруашылығын дамыту керек, таза тақтайды жоңқа немесе ұнтақтан престеп жасаған бөлшектермен ауыстыруды үйрену керек.
Жүргізуші. Рахмет. Барлығымыз бірге республика, облысымыздағы ормандарымыздың ерекшеліктерін талдайық.
1- сұрақ: табиғи орманымызда кездесетін он түрлі ағашты атаңдар.
Көрермен(11).Қарағай, тал, шырша, терек, қайың, қарағаш, емен, үйеңкі, шегіршін, бәйтерек.
Жүргізуші. Енді дәрілік өсімдіктерді атайық.
Көрермен(12) Мыңжапырақ,түймедақ, жолжелкен, өгейшөп, мия, ермен, жалбыз, арша, рауағаш, у қорғасын, меңдуана, ошаған, қына, меруертгүл т.б.
Жүргізуші. Біздің ШҚО ормандарында қандай кәсіптік аңдар, құстар тіршілік етеді?
Көрермен(13) Меңіреу құр, ақ құр, шұбар құр, қырғауыл, кептер, тоқылдақтар, лашын, сұңқар, құмай, торғайлардың алуан түрлері. Су жағасындағы тоғайларда –камшат, орман сусары, бұлан, бұғы, құдыр, бұлғын т.б.
Жүргізуші. Біз ормандарымыздың ботаникалық құрамы, ормандардың қазіргі жағдайы, алып жатқан мөлшерімен таныстық. Енді ормандарымызды жоятын негізгі факторларды анықтайық, оның бір мысалын қарастырдық, яғни жол жиегіне таяу орналасқан ағаштардың кесілуі де, алыстағы бағасы төмен ағаштардың аз кесілуі жайлы естідік. Ал адам әрекетінен ормандарымыз тағы да қандай аурулармен ауырады?
Көрермен(14)Орманға ауыл шаруашылық малдарын жаю да үлкен зиянын тигізеді. Олар жас өскіндерді сындырып, топырақты таптап, тығыздайды, ағаштардың жаңаруына кедергі жасайды. Нәтижесінде еңкіш жерлерде топырақ эрозиясы басталады. Топырақ тапталса, орман құрғайды, ағаш бастары қурайды. Ағаштардан құстар кетіп қалады.
Көрермен(15)Белгіленген мөлшерден көп дәрі- дәрмектік өсімдіктерді жинау, кәсіптік жануарларды шамадан тыс аулау орманға зиянын тигізеді. Популяцияда бір жылда санын қалпына келтіре алатын жануарлар санын ғана аулауға болады. Мысалы бұлғынның жалпы санының 20 процентін ғана аулауға болады.
Көрермен(16)Орманға үлкен зиян әкелетін- өрт. Олар әсіресе құрғақ ауа райында қылқан ормандарда өте қауіпті. Өрттен кейін орман қайыңмен ауысады, олар өрт орнына қоныстанады. (Өрт туралы видеофильм)
Жүргізуші. Ағаш басына жетпейтін , төменгі жақта болатын өрт пайдалы, жер бетінде жатқан төсеніштің жанып кетуінен қылқан жапырақтылар тұқымдары өне алады.''Орманның тағы қандай ауруларын'' білесіңдер?