БƏЙТЕМІР з а т. к ə с і б. Су диірменінің
тасы мен астындағы су ұратын дөңгелекті
байланыстыратын темір (Қаз. этногра-
фия., 1, 452).
БƏЙТОЛЛА з а т. с ө й л. Байтолла.
Жығылғанды тұрғызсаң, Жылағанды
уатсаң, Қисайғанды түзетсең, Тəңірінің үйі,
б ə й т о л л а, Сұлтан кем, қарсы алдыңда
жасапты (Ертедегі əдебиет., 111).
БƏЙІТТЕ е т. а у ы с. Жырлау, жыр
ету. Мен жауынды түнмен жағаласып,
қоғамдық малды б ə й і т т е п жүрген жас
қызды ойладым (Лен. жас, 06.09.1974, 2).
БƏКЕНЕЛЕУ с ы н. Аласалау, тапал-
дау, тəпелектеу. – Анау оң жақ қапталдағы
қалып бара жатқан «Қызылшаның қызылы»,
- дейді жақпар-жақпар қызыл тасты, б ə к е
н е л е у тау сілемін нұсқап (Б. Шаханұлы,
таңд., 1, 430).
БƏКІЛЕП ү с т. Бəкімен кесіп (турап).
Ет турау келіп алдыма, Бас қойдым аға ал-
дына. Сыйымды аға ұнатты, Б ə к і л е п ба-
сты таратты (М. Ахмет-төре, Ақ-қара, 54).
БƏКІШЕК з а т. з о о л. Көбелек-
тің өте кішкентай түрі. Теңбіл қанат
көбелек, Терезе қанат көбелек, Қызыл
қанат б ə к і ш е к, Қандай қызық керемет!
(С. Қасиманов, Өс-өс, бөьек, 6).
БƏЛДƏЙ з а т. Екі топ ойыншылар бір-
бір ойыншыдан шығарып, бірі допты тас-
тап беріп тұрады, екіншісі оны таяқпен
ұрады. Алаңға шашырай орналасақан
қалған ойыншылар не допты қағып алуы
керек, не оны алып, «Бəллі, бəллі, бəлдəй»
101
Байынқол Қалиев
деп, сөреге дейін дем алмай жүгіріп же-
туі керек. Б ə л д ə й ойыны үшін бір м-дей
таяқ жəне жұдырықтай жүн доп керек
(Қ. Толыбаев, Бабадан., 125).
БƏЛДЕМСУ Бəлдемсі етістігінің
қимыл атауы.
БƏЛДЕМСІ с ө й л. Бəлсіну. Сонша
б ə л д е м с і п, ал же! О несі, тағынан түсіп
қалатындай болғаны! (К. Ахметбеков,
Ақдала, 2, 42).
БƏЛДУ с ы н. с ө й л. Пышыраған, бос
(сөз, əңгіме). Əйтпесе көп бəдіктің біреуі
айтқан б ə л д у əңгіменің бірі, ерсі қылық
боп саналып кете барар еді (Ə. Нұрпейісов,
Соңғы., 457).
БƏЛДУ-БƏЛДУ с ы н. Не ол емес, не
бұл емес; дел-сал. Не деп оттап отырсың.
Дəмегөйің əне бір ғылым қуып, кітап жа-
замын деп мəңгүрт болуға айналған б ə л
д у-б ə л д у делқұлы ма? (Д. Досжанов,
Жолбарыс, 268).
БƏЛЕКЕЙ¹ з а т. э к с п р. Кішкентай,
бірақ бəле (шатақ) бала. Кішкентай б ə л е
к е й д і ң жаңағы долылығы есінен кетпеді
(Ə. Нұрпейісов, Қан мен тер, 197).
БƏЛЕКЕЙ² з а т. Кіші əйелі. Кереуеттің
аяқ жағында жайма-шуақ қымыз сапырып
отырған б ə л е к е й і н і ң өзінен бұрын
үстіндегі көйлегі үріккендей етегі рабатсыз
желпілдеп жатты (Р. Отарбаев, Біздің ауыл.,
391). Қисық мойын қатыны өлгенде Жанар-
ды б ə л е к е й етіп алған-ды. Бұл күнде б ə
л е к е й і кəдімгідей келіншек (Қаз. əдеб.,
27.04.1974, 3).
БƏЛЕКЕЙ
3
з а т. к ө н е. Дөңестеу
жағында ара қашықтықтары бірдей,
біркелкі жонылып жасалған кертпелері
бар, матаның қыртысын жазуға арналған,
ұзындығы 3-5, енді 1-1,5 қарыс, бір
жағында ұстайтын сабы болатын ағаш
құрал (Қаз. этнография., 1, 454).
БƏЛЕТ з а т. Ойын қартасындағы
ондықтан кейінгі түр; балта. – Ақынды
көргің келсе, андағы қарғаның б ə л е т і н
көр! – леп Ерден де қиқылдай күлді (С.
Жүнісов, Ақан сері, 2, 136).
БƏЛЛƏЙ з а т. с ө й л. Бəлдəй. Беті-
қолды жарып жіберетін қара суық арық-
тұрақ малды бүрсең қақтырып, асық, б ə л
л ə й ойнаған балаларды бұрыштан бұ-
рышқа қуатын (Жұлдыз, 1975, 4, 109).
БƏЛНИС з а т. с ө й л. Аурухана.
Ойда жоқта түшкіріп қалсаң, б ə л н и с к е
апарып жатқызып қояды (О.Сəрсенбай,
Шеңбер, 57).
БƏЛСІНГІШ с ы н. Бəлсіне беретін,
бəлсінетін. Əлгідей бірлі-жарым табыла
қалған машиналардың шоферлары, ой б ə л
с і н г і ш-ау. Бір дегеннен дұрыс жауап бер-
мейді (Б. Соқпақбаев, Таңд., 349).
БƏЛІК з а т. к ө н е. Құл, малай. Ұлық
болсаң, кішік бол, Халық үшін б ə л і к бол
(Ертедегі əдебиет., 66).
БƏНƏЙІ с ы н. ж е р г. Беймəлім,
белгісіз, кездейсоқ. Балықшы бұрынғыдай
барқылын тоқтатып, б ə н ə й і себе-
пен бір ауық «қол астына» келіп қалған
бастықтарды қысқа бұйрықтармен басқара
бастады (О. Сəрсенбай, Шығ., 5, 150). Б ə н
ə й і себеппен он-он бес шалдың ортасына
түсіп қалған Тоқтарбайдың бүгін назарын
аударып отырған бір-ақ кісі бар. Ол – Ны-
санбай (Бұл да, 249).
БƏҢГІТ е т. Бəңгі ету, басын айнал-
дыру, мас қылу. Жас сұлтан əр жерде бұл
ішімдіктің дəмін татып жүргенін, адамды
пəлендей б ə ң г і т п е й т і н і н айтып,
əлгі ыдысына тамсана қарап қойды (Қ.
Тоқмырзин, Керзаман, 3, 86).
БƏҢГІТУ Бəңгіт етістігінің қимыл
атауы.
БƏПЕКТЕУ Бəпекте етістігінің
қимыл атауы.
БƏРЕКЕЛШІЛ з а т. «Бəрекелді» сөзін
жиі айтушы; құптаушы, айтқанға көнуші.
Деген бар: «Бəрекелді құлды өлтірер»,
Болғаным «б ə р е к е л ш і л» байға жақсы.
Бейнеттен басқа өзіме не келтірер? Рас,
мен «бəрекелшіл» болмадым ба? (С.
Торайғыров, Таңд. шығ., 203).
БƏРКЕС з а т. к ə с і б. Кішкентай өзен
қайығы. Ал кейбіреулер б ə р к е с к е мініп,
бергі бетке шығып келеді (С. Хайдаров,
Теңіз., 53).
БƏСЕҢ: Бəсең шырай. л и н г в. к ө н е.
Қазақ тіліндегі бес шырайдың бір түрі.
Қазақ тілінде бес шырай бар: салыстыр-
малы шырай, б ə с е ң ш ы р а й (мыс.:
кішілеу). Шағын шырай, күшейтпелі шы-
рай, үдетпелі шырай (Ғ. Мұсабаев, Қаз. тіл.
сын есім., 34).
БƏССАУДА з а т. ж а ң а. Затқа
(бұйымға) кім көп төлесе, соған саты-
латын сауда түрі. Жаңа атаулар мен
қолданыстар: алаугер (факельщик), б ə с
с а у д а (аукцион), безенші (дизайнер) т.б.
102
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
орыс тіліндегі сөздерге балама ретінде
қолданылып жүр (Ана тілі, 07.02.2013, 4).
БƏСТЕ з а т. к ө н е. Əскерилер са-
райы. Айтпақшы, жаңа б ə с т е г е бірден
тартпаған. Алдымен ескі б ə с т е г е барып-
ты (М. Мағауин, Аласапыран, 2, 223). Өзі
барды. Таяқ тастам жерде, жыраның арғы
қабағында тұрған жаңа б ə с т е г е воевода
сарайына (Бұл да, 224).
БƏСІК з а т. ж е р г. Бəсең, баяу. Əйтпесе
тым батыл болам деп көрініп қалып
құрисың, не тым б ə с і к болам деп көміліп
қалып құрисың! (Ə. Кекілбаев, Үркер, 170).
Елші де б ə с і к тіл қатты (Ə. Кекілбаев,
Елең-алаң, 166).
БƏСІКТІК з а т. ж е р г. Баяулық,
бəсеңдік. Ымыртта келіп, сəріде аттанатын
қонтайшы хабаршысынан бауырына б ə с
і к т і к жайын мықтап айтып бағады
(Ə. Кекілбаев, Елең-алаң, 109).
БƏТ з а т. к ө н е. Қымбат матаның
бір түрі. Бəйгіге жіберілді үш жүздей
ат, Бəйгесі алдыңғы аттың – он жылқы
нақ. Одан соңғы жүз теңге, бір топ шұға,
Қой-қозы артқылары мақпал мен б ə т (С.
Торайғыров, Таңд. шығ., 308).
БƏТ: Бəт құндыз. з о о л. Қылшықтары
жылтырап тұратын, мақпал қара түсті
құндыз. Ертеде халық арасында түгінің
түсі шымқай қара құндыздар өте қымбат
бағаланып, оны б ə т қ ұ н д ы з деп ерекше
дəріптеген (Ана тілі, 20. 06. 2013, 11).
БƏТУЛАСТЫР Бəтуалас етістігінен
жасалған өзгелік етіс.
БƏТУАЛАСТЫРУ Бəтуаластыр
етістігінің қимыл атауы. Билер жеке
адамдар, рулар арасында да, ел арасында
да барлық мəселені мүмкіндігінше бейбіт
шешіп, б ə т у а л а с т ы р у д ы мұрат
тұтқан (Ата салты., 34).
БƏТІҢКЕЛІ с ы н. Аяғында бəтіңкесі
бар, бəтіңке киген. Жарқырауық сары
түймесі бар көк түсті костюм-шалбар-
лы, б ə т і ң к е л і жас жігіт сабыр етеді
(Ж. Молдағалиев, Самал, 161).
БƏУПІЛДЕ е т. Еліктің бəуп-бəуп деп
дыбыс шығаруы. Кенет елік б ə у п і л д е д і.
Басын көтеріп алып, төңірекке құлақ түрді
(Б. Мұқаев, Жалғыз жаяу, 24).
БƏУПІЛДЕУ Бəупілде етістігінің
қимыл атауы.
БƏҺƏДҮР з а т. с ө й л. Баһадүр. Түрік-
моңғол тектес «б ə һ ə д ү р» (қазақша
«батыр») деген сөз ұрыс алдында жауды
жекпе-жекке шақырған ердің ері, қас батыр
ұғымын білдірген, сондай-ақ, құрметті
атақ ретінде есептелген (ҚазССР тарихы,
2, 346).
БЕБІЛДЕТ е т. Машинаны бип-бип
дегізу, сигнал беру. Қаба сақалды жүргізуші
автобусты бір-екі мəрте б е б і л д е т т і де,
орнынан қозғала берді (Д. Рамазан, Жылап
аққан, 74).
БЕБІЛДЕТУ Бебілдет етістігінің
қимыл атауы.
БЕГЕЙ з а т. к ө н е. с ө й л. Бега-
йым, бекбике. Бара жатқан кеңселерінің
қожайындары да өңшең бірінен-бірі өткен
белгілі б е г е й л е р көрінеді (Ə. Кекілбаев,
Құсқанаты, 270).
БЕДЕК з а т. к ө н е. Бір елдің екінші
елге кепілдікке берген адамы. Абылай
сұлтан Халдан Цереннің тұтқынына
түскенде де Əбілмəмбет осы баласын
отбасымен көшіріп, жоңғар ханының
қолына б е д е к к е берген (Ж.Ахмади, Ай-
тұмар, 403).
БЕДЕКШІЛІК з а т. Бедекші болушылық,
делдалық. Бұл қалада осындай делдал б е д
е к ш і л і к п е н, алыпсатарлықпен қанша
қауым күн көріп отыр (Қ.Жұмаділов,
Тағдыр, 170).
БЕДЕЛ: Бедел қажы. з а т. с ө й л.
Бəдел қажы. – Есенейдің орнына б е д е л
қ а ж ы болып Мекеге барып келсем қайтер
екен? (Ғ. Мүсірепов, Ұлпан, 221).
БЕДЕЛІ¹ с ы н. Бедесі бар, беде өскен.
Семей облысынеда көібнесе селеулі, б е д
е л і, жусанды, сортаңды жайылымдықтар
кездеседі (Ертіс, 02.06.1963).
БЕДЕЛІ² з а т. Мөлшер, көлем, шама.
Қылыш суырып, найза толғамалы он-он бес
жылдың б е д е л і болып еді (Р. Ниязбеков,
Отағасы, 139).
БЕДЕЛІНДЕ ү с т. Шамасында, мөл-
шерінде, көлемінде. Айналасы екі-үш
жетінің б е д е л і н д е шаңы аспанға шығып,
тұяқкешті боп қу тақырланып шыға келеді
(Р.Ниязбеков, Отағасы, 137). Бұрын осы
төңіректің бəрі телегей теңіз көл екен, бес-
алты жылдың б е д е л і н д е танабы тар-
тылып, тандыры қурап қалғанға ұқсайды
(А.Мекебаев, Жезтырнақ, 20).
БЕДЕРСІЗДІК з а т. Бедері жоқтық,
тиянақсыздық. Сол бір бедірейген құрдым
б е д е р с і з д і к т е н қызылды-жасыл ұлан-
103
Байынқол Қалиев
асыр дүниені қайта тірілткендей боласың...
(Қаз. əдеб., 25.10.1974, 3).
БЕДЕРІ з а т. с ө й л. Шықбермес
Шығайбай, сараң, бедірейіп қалған.
Сұрауын тапсаң б е д е р і де береді (Мақал).
БЕДЕШІ з а т. Беде егуші, беде өсіру ма-
маны. Қыста өткен агротехникалық оқуға
қатысушыларға маман огрономмен бірге
тəжірибелі б е д е ш і Ү. Есжанов, т.б. жол-
дастар сабақ берді (Индер, 07.05.1970, 3).
БЕДІРЕУІК: Бедіреуік бие. Бедірейіп,
иімей қоятын бие. Б е д і р е у і к б и е
– сауғанда тез иімей тұрып алатын бие
(Қазақша мал атаулары, 20).
БЕЗ: Без маңқа. в е т. Маңқа ауруының
мал танауына түскен жеңілдеу түрі.
Халық маңқаның өкпеге түсетін ауыр
түрін – көкірек маңқа, танауға түсетін
жеңілдеу түрін – б е з м а ң қ а, танау маң-
қа деп атайтын (Х. Арғынбаев, Қаз. этногр.,
120).
Без терді. ж е р г. Безектеді, тыным
таппады. Безектегеннен безектеп жүріп
б е з т е р і п кетті. Б е з т е р г е ні емей
немене, шығанақ пен түбекті тінткілеп
жүріп аулаған аз ғана балығы ортақ қазанға
түскенде жұмырға жұқ болмады (Қаз. əдеб.,
30.09.1963, 8).
БЕЗБЕ с ы н. Безіп (қашып) кететін,
ұстатпайтын. Жануар-ай күлік екен шын
б е з б е, Тас жиренге жетті сұр ат бұл кезде.
Таралғыны үзе жаздап шіреніп, Екі бөле
қалды айқасып бір кезде (Жалын, 1974,
4, 110).
БЕЗ-БЕЗДЕК з а т. Желдің əсерімен
безек қағып айналатын ойыншық. «Б е з-
б е з д е к», «зырылдауық» ойындарының
тəрбиелік маңызы сол, мұндай ойындарға
желдің əсері керек болғандықтан, оның
бағытын айырады, дүние танымдылығын
қалыптастырады (Б. Төтенаев. Қаз. ұлт.
ойын., 38).
БЕЗБҮЙРЕКТЕН е т. 1. Мейірімсіздену,
қатыгездену. 2. Бедірею, тесілу. Əлі ыр-
ғалып тұрған айналмалы əйнек есікке б е з
б ү й р е к т е н е біраз қарады (Т. Əбдіков,
Айтылмаған., 65).
БЕЗБҮЙРЕКТЕНУ Безбүйректен
етістігінің қимыл атауы.
БЕЗГЕЛДЕК с ы н. с ө й л. Безілдеп
қалған; шырылдауық. Түн түңдігі б е з г е л
д е к шегірткенің ғана мерейіне айналған-ау
(О. Бөкеев, Үркер, 10).
БЕЗГІЗ Без етістігінен жасалған
өзгелік етіс.
БЕЗГІЗУ Безгіз етістігінің қимыл ата-
уы (А. Хасенова, Етістік., 245).
БЕЗЕНДІРУШІ з а т. Безендіру
ісімен айналысушы, сəндеуші. Конкурс
қорытындысы полиграфиктердің, б е з е н
д і р у ш і л е р д і ң шеберліктері артып
отырғанын тағы да дəлелдеп берді (Қаз.
əдеб., 03.05.1974, 1). Бұл жай əсіресе кітап
б е з е н д і р у ш і л е р арасында жиі байқа-
лып келеді (Қаз. əдеб., 10.05.1974, 4).
БЕЗЕНШІ з а т. ж а ң а. Бір нəрсені
безендіретін маман. Жаңа атаулар мен
қолданыстар: алаугер (факельщик),
бəссауда (аукцион) б е з е н ш і (дизайнер)
т.б. орыс тіліндегі сөздерге балама ретінде
қолданылып жүр (Ана тілі, 07.02.2013, 4).
БЕЗЕҢДЕ е т. Тілін безеп сөйлеу,
сүйреңдеу. Б е з е ң д е г е н тілі жанына тие
бергесін, ертеден бері жібермей тас қып
ұстап алған қолын қатты жұлқып босатып
алды (Ə. Нұрпейісов, Соңғы., 90). Көбіне
оның жалпылдаған аузын көрді. Б е з е ң
д е г е н тілін көрді (Бұл да, 238).
БЕЗЕҢДЕУ Безеңде етістігінің қимыл
атауы.
БЕЗЕР з а т. Безіп кетуі, қайырылмауы.
«Ағайыннын азары болса да, б е з е р і жоқ»
екеніне басқа іс түскенде көзіміз жетті
(Ж. Тұрлыбаев, Семсер, 110).
БЕЗЕУЛІ с ы н. с ө й л. Безді. Оң қолына
қанжар ұшты, қайың б е з е у л і найзасын
ап, жау келетін күншығыс жақты қырындай
берді (І. Есенберлин, Алмас., 232).
БЕЗШЕ¹ з а т. Кішірек келген без (С.
Арзымбетов, Ауылш. сөзд., 77).
БЕЗШЕ² ү с т. Без сияқты, без тəрізді.
≈ Б е з ш е томпиып тұр.
БЕЗІЛДЕК з а т. к ө н е. Байырғы
музыка аспаптарының бірі. Ал мес, б е з
і л д е к, дүңкілдек, азаншы секілді біраз
аспаптарды қалпына келтіру жолдарын
əлі де іздестірудеміз (Қаз. əдеб., 13.07.
1984, 12).
БЕЗІНДЕ е т. с ө й л. Безіну. Өкірек
өскен өзім деп, Анайы өскен б е з і н д е п...
Айыпты бұған өзім деп (Ө. Тұрманжанов,
Менің кітабым, 106).
БЕЗІНДЕУ Безінде етістігінің қимыл
атауы.
БЕЙƏДЕПТЕУ с ы н. Əдепсіздеу,
көргенсіздеу. Б е й ə д е п т е у əйелдердің үй
104
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
іргесінде жайылған малға: «Өй, өлігіңнің
ішіне...» деп қарғап-сілеген дауыстарының
шықпағанына да недəуір уақыт өтіпті
(О.Сəрсенбаев, Жиде., 154).
БЕЙБАҚТАН е т. Долдану, ұрысу,
көкбеттену; бетпақтану. Біреулердің
шəңкілдесіп ұрысып, б е й б а қ т а н ы п
жатқанын байқаса, апасы бұларды ол
маңнан дереу шақырып алады (К. Ахмет-
беков, Қасірет, 1, 46).
БЕЙБАҚТАНУ Бейбақтан етістігінің
қимыл атауы.
Б Е Й БАС ТА Қ СУ Б е й б а с т а қ с ы
етістігінің қимыл атауы.
БЕЙБАСТАҚСЫ е т. Жүгенсіздік
көрсету, тəртіпсіздік байқату. – Б е й б а с
т а қ с ы п бара жатса, дер кезінде мыл-
тығын алып, клубқа хабарлаңыз (Ж.
Сатылғанов, «Қауырсын» клубы, 31).
БЕЙБАСТАҚТАН е т. Бейбастық
көрсету, жүгенсіздену. ≈ Б е й б а с т а қ
т а н б а с а ң қайтеді.
БЕЙБАСТАҚТАНДЫР Бейбастақтан
етістігінен жасалған өзгелік етіс. –
Балаларыңды б е й б а с т а қ т а н д ы р
м а й неге ұрсып қоймайсыңдар? (Қ.
Əбдіқадыров, Əңгім., 27).
БЕЙБАСТАҚТАНДЫРУ Бейбас-
тақтандыр етістігінің қимыл атауы.
БЕЙБАСТАҚТАНУ Бейбастақтан
етістігінің қимыл атауы.
БЕЙБАСТЫҚТЫҚ з а т. с ө й л.
Бейбастақтық. Табиғатына тəн емес, өзіне
жараспайтын өрескел əдетпен əуестену –
б е й б а с т ы қ т ы қ (Қаз. əйелдері, 1975,
2, 27).
БЕЙБЕРЕКЕТТЕН е т. Берекесі
кету, берекесіздену. Ол екі-үш күнге
дейін өзіне-өзі келе алмай ала бөртіп,
шайқалып-теңселіп, ішінен қайнап бітеу
жора боп, б е й б е р е к е т т е н і п жүрді
(Ө. Тұрманжанов, Адам., 91).
БЕЙБЕРЕКЕТТЕНУ Бейберекеттен
етістігінің қимыл атауы.
БЕЙБЕРЕКЕТТЕУ с ы н. Берекет-
сіздеу, тұрақсыздау. Сөзі енді б е й б е р
е к е т т е у, маңызсыздау болып шықты
(Қ. Тұрсынқұлов, Есіңде ме., 76).
БЕЙБІТ: Бейбіт қатар өмір сүру.
с а я с. Елдер арасындағы бейбітшілік
пен прогреске негізделген мемлекеттік
қарым-қатынас ұстанымдарының бірі
(ҚСЭ, 2, 233).
БЕЙҒАЙЫП с ы н. с ө й л. Белгісіз,
құпия, жасырын, тылсым. Өмір мен өлім
ортасындағы болжаусыз, б е й ғ а й ы п
тірлігі бар кісінің ойы еді(Ж. Ахмади,
Айтұмар, 122).
БЕЙҒАМСУ Бейғамсы етістігінің
қимыл атауы.
БЕЙЖАЙЛАН е т. Бейжай болу, жай-
барақаттану. Біраздан соң бойы б е й
ж а й л а н ы п, денелері босап, тынығуды
аңсады (Т. Əбдіков, Айтылмаған., 105).
Б Е Й Ж А Й Л А Н У Б е й ж а й л а н
етістігінің қимыл атауы.
БЕЙКЕСПІР с ы н. Кеспірсіз, сұрықсыз,
сиықсыз. Осынау тұман бас алдырмай
сабалаған нөпір нөсердің соққысынан сау
тамтығы қалмай, б е й к е с п і р болған
даланың дал-дұл сықпытын көрер көзден
жасырғысы келетін шығар (О. Бөкеев,
Қайдасың., 187).
БЕЙКҮНƏЛАН е т. с ө й л. Күнəсізден.
Ханымкүл Атанға б е й к ү н ə л а н а жəу-
дірей қарады (Таң нұры, 20).
Б Е Й К Ү Н Ə Л А Н У Б е й к ү н ə л а н
етістігінің қимыл атауы.
БЕЙҚАМАЛ ү с т. ж е р г. Жай, бекер-
ден-бекер. Балабура б е й қ а м а л тұра беру-
ді жөн көрмеді (К. Сегізбаев, Ашылмаған.,
18).
БЕЙҚҰТ с ы н. ж а ғ ы м с ы з. 1.
Құтсыз, берекесіз. Құтсыз мағынасын
білдіретін «б е й қ ұ т» сөзін ұнамды
мағынада қолданылатын əріптестеріміз де
бар (Қаз. əдеб., 14.12.1990, 7). 2. ж а ғ ы м
д ы. Бейбіт, тыныш (өмір).
Достарыңызбен бөлісу: |