Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет146/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   168

ТЫШҚАНШЫҚ... Аяқ астынан т ы ш 

қ а н ш ы қ тигендей оның танауы дəлдие 

қалды (М.Разданұлы, Алтай., 327). «Т ы ш



қ а н ш ы қ» болған жылқының күре тамы-

ры  тұсындағы  шықшыт  безі  ісінеді.  Бұл 

ісік  көбінесе  аш  малдың  еті  қызып  келіп 

суық су ішкенінен пайда болады (Алматы 

ақшамы, 13.11.1991, 3). Т ы ш қ а н ш ы қ

шыққан  малды  қозғалтпай  ұстап  тұрып 

ісікті  бізбен  тіліп,  безді  қиып  жіберсе 

болғаны (Бұл да). 



ТЫШҚАНШЫЛ  с  ы  н.  Тышқан  ау-

лағыш, тышқанға ғана əлі жеткіш. Қазақ 

«Қасқыр қартайса, т ы ш қ а н ш ы л бола-

ды» дейді ғой (С.Рахымбек, Айдында., 216).

ТЫШУЫР з а т. Ұшы құстың қиғаш-

тап кесілген қауырсыны сияқты қуыс бо-

лып келген құрал. Т ы ш у ы р – ұшы үшкір,

іші  қуыс  құрал  (Х.Арғынбаев,  Қаз. 

ер-тұрман, 175).

ТЫШЫРАҚАЙ с ы н. ж е р г. Тұштаң-

дап қалған, тынымсыз, мазасыз. «Райым-

ның»  т  ы  ш  ы  р  а  қ  а  й  ы  есіне  түсті. 

Ол қазір қамау судың балығына белшесі-

нен  батып  жатқан  болар  (Ə.Нұрпейісов, 

Соңғы., 55).

ТІЗ:  Тіз  тұр.  Сауылатын  мал  дұрыс 

тұрмаған кезде айталатын ишарат сөз. – 

Т і з  т ұ р, қарасан келгір! (Б.Дəулетбаев, 

Парыз, 196).



ТІЗБЕ  з  а  т.  Ұстаған  балықты  тізіп, 

алып жүретін құрал. Түске дейін т і з б е 

л е р і м і з үлкенді-кішілі балыққа толып 

қалды (Қ.Омарұлы, Əке, 179). Қармақтар 

иықта, т і з б е л е р қолда (Бұл да, 180).

ТІЗГІН:  Тізгін  ұшымен  жетті... 

Дулайтыдағы Қопа т і з г і н  ұ ш ы м е н 



ж е т с е, билер 30-40 балуанды кезек-ке-

зек күрестіріп жатыр екен (М.Разданұлы, 

Алтай., 146).

ТІЗГІНДЕУЛІ...  2.  а  у  ы  с.  Аяқ-қолы 

байлаулы,  шектеулі,  еріктен  айырылған

Бірақ ол заманда халық бұқарасының алып 

күші т і з г і н д е у л і, матаулы болатын 

(Қаз. əдеб., 21.07.1972, 3).



ТІЗГІНСІЗ  с  ы  н.  Тізгіні  жоқ,  тізгін 

тағылмаған (жүген). Т і з г і н с і з, сағал-

дырықсыз,  кеңсіріксіз,  шаужайсыз  жүген 

болуы  мүмкін,  бірақ  ауыздықсыз  жүген 

болмайды (Ата салты., 107).



ТІЗЕБАУ  з  а  т.  Бесіктегі  баланың 

тізесінің үстін бастыра байлайтын бау

Баланың  кеуде  тұсынан  жəне  тізеден  ба-

стырып  қою  үшін  шүберектен  əдемілеп 

сырыған жалпақ қолбау жəне т і з е б а у 



610

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

жасалады (Х.Арғынбаев, Қаз. халқы., 79). 

Бесік жабдықтары: жөргек, жастық, бесік 

көрпе, қолбау, т і з е б а у, түбек, шүмек 

т.б. (А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 1, 10).

ТІЗЕКТЕТ е т. с ө й л. Тыным таптыр-

мау, шырқ иіру. Өзі де ырза бола алған жоқ. 

Т і з е к т е т і п, əуел бастан-ақ елді алдына 

салды (М.Əуезов, Қилы заман, 35).



ТІЗЕКТЕТУ  Тізектет  етістігінің 

қимыл атауы. 

ТІЗЕКІ  з  а  т.  Ұстаған  балығын  ті-

зіп  алып  жүретін  кішкене  ғана  талшы-

бық;  тізбе.  Талдан  жасалған  т  і  з  е  к  і

с  і  н  е  желбезегінен  ілген  балықтарын 

көрсетіп мақтанып жатыр (Қ.Қараманұлы, 

Ай куə, 28).

ТІЗЕРЛЕН  е  т.  Тізерл еп  отыру, 

тізесімен отыру. – Кім қорықпайды дейсің, 

мазаны  кетіріп-ақ  тұр  ғой, - деп,  Жамақ 

шыға қашуға ыңғайланған адамша т і з е р 

л е н і п алды (Б.Майлин, Таңд., 215).

ТІЗЕРЛЕНУ  Тізерлен  етістігінің 

қимыл атауы.

ТІЗЕШЕ ү с т. Тізе сияқты, тізе тəрізді. 

Пештің тұлабойы т і з е ш е бүгілген жуан 

түтіктер (Ғ.Мұстафин, Жиырма бес, 26).

ТІЗКИІМ з а т. ж е р г. Ішкиім. Қоян 

жүрек қорқақтығы үшін басына əйелдердің 



т і з к и і м і н орап, бетіне күйе жағып, ел ал-

дында масқараға ұшырайды (Ə.Кекілбаев, 

Үркер, 78).

Тізкиім  байламақ.  э  т  н.  Ұлттық 

ойындардың  бір  түрі.  Ата  қазақтың  қыз 

бен жігітті табыстыру үшін ойлап тапқан 

ойындарының  неше  түрі  қайта  тірілді 

бұл  кештерде: «Хан  қалай», «Орамал 

тастамақ», «Сақина  салмақ» ... Қойшы,

«Т і з к и і м  б а й л а м а қ т а н» өзгесі 

тегіс ойналды (М.Мағауин, Қиянда., 92). 

ТІЗКИІМШЕҢ  с  ы  н.  Үстінде  тек 

тізкиімі  ғана  бар;  ішкиімшең.  Соған  ба, 

жоқ  ұрының  айдай  жұрттың  алдында  ақ 

бөзден ауын салақтатып шұбалтып тіккен 

т і з к и і м ш е ң қалғанына ма, біреулер 

мырс-мырс  күліп  жіберді  (Ə.Кекілбаев, 

Елең-алаң, 160).

ТІЗОҚ з а т. к ө н е. Садақ оғының бір 

түрі. Автордың бұрын аз қолданылып не-

месе  тіпті  қолданылмай  келген:  бұлғақ, 

түзем,  күрен,  тастеке,  т  і  з  о  қ,  кезоқ, 

əңдіген,  томароқ,  доғалоқ  деген  сөздері 

тарихи романның көркемдік əрін ашып тұр 

(Қаз. əдеб., 02.04.1982, 7).



ТІЗІМ:  Тізімі  бүктелгендер.  ж  е  р  г.

Тізім  бойынша  шақырылғандар.  Сөз 

тізгінін ұстаған жез таңдай шалдауыт, өзі 

келгендер мен т і з і м і  б ү к т е л г е н 

д е р д і қақылдап атады (К.Мұқажанұлы, 

Ортеке, 25). 



ТІК:  Тік  жаға.  Қайырылмай,  тік 

тұратын жаға. Еркек жейделерінің қақпақ 

жаға, т і к  ж а ғ а деген сəндік үлгілері бар 

(К.Толыбаев, Бабадан., 226).

ТІКБАҚАЙЛЫҚ  з  а  т.  Іске  қыры 

жоқтық, иіге алмаушылық. Бірақ мен оның 

ондай т і к б а қ а й л ы ғ ы н онша дəріптей 

алмаймын (Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 451).

ТІКЕНЕК:  Тікенек  сым.  Ілмегі 

(тікенегі)  бар,  керіп  қойған  сымтемір

Жеті қатар т і к е н е к  с ы м н ы ң арғы 

жағындағы түрмедегілер де тап біз секілді 

таң атар-атпаста жұмысқа шығар (М.Байғұт, 

Бала бұлақ, 74). Жанымыздағы жеті қатар 

т і к е н е к  с ы м н ы ң арғы жағындағы 

түрменің  адамдары  да  жұмыстан  қайтып 

бара жатады (Бұл да, 77).

ТІКЕНЕКТЕН  е  т.  Тікенек  шығу, 

тікенек  қаптап  кету  (Т.Иманбеков,  Тұт 

ағашы., 22).



ТІКЕНЕКТЕНУ  Тікенектен  етіс-

тігінің қимыл атауы.

ТІКЕНЕКТІ с ы н. Тікенегі бар, тікенегі 

көп.  Т  і  к  е  н  е  к  т  і,  бұдырлы  жалпақ 

даланың  белесті,  адырлы  бөктерлерін 

де  күншуақты  пайдаланып  жайылымға 

шыққан  үйір-үйір  киік  қарақұйрықтар 

көрінеді (І.Есенберлин, Шығ. жин., 1, 189). 

Өйткені жүн күзеу кезінде түйелер жыңғыл 

мен түзгін өскен жерлерге жайылатын бол-

са, бұтақты, т і к е н е к т і шөптер түйенің 

балақ жүндерін іліп алып қалады (Қазақст. 

ауыл шаруаш., 1971, №4, 49).



ТІКЕНЕКШІЛ с ы н. Тікенді, тікенекті 

сүйіп  жейтін.  Мұны  ешқандай  мал  да 

жемейді. Т і к е н е к ш і л түйе екеш, түйе 

де жемейді (Р.Райымқұлов, Жапанда., 234).

ТІКЕНҚУРАЙ  з  а  т.  б  о  т.  Үстін 

тікен  басқан,  биіктігі 50-150 см-дей, 

көпжылдық  қурай.  Соның  салдарынан 

таулы  егістіктерде  арамшөптер,  əсіресе 

қара сұлы мен жабайы сурепка, т і к е н 

қ у р а й өте көп тараған (К.Боранғазиев, 

Жемшөп., 24). Алайда  шырмауық,  т  і  к 



е н қ у р а й, ақтікенше сияқты терең та-

мырлы  арамшөптерден  арылтуға  қазіргі 

қолданылып  жүрген  агротехникалық 


611

Байынқол Қалиев

шаралар  көңілдегідей  нəтиже  бермей 

келеді  (Қазақст.  ауыл  шаруаш., 1971, 

№1, 20). Тəжірибе  участоктарындағы 

арамшөптердің  негізгілері:  шырмауық, 

қызылқұйрық,  жусан,  алабота,  т  і  к  е  н 



қ  у  р  а  й,  ақтікенше,  қаңбақ  (Қызыл  ту, 

24.09.1970, 4)..



ТІКЖАРМА з а т. Қайтыс болған адам-

ды жерлеудің бір тəсілі. Мұсылман көрінің 

үш  түрлі  қазылу  жолы  бар.  Олар:  ақым, 

лақат, т і к ж а р м а. Біздің қазіргі қазып 

жатқанымыз осы т і к ж а р м а (Ана тілі, 

27.11.2008). Т і к ж а р м а көбіне құмды, 

тасты  жерлерде  қолданылатын  əдіс.  Құм 

сусып  түсіп  кетпесін  деп  қабырғаларын 

кірпішпен,  қамыспен  өріп  шығарады

(Бұл да).

ТІККІШТЕ е т. Қайта-қайта тіге беру, 

жиі тігу (А.Сүлейменов, Бесін, 146)..

ТІККІШТЕУ  Тіккіште  етістігінің 

қимыл атауы.

ТІКҚҰЛАҚ  з  а  т.  з  о  о  л.  Қосаяқтар 

тұқымдасының бір түрі. Қосаяқтардың 30 

түрі бар. Мұның 14 түрі, əсіресе ергежейлі, 



т  і  к  қ  ұ  л  а  қ,  үшсаусақты  қосаяқтар 

Қазақстанның шөл жəне далалы жерлерінде 

тіршілік етеді (Қазақст. жануар., 39).

ТІКПЕТАБАН с ы н. Табаны тігілген 

(аяқкиім). Ұлтаны қалың, т і к п е т а б а н

туфли (М.Мағауин, Таңд. шығ., 1, 163).



ТІКТЕЛІҢКІРЕ  е  т.  Бойын  тік 

ұстаңқырау,  аздап  тіктелу.  Көпшігімді 

кереует арқалығына қарай ысырып, т і к



т е л і ң к і р е п жаттым (Қ.Қараманұлы, 

Ай куə, 80). Елекең екі қолын тізесіне тіреп,



т і к т е л і ң к і р е п алды да, даусын көте-

ре  түсіп  əңгімесін  жалғастырды  (Жалын, 

1974, №1, 81).

ТІКТЕЛІҢКІРЕУ  Тіктеліңкіре  етіс-

тігінің қимыл атауы.

ТІКІШЕК  з  а  т.  а  н  а  т.  Тоқішіек  пен 

жалғасып жатқан түзу ішек; көтенішек

Ат тоқтай мінілуінен несеп жолы мен т і к



і  ш  е  г  і  бітеліп,  қарны  кеуіп,  тырсылдақ 

ауруына  шалдығады  (Ер  қанаты, 199). 

Ал қорыту органдарының жүйесіне: ауыз 

қуысы, жұтқыншақ, өңеш, жемсау, ұлтабар, 

он екі елі ішек, ащыішек, соқырішек, т і к 

і ш е к кіреді (Құс өсіруші, 91).

ТІЛ:  Тіл  тиегін  ағытты.  Шешіліп 

сөйледі. Түйткілсіз көңіл т і л  т и е г і н 

а ғ ы т т ы ма, өзімді еркін ұстап, еркін 

əзілдестім  (З.Шашкин,  Доктор  Дарханов, 

16).  Ол  да  менің  əр  жерімді  бір  басып 

түрткілеп, т і л  т и е г і н  а ғ ы т қ ы с ы 

келеді (Бұл да, 40).

Тілі  аузына  сыймады.  Қатты 

шөлдеді, шөліркеді. Қарның ашып, көзіңнің 

қарайғаны, т і л і ң  а у з ы ң а  с ы й м а й

шөлдегенің – бəрі-бəрінің  де  қарымтасы 

бір сəтке өтеліп, жанкешті кəсібіңнің аза-

бы  қолма-қол  ақталғандай  сезінерің  бар 

(К.Сегізбаев, Жап-жасыл., 4).



Тілі күрмелді. Сөйлей алмай қалды, үн 

шығармады. Сөз десе судай ағатын небір 

шешендердің т і л і  к ү р м е л і п қалған 

сияқты (М.Мəжитов, Аманғали, 78).

Тілін  сүйреңдетісті.  Əңгіме  қылды, 

өсек  айтты;  тілін  безеді.  Ал  өзгелері

т і л д е р і н  с ү й р е ң д е т і с і п жатыр 

(А.Мекебаев, Алапат, 26).



Тілін тістеді. Аузын жапты, үндемеді, 

үнін  шығармады. – Е,  балам,  бізде  не 

қылған жағдай, т і л і м і з д і  т і с т е п

күнелтіп  жүрміз  ғой  (Қ.Əбілқайыр,  Те-

кес., 79). Еркің  қайда,  Сертің  қайда?  Ең 

шешуші кез келгенде, т і л і ң  т і с т е п 

тұрып қалдың. Еңселім деп ойлаушы едім, 

Еркелеуші  ем  ерге  балап,  Ең  шешуші 

кез  келгенде  Тұрып  қалдың  жерге  қарап 

(М.Шаханов, Мəңгүрт., 100). 

Тілін  шайнап  сөйледі.  Таза  (анық) 

сөйлей алмадыТ і л і н  ш а й н а п  с ө 

й л е й т і н. Аздап бақай қулығы да бар 

(Б.Майлин, Таңд., 339).



Тілінің бізін қадады. Тілімен түйреді, 

тілдеді,  боқтады.  Сəл  аз  дегені  болмай 

қалса жүрген жерінде т і л і н і ң  б і з і н 



қ а д а п, жүйкеңе ойнайды (Жалын, 1974, 

№1, 10).


Тілінің тікені [уыты] бар. Біреуге тілін 

тигізе  сөйлейтін,  тілін  сұғып  алатын, 

қыршаңқы  тілді  (адам).  Бұл  ауылдың 

адамдары т і л і н і ң  т і к е н і  б а р

екі  ауыз  сөзбен  екінің  бірін  шалқасынан 

түсіретін  сөзуар  жандар  болып  келетін-

ді  (Ж.Əлмашұлы,  Тар  дүние, 138). Егер 

жалғыз өзіңе тəртіп орнату қиынға түссе, 

өзің сияқты беделді, т і л і н і ң  у ы т ы 

б  а  р  ақсақал  адамдарды  көмекшіге  ал 

(Ұ.Доспанбетов, Шығ., 4, 190).



Тіліңе  күйдіргі  шыққыр.  «Тіліңе 

күйдіргі шықсын» деген қарғыс.

Тілің  кесілгір!  Біреуге  қарата 

айтылған қарғыс. ≈ Тілің кесілсін, т і л і ң

к е с і л г і р!

612

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ТІЛАЛШАҚ с ы н. с ө й л. Тілалғыш. 

Ол – т  і  л  а  л  ш  а  қ.  Тек  айтқаныңды 

орындауға  ғана  жарайды  (Н.Дəутайұлы, 

Аты жоқ., 275).



ТІЛАЛШАҚТЫҚ  з  а  т.  с  ө  й  л. 

Тілалғыштық. – Т і л а л ш а қ т ы қ т а н 

өзге қолынан түк келмейтіндерді көбейтіп 

жатқан  мына  сендер  (Н.Дəутайұлы,  Аты 

жоқ., 277).



ТІЛАШАР з а т. Шет тілін өздігінен 

үйренушілерге  арналып,  сөйлеу  тілінің 

үлгілері  көрсетілген  қалта  кітапшасы

Т і л а ш а р – қазақ тілін үйренем деуші-

лерге  таптырмайтын  құрал  (Қаз.  əдеб., 

30.10.1987, 13).

ТІЛБАС... Шындап кетсе, түйе малын-

да кездесетін қарабез (жамандат), сарысу 

(су  ауруы),  т  і  л  б  а  с  (аусыл),  құмыр 

(өкпе құрт), сүмек (жілік құрт), көкжорға 

(буын  ісігі),  қотыр,  қоскіндік  сияқты 

ауруларға  өзінің  де  ем-дом  қолданатыны 

бар  (А.Сейдімбеков,  Серпер, 89). Сиыр 

малында болатын аусыл түйеде де болады. 

Ел арасында оны «т і л б а с» деп те атайды 

(Жылқы. ауру., 4).



ТІЛБЕЗЕР  з  а  т.  Тілін  безеп  қалған 

адам; сөзшең. – Кейінгі кезде сіз өте-мөте 

əңгімешілдеу, өте-мөте жандайшап, сөзуар, 



т  і  л  б  е  з  е  р  боп  барасыз  (М.Мəжитов, 

Аманғали, 28).



ТІЛБҰЗАРЛЫҚ  з  а  т.  Тілді  бұзып 

(шұбарлап) сөйлеушілікТ і л б ұ з а р л ы қ

қ  а  тосқауыл  қою  кімнің  міндеті? (Қаз. 

əдеб., 12.02.1982, 10).



ТІЛДЕН е т. Тіл тию, сұғы өту. Назары 

аштың сұғынан сақта, Сұқ көздінің оғынан 

сақта. Қара тілдіден – т і л д е н г е н н е н 

сақта, Қалды көздіден – көзіккеннен сақта 

(Ж.Ахмади, Айтұмар, 123).

ТІЛДЕНУ  Тілден  етістігінің  қимыл 

атауы.

ТІЛДЕСТІК з а т. Тілі бірлік, бір тілде 

сөйлегендік. Нəсілдестік, т і л д е с т і к 

деген тарихи ұғымдар бірер мың жылдар-

дың ішіне симайды (Өнер алды., 11).

ТІЛДЕСУЛІК з а т. с ө й л. Тілашар. 

Айта берсек оқулықтардағы, т і л д е с у



л і к т е р д е г і кінəраттар да аз емес (Қаз. 

əдеб., 27.05.1988, 10).



ТІЛДІ-ЖАҚТЫ с ы н. Ағып сөйлейтін, 

өткір  тілді,  шешен.  Уəйіс  су  төгілмес 

жорғадай ағып сөйлейтін, т і л д і-ж а қ 



т  ы,  шешен  кісі  көрінеді  (Қ.Жұмаділов, 

Таңғаж., 149). Т і л д і-ж а қ т ы көп шыққан 

осы ауылдың шалдарын мына Өміртай пір 

тұтады (М.Разданұлы, Алтай., 181).



ТІЛЕГІШ с ы н. Тілейтін, қалайтын. 

Сырттан  баққыш,  мінегіш,  Сүрінгенге 

күлегеш.  Жақсылардың  жаңылғанын  т  і 

л е г і ш Қазақ аз ба қауымда?! (Қаз. сов. 

поэз., 69).



ТІЛЕК: Тілек көже. э т н. Наурыз айы 

туысымен тақ күндері əр отбасы кезек-

пен  көже  жасап,  отбасыларына  аман-

дық,  дендеріне  саулық,  ел-жұртына 

тыныштық  тілейді.  Бұл  «тілек  көже»

деп  аталады  (А.Нүсіпоқасұлы,  Ағаш 

бесік., 5, 29).



Тілек  қабыл  болсын!  «Тіл еген 

тілегің орындалсын» деген тілеу. Наурыз 

жасағандарға «Т і л е к  қ а б ы л  б о л с 



ы  н»  деу  керек  (А.Нүсіпоқасұлы..,  Ағаш 

бесік., 2, 39)



ТІЛЕМІШ... Т і л е м і ш – шөл жəне 

шөлейтті  жерлерде  кең  таралған  құс 

(Қазақст. жануар., 51).

ТІЛЕНШІЛЕТ  е  т.  Тіленші  еткізу, 

тілентіп  жіберу.  Басына  ауыртпалық 

түскенде тентіретпесем, т і л е н ш і л е т



п е с е м деймін (Т.Жұртбаев, Жер бесік, 45).

ТІЛЕНШІЛЕТУ  Тіленшілет  етіс-

тігінің қимыл атауы.

ТІЛЕНІС з а т. Тілену ісі; тілемсектік, 

сұраншақтық. Тойған адамдай, ашқарақ т 

і л е н і с т і ң табы білінбейді (Қ.Қазиев, 

Үркер, 42).



ТІЛЕУ з а т. э т н. Біреудің амандығын, 

ісінің  оңға  басуын  тілеу  мақсатында 

берілген  құдайы  тамақ.  Жаңабай  ұзақ 

сапарға аттанатын күні т і л е у г е келген 

үлкендердің бірсыпырасы қайта жиналған-

да Жүкей келмепті (К.Мұқажанұлы, Орте-

ке, 75). Кеше үйіне барған баланың: «Т і л 

е у г е шақырып келдім» дегенін естігенде, 

бет-аузын тыржитып мүлде жақтырмаған 

болатын (Бұл да, 76).

Тілеу  мал.  Союға  əзірленіп,  бата 

оқылғанын күтіп тұрған мал. Жиенімнің 

менің  келуіме  арнап  соймақшы  болған



т і л е у  м а л ы н а бата істелгенше ма-

шина  да  келіп  жетті  (Халифа  Алтай, 

Алтайдан., 164).

Тілеуін  берді.  Құдай  оңдап,  тілегі 

орындалдыТ і л е у і н  б е р і п, шағын 

самолет аман-есен Ырғыз селосына келіп 

қонды (Д.Досжанов, Жолбарыс, 9).


613

Байынқол Қалиев

ТІЛЕУАЗЫҚ з а т. Тілеу тілеп, ырым-

дап  берген  азық.  Диірмен  құдайдың 

қазынасы, аман оралсын деп ырым қылып, 

əдейі т і л е у а з ы қ беріп отырмын (Пио-

нер, 1984, №4, 20). 



ТІЛЕУҚОРЛЫҚ  з  а  т.  Біреудің 

тілеуін тілегендік, жанашырлық. Мұндай 

рақымшылықты ақшаға сатып ала аларсың 

ба,  мұндай  т  і  л  е  у  қ  о  р  л  ы  қ  т  ы?.. 

(Қ.Жиенбай,  Таңд., 1, 182). Ойлы,  уытты 

қарасынан т і л е у қ о р л ы қ, жанашыр-

лық  қалпы  аңғарылады  (Лен.  жас, 

25.03.1983, 4). 

ТІЛЕУЛІ с ы н. Тілеуі бар, тілеген (сөз). 

Екі жүз қаралы кісінің бірде-бірінің аузы-

нан «Артының қайырымын берсін» деген 

т і л е у л і сөзді естімегеніне қайран қалды 

Айпара (О.Бөкеев, Үркер, 80).



ТІЛЕУХАНА  з  а  т.  с  ө  й  л.  Мешіт. 

Атағына,  ақыл-парасатына  тəнті  болған 

ниеттесім,  арысым  Барақтың  басына  ел-

жұрт тағызым етіп келер т і л е у х а н а 

салып, бір жаз, бір қыс шырағын жақсаң 

деп  едім  (М.Айымбетов,  Құмөзек., 65). - 

Өзіңізге əрі ес болар, əрі т і л е у х а н а 

көтерісуге көмегін тигізіп, Барақ атамның 

сауабын алар, - деді ол (Бұл да, 69).

ТІЛЕУШІ  з  а  т.  Біреудің  тілеуін 

тілеуші адам. Менен бұрын сен ұл тапса 

екен деп т і л е у ш і ң м і н , адал т і л е у 



ш і ң м і н (Ғ.Мүсірепов, Ұлпан, 158). – Біз 

сенің қашан да т і л е у ш і л е р і ң б і з 

ғой, - деді (Лен. жас, 14.12.1974, 1).

ТІЛ-КӨЗ:  Тіл-көз  тиді...  Аш  тиген

(т і л-к ө з т и г е н) бала шырылдап жы-

лап, ұйқысы бұзылып, мазасы кетеді (Қаз. 

этнография., 1, 290).



Тіл-көз  тигір!  «Тіл  тисін,  көз  тисін» 

деген қарғыс. 

Тіл-көзің тасқа. Тілің де, көзің де маған 

(бізге) емес, тасқа тисін д.м.

ТІЛКІМ-ТІЛКІМ с ы н. с ө й л. Тілім-

тілім. Назымның шешесі қалтасынан ва-

зелин алып, т і л к і м - т і л к і м жарыл-

ған қолын майлады да, сіңіре ұзақ уқала-

ды  (К.Ахметбеков,  Ақдала, 2, 387). Бая-

ғы заманғы көлдің ұлтаны ма, əлде аңқа-

сы  кепкен  қақ  суының  орны  ма – беті



т і л к і м - т і л к і м болып кеткен безбүй-

рек жазық (Д.Досжанов, Жолбарыс, 294).



ТІЛЛƏ  з  а  т.  з  о  о  л.  Өсімдік  биті.  ≈ 

Өсімдік  жапырақтарына  т  і  л  л  ə  қаптап 

кетіпті.

ТІЛЛƏҚОҢЫЗ з а т. з о о л. Өсімдік 

тіллəларымен  қоректенетін,  кішірек 

келген  қоңыз.  Кəдімгі  т  і  л  л  ə  қ  о  ң  ы  з

ленинградтықтарға  табиғи  гүлдердің 

тамаша  шоқтарын  сыйлауда  (Лен.  жас, 

01.06.1974, 4). Гүл  плантацияларына 

жіберілген т і л л ə қ о ң ы з зиянкестерді 

түгелдей дерлік құртты (Бұл да).



ТІЛЛƏЛІК  с  ы  н.  Тіллə  боларық, 

тіллəге  татырлық.  Əр  түрлі  маталардан 

«үй  жыртыс»  жəне  «түз  жыртыс»  деп 50 



т і л л ə л і к нəрсе апарады (Х.Арғынбаев, 

Қаз. халқы., 250).



ТІЛМАР  с  ы  н.  Тілге  шешен,  сөзге 

жүйрік (адам); ділмар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет