Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет148/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   168

УЛЫҒАН-ШУЛЫҒАН з а т. Даң-дұң, 

у-шу. Қасында Хакім мен Раймолдыш бар 

Хақназар  келе-ақ  қызылша  алқабының 

үстін у л ы ғ а н-ш у л ы ғ а н ғ а айналдырды 

(Ұ.Доспанбетов, Шығ., 4, 252).



УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ с ы н. Ультра-

дыбыс  арқылы,  ультрадыбыс  негізінде. 

Жүрегін  кардиограммалық,  асқазанын 

гастрологиялық, у л ь т р а д ы б ы с т ы қ,

компьютерлік  тексеруден  өткізіп  көрді 

(М.Құдайқұлов, Құпия., 98).


618

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

УМАШ...  Апам  ұннан  у  м  а  ш  жасап 

қоям  деген  (Ж.Тұрлыбай,  Райымбек  ба-

тыр, 2, 8).

УМРА... У м р а н ы уақытылы атқарып, 

ишараға  ақ  түйе  атады  (Ə.Кекілбаев,  Бір 

уыс, 191). У  м  р  а  мен  хажының  барша 

жол-жорасын түгел атқарған (Бұл да, 192).



УРАНХАЙ з а т. Маңғол тайпаларының 

бірі. – Мен Дулахан деген у р а н х а й м 

ы  н.  Қазақтарды  жақсы  білем,  барлығы 

да менің тамырым, - дейді (З.Қинаятұлы, 

Көшпенді., 19).

УСОЙҚЫ... Тастан тасбақа секірткен 

Тəңірберген – дилы қабақ, у с о й қ ы сөзге 

беріле қояр жау емес (Жетісу, 08.09.1981, 4).

УССУРИЯ:  Уссурия  алмұрты.  б  о 

т.  Уссуриядан  шыққан,  уссурияда  өсетін 



алмұрт. Сонымен қатар майда жапырақты 

жөке, татар үйеңкісі, шие, у с с у р и я  а л м ұ 



р т ы, жіңішке жапырақты жиде ағаштарын 

өсіруге болады (Суармалы егіншілік, 77). 



УСТРИЦА  з  а  т.  з  о  о  л.  Теңіз  сула-

рында  тіршілік  ететін  қос  жаппалы 

моллюскілердің бір түрі. Адамдар у с т р 

и ц а л а р д ы, мидияларды, айдаршаларды 

жəне  басқа  қос  жаппалы  моллюскілерді 

ежелден  тамаққа  пайдаланып  келеді 

(Су асты. тіршілік, 21).



УШӨТШІК  з  а  т.  с  ө  й  л.  Учетчик. 

– Сен мына қалпыңмен у ш ө т ш і к т і

алып  жүрсең  жарар  (З.Иманбаев,  Қос 

қайың, 436).



УЫЗ:  Уызға  тойған  қозыдай. 

Томпиған, момпиған, моп-момақан. У ы з ғ а

т о й ғ а н  қ о з ы д а й, томпиып ұйықтап 

жатыр (Жас қазақ, 16.03.2007).



Уыз той. Жаңа туған сиырдың, қойдың 

уызын жинап, «Ақ мол болсын» деген ырым-

мен  бүкіл  ауылды  шақыратын  кішірек 

тойУ ы з  т о й да көктем əкелген мерей. 

Елдің ақ молдығын тілейтіні – молшылық, 

тоқшылық (Қ.Толыбаев, Бабадан., 51).

УЫЗДЫҚ з а т. ж а ң а. Жұмыртқаны 

қуыру  арқылы  жасалған  тағам.  Азагүл, 

аққайнар, балабақша, басылым, жағажай, 

қазанама, теледидар, у ы з д ы қ, ілдірік... 

Бұлар – Іслəм Жарылғапов жасаған сөздер 

(Қаз. əдеб., 12.07.91).

УЫЗҚАҒАНАҚ з а т. Өрісте жүрген 

малшылар жаңа туған қойды сауып, уы-

зын тазаланған қағанаққа құйып, оттың 

күліне көміп пісіретін тағам. Көктемгі уыз 

кезінде қой соңында жүрген қойшылардың 

да уыздан жасайтын өз тағамы бар. Оны –

у ы з қ а ғ а н а қ деп атайды (А.Сейдімбеков, 

Күңгір-күңгір., 118). У ы з қ а ғ а н а қ жасау 

үшін уыз сауып, оны тазаланған қағанаққа 

құйып, аузын буып, күлге көміп тастайды. 

5-10 мин-та қою уыз қата қалады (Бұл да). 

Қойшылар у ы з қ а ғ а н а қ пісіреміз деп, 

балаларды  отарымен  бірге  өріске  алып 

шығатын болған (Білім жəне еңбек, 1986, 

№7, 42 б.). 

УЫҚ:  Уықтың  иіні.  Уықтың  кереге 

басына  байланатын  жағы  жалпақтау 

болып, имектеу келеді. Мұны уықтың иіні 

дейді (Ə.Тəжімұратов, Шебер., 27).

Уық  шалғыш.  Əсемдік  үшін,  əрі 

уықтар өз орнында тұру үшін түр салып 

тоқылған  құр.  Онымен  уықтарды  бір-

бірімен шалып байлап қояды. Мұны кейде 

иықбау  деп  те  атайды  (Ə.Тəжімұратов, 

Шебер., 29).



УЫҚКӨЗ  з  а  т.  э  т  н.  Уықтың  бау 

өткізілетін  тесігі  (Ə.Тəжімұратов,  Ше-

бер., 27).



УЫҚҚАП...  Қойдың  күзем  жүнінен 

туырлық, үзік, түңлік, у ы қ қ а п, дөдеге 

т.б.  жасалады  (А.Сейдімбеков,  Күңгір-

күңгір., 191).



УЫҚШАНШАР  з  а  т.  э  т  н.  Қыздың 

немесе  күйеу  жігіттен  отауын  тіккені 

үшін алатын кəделердің бірі. Отау тіккен 

кезде күйеу жігіт отауын тігушілерге у ы қ 



ш а н ш а р, туырлықжабар, түндікжабар, 

үзікұстар,  бау-шубайлар  деген  сияқты 

кəделер  береді  (А.Нүсіпоқасұлы,  Ағаш 

бесік, һ., 3, 85). Қыздың жеңге, құрбылары 

шаңырақкөтерер,  у  ы  қ  ш  а  н  ш  а  р

үзікжабар сияқты сылтаумен сан қилы кəде 

тілей бастайды (Қаз. этнография., 3, 14).

УЫҚШЫ з а т. Уық жасаушы шебер. 

Кереге  мен  уық  жасаушы  шеберлерді – 

керегеші,  у  ы  қ  ш  ы  деп  атаса,  шаңырақ 

жасаушыны  шаңырақшы  деп  атаған 

(Ə.Тəжімұратов, Шебер., 63). 

УЫН-ДУЫН ү с т. с ө й л. Удар-дудар. 

Онжылдықты  биыл  бітіріп,  институттан 

құлап келген кіші əпкесі шашы у ы н-д у ы н

боп  жуынуға  енді  кетті  (Жұлдыз, 1975, 

№4, 77). 

УЫС:  Уысында  ұстады.  Айтқаны-

на көндірді, бағындырды. Сол арқылы өз 

үстемдігін нығайтып, аз ұлттарды у ы с ы н



д а  ұ с т а у д ы ойлайды (Халифа Алтай, 

Алтайдан., 79).



619

Байынқол Қалиев

УЫСТАУЛЫ  с  ы  н.  Уыстаған,  уысы 

толы.  Мұны  естіген  екі  жақтан  хан  ке-

ліпті, Сөз тыңдауға бірталай жан келіпті. 

Қолында  айғайлаған  отыншының  У  ы  с

т  а  у  л  ы  ұйыған  қан  көріпті  (Шəкəрім, 

Шығ., 157).



УЫТТАН е т. 1. Ашымық тарту, ащы-

лану. Сол сол-ақ екен, тəтті қиялы у ы т т 

а н а бастайды (Т.Əлімқұлов, Сырлы наз, 

28). 2. а у ы с. Қаны бетіне тебу, ашулану. 

Ерекең желі басында əлі күйбеңдеп жүрген 

кемпіріне зекіп жібергісі кеп у ы т т а н ы п

шақшия қарады (Т.Əбдіков, Көкжиек, 7).

УІЛДЕК... 1978 жылы археологиялық 

қазба жұмысы кезінде Ақтөбеден Х-ХІ ға-

сырға жататын у і л д е к аспабының табылуы

осының айғағы (Қаз. əдеб., 14.10.1983, 10).



УІЛДІРІК з а т. Қамыс, қурай өзегінің 

ішінде  болатын  жұқа,  жұмсақ  (мөлдір), 

ақ ұлпа. Қурайдың ішіндегі у і л д і р і г і н 

жіңішке  шыбықшамен  сыдырып  тастады 

(С.Бегалин, Бақыт, 117).

Ұ

ҰБАҚ з а т. з о о л. Торғай тұқымдас-

тарының  бір  түрі;  саджа  (Ана  тілі, 21. 

08. 2008).



ҰҒЫНЫҚТЫ ... Əл Фараби бұл пəнді 

(логиканы)  кемеліне  жеткізіп,  баршаға 

түсінікті, ұ ғ ы н ы қ т ы етті (Лен.жас, 03. 

01. 1973, 3)



ҰҒЫРЫШ з а т. к ө н е. Халық арасынан 

шығып, уəзір дəрежесіне дейін көтерілген 

адам.  Мені  ұ  ғ  ы  р  ы  ш  деп  еді.  Мұның 

əһмияты халық арасынан шығып уəзір дə-

режесіне  көтерілген  адамдарды  айтатын. 

Ол тек түріктерге берілетін атақ болса ке-

рек-ті (Қазыбек бек, Түп-тұқияннан., 290).

ҰҒЫТ  з  а  т.  Дəнді  шаң-тозаңнан 

тазартудың  əдісі.  Ұ  ғ  ы  т  –  суланған 

шүберекпен  дəнді  араластырып,  шаң-

тозаңнан  тазалаудың  əдісі.  Махмуд 

Қашқаридың  «Түркі  тілдері  сөздігінде» 



ұ ғ ы т сөзі дəл осы мағынада жазылған 

(Қ.Толыбаев, Бабадан., 240).



ҰҒЫТТА  е  т.  Суланған  шүберекпен 

дəннің  шаң-тозаңын  тазалау.  Ұн  тарту 

үшін  бидайды  шөп-шаламнан  арылтып,



ұ ғ ы т т а п тазалайды (Қ.Толыбаев, Ба-

бадан, 240). 



ҰҒЫТТАУ Ұғытта етістігінің қимыл 

атауы.

ҰДЫҚТАС...

 

Қазір əсіресе ұ д ы қ т а с



қ  а  н  ұрлық,  ұялы  қылмыс  көбейіп  кетті 

(Халық кеңесі, 11. 11. 1993, 1).



ҰДЫҚТАСУ  Ұдықтас  етістігінің 

қимыл атауы. Қазақта да ұ д ы қ т а с у 

деген  болушы  еді  ғой  (С.Жүнісов,  Ақан 

сері, 2, 100).

Ұ Ж Д А Н Д Ы Қ   с   ы   н .   Ұ ж д а н ғ а 

қатысты, ұжданға тəн. Алыстағы ауылға 

қаладан келген Дəуіттің азаматтық, ұ ж д 



а н д ы қ позициясы алғашқы сəттерден-ақ 

аңғарылады (Қаз. əдеб., 21. 10. 1973, 15).



ҰЖДАНДЫЛЫҚ  з  а  т.  Ұжданы 

молдық,  арлылық,  ұяттылық.  Адамның 

əлеуметтік қайраты мен жігері сайып кел-

генде мінез-құлқының ұ ж д а н д ы л ы 

ғ ы н түйіндейді (Білім жəне еңбек, 1985, 

№2, 40).


ҰЖДАНСЫЗДЫҚ  з  а  т.  Ұжданы 

жоқтық; арсыздық, намыссыздық. Бұған 

қоса,  тастанды  балалардың  тағдыры – 

арсыздықтың, ұ ж д а н с ы з д ы қ т ы ң,

опасыздықтың айғағы (Қ.Толыбаев, Баба-

дан., 96).

ҰЖМАҚ-ТОЗАҚ з а т. э т н. Ұлттық 

ойындардың  бір  түрі.  Халқымыздың 

дəстүрлі  «мыршым-мыршым», «ханды 

қара басты», «ұ ж м а қ-т о з а қ» сияқты 

ойындары  кітапта  діни  соқыр  сенімнен 

туған  ойындар  ретінде  аталып  өтеді.  Бұл 

қате (Білім жəне еңбек, 1985, №10, 47).



ҰЗАН  з  а  т.  к  ө  н  е.  Ақын,  жыршы, 

күйші  əрі  шешен  адам.  Қолына  қобыз 

ұстаған  ұ  з  а  н  елден  елге,  бектен  бекке 

барады  (Қорқыт  ата  кітабы, 8). Проф. 

Ə.Қоңыратбаев  деректеріне  сүйенсек, 

оғыздардың бірінші ұ з а н ы Қорқыт болған 

тəрізді.  Ұ  з  а  н  -  өз  бойында  ақындық, 

күйшілік, жыршылық, шешендік т.б. толып 

жатқан өнерді жинақтаған тұлға (Лен. жас, 

04. 05. 1977, 4). 

ҰЗЫН: Ұзын аяқ. с и н е к д. Бұлан.

Ұзын аяқты [сирақты] мал. Жылқы, 

сиыр, түйе малы. Пісбек байдың ұ з ы н

а я қ т ы  м а л ы н алдына салып, айдаған 

бойымен  Алтай  кетіпті  (Мəшһүр  Жүсіп, 



620

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

Шығ., 9, 237). Қысың бол, жазың бол, ұ з ы н



с и р а қ т ы  м а л д ы ң қолға қарайтын 

кезі жоқ (К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 225). 



Ұзын құйрық. с и н е к д. Түлкі. 

Ұзын мойын. с и н е к д. Керік. 

ҰЗЫНҚҰЙРЫҚ з а т. з о о л. Қыран 

құстардың  құйрығы  ұзын  бір  түрі. 

Олардың  арасында  қара  лəйлек,  үлкен 

қарақаз, ұ з ы н қ ұ й р ы қ, жағалтай, ұлар, 

барылдақ, лысуха болатын (Марқакөл, 138).



ҰЗЫНТҰМСЫҚ з а т. з о о л. Тұмсығы 

ұзын  қоңыз.  Қабықжегі  (короед),  ұ  з  ы  н 

т  ұ  м  с  ы  қ  (долгоносик)  қоңыздардың 

дернəсілдерінің  аяқтары  болмайды 

(Р.Сəтімбеков, Қызықты биология, 77). 

ҰЗЫНТҰРАЛЫҚ з а т. Ұзын бойлылық, 

сыриғандық. - Өз киімімнен ауысар едім, 

ол түскірлердің бір де бірі саған шақ бол-

майды ғой. – Ұ з ы н т ұ р а л ы л ы қ қ а не 

шара (С.Сауытбеков, Өртенген., 67).



ҰЗЫНШАЛА  е  т.  Ұзын  ету,  созу, 

сопақтау.  Осындай  жандəрмендікпен 

қоналқаға  жеткен  жерінде  ұ  з  ы  н  ш  а  л 



а  п  жер  шұқып,  соған  лаулата  от  жағады 

(К.Ахметбеков,  Қасірет, 1, 315). Кəрібай 

молда үйіне келгенде қатыны Қадиша ұ з 

ы н ш а л а п салған пештің қасында жүн 

түтіп отыр еді (Б.Майлин, Таңд., 112). Келсе 



ұ з ы н ш а л а п, қоян жондап үйген үлкен 

мая шөп екен (Жалын, №2, 72).



ҰЗЫНШАЛАТ Ұзыншала етістігінен 

жасалған өзгелік етіс. Бірнеше үйді іркес-

тіркес жалғастыра тіккізіп, қала тəртібімен 



ұ з ы н ш а л а т ы п «қабылдау кеңсесін» 

сайлатты (С.Сматаев, Алғашқы асу, 5). Же-

беден сəл жоғарырақ жұқа алтыннан сарала 

етіп, ұ з ы н ш а ла т ы п иректете сақина 

ораған  қамшының  сабы  қалды  (Жұлдыз, 

1974, №11, 193). 



ҰЗЫНШАЛАТУ  Ұзыншалат  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

ҰЗЫНШАЛАУ

1

 с ы н. Аздап ұзындау, 



ұзынырақ,  сопақтау.  Ұзыншалау  келген 

қарасұр  өңі  бұрынғыдан  да  сопақтанып, 

жағы  бозғылданып,  көзінің  аңғалағы 

тереңдеп  кеткен  екен  (К.Ахметбеков, 

Қасірет, 1, 252). 

ҰЗЫНШАЛАУ



Ұзыншала етістігінің 

қимыл атауы.

ҰЙҒЫРШАЛА  е  т.  Ұйғыр  тіліне 

аудару,  ұйғыр  тілінде  сөйлеу.  Ол  тұста 

мен  Пушкин  мен  Лермонтовты,  қазақ, 

өзбек  совет  жазушыларының  бірқанша 

шығармаларын ұ й ғ ы р ш а л а ғ а н едім 

(Қаз., əдеб., 30. 01. 1976, 4). 

ҰЙҒЫРШАЛАУ  Ұйғыршала  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

ҰЙҚЫБЕЗЕР  з  а  т.  с  ө  й  л.  Түнімен 

шырылдап  шығатын  шегіртке;  шілделік

Ұйқылы айналаны тескілеп бытпылдық үн 

қатты. Оған ілесе ұ й қ ы б е з е р безілдеді. 

Шолп  етіп,  балық  секірді  (Қ.Қазиев. 

Иманжапырақ, 85). 

ҰЙҚЫДАЙ...  Олар  енді  шырға-

нақ  басындағы  ұ  й  қ  ы  д  а  й  боп  шығып 

тұратын  сап-сары  түйнекке  үймелейтін 

(Ж.Аупбаев, Жанарымда, 8).



ҰЙМА: Ұйма батпақ. Қалың батпақ, 

ми батпақ; ұйық. Жолсыз, ұ й м а  б а т

п  а  қ,  ондаған  өзен  арқылы  трубасы 

төселген  мұнай  құбыры  салынды  (Соц. 

Қаз., 10. 08. 1973, 1).

ҰЙТҚЫ:  Ұйтқысы  үзілмеген.  Мол-

шылықты  дүние,  берекелі  тұрмыс  д.м. 

«Қазақ ұ й т қ ы с ы  ү з і л м е г е н» деген 

ұғыммен береке-молшылықты ырымдайды 

(Ата салты., 142). 



ҰЙТҚЫЛЫ  с  ы  н.  Ұйқы  боларлық, 

ұйыстырғыш. Ұры-қары жиылып, ұ й т қ 

ы л ы ел болмас. Жаманды қанша мақтасаң, 

Жайды білер ер болмас (Төле би: Ел аузы-

нан, 37).

ҰЙТҚЫМАЛЫЛЫҚ  з  а  т.  Ұйт-

қығандық,  ұйтқи  соққандық.  Сонсоң 

ұйтқыған  боранды,  ызғырық  желді, 

қаттылығы  қара  темірдей,  ұ  й  т  қ  ы  м  а 

л ы л ы ғ ы долы қатындай қыс келді бұл 

өңірге де (Жалын, 1974, №2, 71). 



ҰЙЫМСЫЗДЫҚ   з  а  т.  Ұйымы 

жоқтық; басы бірікпейтіндік. Бұл жақтың 

ұлықтары: «Қазақтар жалқаулық, ұ й ы м 



с ы з д ы қ, күтімсіздіктен жұтап жатыр» 

деп айтысады («Қазақ» газеті, 1913, 175). 



ҰҚСАТЫМПАЗ  с  ы  н.  Ұқсатуға  ше-

бер,  ұқсатқыш.  Əжемнің  ұ  қ  с  а  т  ы  м

п а з ы н-а й десеңші. Жаздайғы пенсиядан 

үнемдеген ақшасына маған ақ көйлек, қара 

шалбар  сатып  алып  қайтыпты  (Жұлдыз, 

1973, №4, 116).



ҰЛАҒАТТЫҚ з а т. Ұлағат болушылық, 

үлгілілік.  Ғұлама  жайындағы  кейбір 

əңгімелер  жеке  данышпандардан  гөрі 

халайық қауымның ұ л а ғ а т т ы ғ ы н 

дəріптейді (Ел аузынан, 281). 



ҰЛАҒАТШЫ  з  а  т.  Ұлағат  айтушы, 

ақылгөй.  Əрине,  кітабыңызда  сіз  «Мен 

621

Байынқол Қалиев

мұрағатшы, ұ л а ғ а т ш ы Сапар Байжан 

Ата деген болам» деп ашық айтып тұрған 

жоқсыз (Ə.Ыдырысов, Тұлға., 128). 



ҰЛАМА  з  а  т.  к  ө  н  е.  Дін  басы  (Ұлы 

лама).  Тұтқын  ханзаданы  Лұқастағы 

ұ  л  а  м  а  н  ы  ң  қол  астына  жіберген-ді 

(Ə.Кекілбаев, Үркер, 62). 



ҰЛАМАЛАУ  з  а  т.  қ.  ө  н  е  р.  Күміс 

ж і п ш ел е р і н е н   ( т а л ш ы қ т а р ы н а н ) 

бір-біріне ұластырып өрнек салу. Қалдаяқ 

ұста  қазақ  қолөнерінің  ою,  тініке-

леу, қаралау, безеу, сірке салу, дəнекерлеу, 

ұ л а м а л а у т.б. əдістерін жетік меңгер-

ген  ісмер  болған  (А.Жұмашев,  Қалдаяқ 

ұста., 11). 

ҰЛАНДЫҚ  з  а  т.  Ұлан  жасына 

толғандық,  ұлан  болғандық.  Бар  білгені, 

он алтыға толған ұ л а н д ы ғ ы н а қарамай 

орта  жастан  асқан  мосқал  еркектерше 

зорайып  көрінген  Жоламанның  кесек 

тұлғасын бағып қалғаны (С.Сматаев, Елім-

ай, 8).


ҰЛАРЛЫ с ы н. Ұлары көп, ұлары мол. 

Біздің батысымыздағы таулы ел ұ л а р л ы 

ел деп атайды (О.Бөкеев, Мұзтау, 19).

ҰЛАСПАЛЫ с ы н. Ұласып жатқан, 

жалғаспалы.  Бұл  Шыңғысхан  Қытайда  ұ 

л  а  с  п  а  л  ы  телефилімге  түсіріліп  əлем 

көрермендерін  өзіне  баурап  алған  кезі 

(Түркі əлемі, 2008, №6, 8).

ҰЛАСТЫР з а т. б и о л. Бір өсімдіктің 

жас  өркенін  екінші  өсімдікке  телу, 

қалемшелеу. Жабайы алманы үш жыл бойы 

бірте-бірте ұ л а с т ы р ғ а н жөн (Қазақст. 

ауыл шаруаш., 1957, №9, 62).

ҰЛАСТЫРУШЫ  з  а  т.  б  и  о  л.  Бір 

өсімдіктің  бүршігін  (телінуші)  өзіне 

қабылдаушы (телітуші) өсімдік. Итмұрын 

–  гүлдер  падишасы  розаның  бірден-бір 

үздік ұ л а с т ы р у ш ы с ы (Наурызым, 20).

ҰЛАСЫМ: Ұласым ою. э т н. Бір-біріне 

ұластырыла салынған ою. Күміспен сəндеп, 

зер термей, Қошқармүйіз төңкермей, Ұ л а с 



ы м  о ю жараспас, Көгеріс өрнек көмкермей 

(Қаз. əдеб., 09. 06. 1978, 4). 



ҰЛҒАУСАР  с  ы  н.  ж  е  р  г.  Үлкен, 

көлемді,  мол.  Осы  күтімнің  үзілмеуін 

ойлағаным ғой, үлкен дəулетте ұ л ғ а у с а р

шығасы  да  бар  (К.Мұқажанұлы,  Ортеке, 

29). Бетіне ұ л ғ а у с а р таңба да түспеді 

(Бұл да, 66). 

ҰЛТАН__1'>ҰЛТАН

1

 а у ы с. Негіз, тірек; мықты. 

–  Ойбай-ау,  ел  ұ  л  т  а  н  ы  олар  емес 

пе?  Қай  заманда  да  көп  көптігін  істеген 

(Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 88).

ҰЛТАН

2 

з а т. к ə с і б. Қайықтың ішкі 



табаны.  Кешке  қарай  тапқан  олжасын 

қайығының ұ л т а н ы н а үйіп, ескегін есіп 

келе жатады (Б.Омарұлы, Қаратерең., 103). 

ҰЛТАНДЫ ... 2. Ойдым, ойыс жерде 

(ұлтанда) жатқан. Қала болу түгілі 30-40 

үйге жазы-қысы қоныс болғандай ұ л т а н-



д ы шабындысы, шиманды егіндігі бар қан-

дай жер бар? (Ж.Аймауытов, Шығ., 131).



ҰЛТАР е т. а у ы с. Қайта-қайта жазу, 

жаңадан  бастау,  түзету,  толықтыру. 

Баяғыда  бітіретін  нəрсені  қайта-қайта 



ұ  л  т  а  р  ы  п  тым  созғылап  барасыз 

(Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 458).



ҰЛТАРМА с ы н. Етігінің басын қай-

та салған, ұлтарылған. Жайпақ табан ұ л

т а р м а етігімен ақша қарды сықыр-сы-

қыр жаншып, ат арқандаған жеріне жетті 

(Туған тіл, 2009, №3, 99). 

ҰЛТАРУ  Ұлтар  етістігінің  қимыл 

атауы.

Ұлтару  біз.  Етіктіктің  басын  тігуге 

арналған біз. Етік тігетін біздің екі түрі бар: 

қаю біз жəне ұ л т а р у  б і з (Шаңырақ, 104).



ҰЛТСҮЙГІШТІК з а т. Ұлтын жақсы 

көретіндік,  ұлтжандылық.  Айнаш  апай 

оқушылардың бойына тəрбиелік, ұ л т с ү 



й г і ш т і к ұрығын ақырындап сіңдіретін 

(Ə.Байбол, Теміржол., 11). 



ҰЛТСЫЗДАН...  Жаралғандай  ұлттық 

мүдде-санаттан,  Жігіт  едің  елді  аузына 

қаратқан.  Қазақ  халқы  ұ  л  т  с  ы  з  д  а  н

ғ а н ғасырда, Тіл мен ділге құнтсызданған 

ғасырда, Сен бізге өте қажет едің, Болатхан 

(М.Шаханов, Мəңгүрт., 244). 

ҰЛТТАН е т. Ұлттық ерекшеліктерді 

сақтау, ұлт болу. 

ҰЛТТАНДЫР  Ұлттан  етістігінен 

жасалған өзгелік етіс. 

ҰЛТТАНУ Ұлттан етістігінің қимыл 

атауы. Ұлттық əдебиет дегеніміз – ұ л т 

т а н у (Қошке Кемеңгеров, Алтын., 65). 

ҰЛТІШІЛІК  с  ы  н.  Əр  ұлттың  өз 

ішіндегі;  ішкі.  Мұндай  жағдайда  əрбір 

тілді  ұ  л  т  і  ш  і  л  і  к  жəне  ұлтаралық 

қатынас құралы ретінде екіге бөлген жөн 

(Б.Хасанұлы, Ана тілі., 22). 



ҰЛЫ: Ұлы жіңгір. Көп адам қатысқан 

ұлан асыр той-думан, жиын. Ұ л ы  ж і ң

г  і  р  г  е  жиылған  көпшілік  он  бірінің 

киім  киісіне,  жүріс-тұрысына  бек  тəнті 



622

(К.Ахметбеков,  Ақдала, 2, 312). Інісі 

арғы  ауылдан  біреудің  бүлдіршіндей  жас 

қызын алып, ұ л ы  ж і ң г і р той жасап 

жатады  (О.Бөкеев,  Үркер, 109). Диплом 

қорғаған күні ұ л ы  ж і ң г і р банкет болған 

(Қ.Ысқақов, Қараорман, 62).

ҰЛЫҒ: Ұлығ ау. к ө н е. Ханның, сұл-

танның өз нөкерлерімен аңға шығу салта-

наты. Ұ л ы ғ а у  ғ а алғаш шығып отырған

Көшен сұлтанның тоқым қағарына бектер-

дің бірі ертұрманы мен арғымақ атын бере-

ді (М.Мағауин, Аласапыран, 116). Ұ л ы ғ



а у барлық жерде бірдей сəтті өтіпті (Бұл 

да, 128).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет