Жазықова М.Қ. Этнопедагогика


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



бет28/97
Дата27.11.2023
өлшемі497,09 Kb.
#128670
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   97
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1 Халықтық тәрбиенің факторларына сипаттама беріңіз.
2 «Не ексең, соны орасың» деген сөздің халық педагогикасымен байланысын қалай түсіндіресіз?
3 «Шаршағаныңызды, ауырғаныңызды, аштығыңызды дауыстап айтпаңыз. Бұл туралы бөгде адамдарға да айтпаңыз. Ал жақындарыңыз бен туыстарыңыздың құлағына сыбырлап қана айтыңыз» деген ғибратты халықтық тәрбиенің қандай факторымен байланыстырар едіңіз?
4 Еңбек тәрбиесін уағыздайтын қазақ ертегісін айтып беріңіз. Аталған ертегіні таңдау себебіңізді түсіндіріңіз.
5 Қазақтың ұлттық музыка өнерін дамытуға үлес қосқан тұлғалар туралы баяндаңыз.
7. Ежелгі жазба мұралардағы халық тәрбиесі



    1. «Ұлы Жасақ» тәрбие туралы

    2. Я.А.Коменский және халықтық тәрбие

    3. К.Д.Ушинский тәрбиенің халықтығы туралы

    4. А.С.Макаренко және халықтық педагогика

    5. В.А.Сухомлинский тәжірибесіндегі халықтық педагогика

Негізгі ұғымдар: Ұлы Жасақ, Отан, адам, кітап, ана тілі. халықтық тәрбие.
7.1 «Ұлы Жасақ» тәрбие туралы
Шыңғысхан (1155-1227 жж.) - «Халықтық нақыл» және «Заңдар» деп аталатын екі бөлімнен тұратын «Ұлы Жасақ» құжатының авторы. Бұл құжат 1206 жылы  Шыңғысханның басқаруымен өткен түркі-моңғол ақсүйектерінің құрылтайында құрастырылған. 13 ғасырдың басында моңғол мемлекетінің құрылуы мемлекетті баскару үшін ортақ, жазбаша баянды етілген құқыктық нормалар мен заң ережелерін әзірлеу қажеттігін туғызды. Жаңа жағдайларға сай келетін заңдар осы мақсатқа орайластырылды. Заңдар мен ережелердің бұл жиынтығы Шыңғысханның "Ұлы ясасы" деген атқа ие болды. Яса (неғұрлым толық формасы - ясак, моңғолша - дзасак) "қаулы", "заң" дегенді білдіреді. Шыңғысханның зандары мен қаулылары орамаларға жазылып, Ясаны терең білетін неғұрлым беделді ханзадаларда сақталған. Яса түпнұсқада сақталмаған және үзінділер мен мазмұны қысқаша баяндаулар түрінде ғана белгілі. Бүгінгі заманға бұл еңбек «Ұлы жасақ» – Шыңғысхан тағайындаған Заңдар кодексі түрінде жетіп отыр. Жинақтың алғашқы мақаласында тәрбиенің жоқтығы, нашарлығы салдарынан болатын кемшіліктер туралы айтылған. Тәрбиенің нашарлығынан, тіпті мүлдем болмауынан балалар әкелерін тыңдамайды, кішілер үлкендердің сөзіне құлақ аспады, күйеуі әйеліне, ал әйелі күйеулеріне сенбейді, келіндері қайын аталары мен енелерін сыйламайды. Осыдан тәртіпсіз, бастары бірікпеген тайпалар пайда болады дей отырып, автор барлық азаматтар үшін орындалуы тиіс тәрбие заңдарын атап көрсетеді.
Енді аталған құжаттың кейбір баптарына тоқталайық:
1. Нәпсіқұмар адам, оның әйелі (күйеуі) бар-жоқтығына қарамастан, өлім жазасына кесіледі.
2. Кімде-кім қасақана өтірік айтса, біреудің ізіне түсіп аңдыса немесе келіспей тұрған екеуінің біреуіне барып жақтасса, өлім жазасына кесіледі.
3. Кім суға немесе күлге дәрет алса, өлім жазасына кесіледі.
4. Кімде кім тауар алып, ақысын қайтара алмаса, үш мәртеден соң өлім жазасына кесіледі.
5. Кім тұтқынға рұқсатсыз тамақ пен киім берсе, ол өлім жазасына кесіледі.
6. Кім қашқан құлды немесе тұтқынды тауып алып тұрып, иесіне қайтармаса, өлімге бұйырылады.
7. Кімде-кім ас ішіп жатқан адамдардың қасынан өтсе, аттан түсіп, олармен бірге ауқаттануы тиіс, ал аналар бұған қарсылық көрсетпеуге міндетті.
8. Әбу Әлидің ұрпақтары мен үрім-бұтағы, сол сияқты Құран оқушы факирлер және заңгерлер, емшілер, ғалымдар, дәрәуіш-кезбелер, азаншылар алым-салықтардан азат етіледі.
9. Әскерлер соғысқа кеткенде, әйелдер ерлердің жұмысын істеуге міндетті.
10. Егер әмірлердің бірі кінәлі болып, жаза қолдану үшін оған шені ең төменгі қызметкер жіберілсе де, ол қарсыласпай, хан бұйырған жазаны құлдық ұра қабыл алуы тиіс.
11. Әрбір адам діндердің кез-келгенін құрметтеуге тиісті.
12. Мемлекет ішіндегі жай-жағдаяттардан хабардар болу үшін нояндар мен сұлтандар байланыс жүйесін жолға қоюға міндетті.
13. Кісі өлтіргені үшін мұсылманға қырық алтын теңге (балаш), қытайлыққа бір есек түрінен құн төлеп құтылуға рұқсат етіледі.
14. Кімнен ұрланған жылқы табылар болса, ол атты иесіне тоғыз жылқы қосып қайтаруға міндетті.
15. Кәнизактан туған балалар заңды болып есептелінеді, һәм әкесінің бұйрығы болған жағдайда дүние-мүліктен енші алуға құқылы. Дүние-мүлікті бөлу былайша жүзеге асырылады: жасы үлкеннің үлесі де үлкен, кішісі әке шаруашылығын иемденіп қалады. Балалардың үлкенді-кішілі жолдары олардың шешелерінің жол-жоралғысына қарай анықталады. Әйелдердің жол- реті некеге тұру уақытына орай белгіленеді.
16. Әкесі өлген жағдайда оның мұрасына баласынан басқа адамның қақысы жоқ.
17. Ешкімнің де, нояндар мен сұлтандардың, басқа да шонжарлардың алдын-ала Жалпы кеңесте сайлаусыз өзін қаған жариялауға құқы жоқ. Мұндайлар өлім жазасына бұйырылады.
18. Хан тұқымынан бөтен былайғы жұрттың құрметті лауазымға ие болуға қақысы жоқ.
Шыңғысхан әскери іске қатысты өзіне дейін жинақталған тәжірибені жетілдіріп, оның негізгі қағидаларын «Ұлы Жасақ» заңдар жинағына енгізді. Егер бұған дейін соғысқа қатысты іс-әрекеттің бәрі әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің негізінде реттелсе, енді ол сол дәстүрлерге сүйеніп жасалған заңдық, құқықтық нормаларға құрылатын болды. Ұжымдық жауапкершілік, антқа адал болу, опасыздық жасамау, бұйрықты сөзсіз орындау, әскери борышты атқаруға сақадай сай болу, жорық үстінде жан-жаққа барлаушылар мен шолғыншыларды аттандыру сияқты ұстанымдардың алғаш Шыңғысханның Заңдар жинағында орын алуы әлемдік қолбасшылық мектептің жаңа сатыға көтерілуіне ықпал етіп қана қоймай, дүние жүзі қарулы күштерінің құрамы мен құрылымының, соғыс жүргізу тәсілдері мен тактикасының дамуына үлкен әсерін тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет