Жазықова М.Қ. Этнопедагогика


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



бет44/97
Дата27.11.2023
өлшемі497,09 Kb.
#128670
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   97
Байланысты:
Этнопедагогика Оқу құралы - соңғы

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1 Қазақ этнопедагогикасының мақсат, міндеттерін көрсетіңіз.
2 Қазақ этнопедагогикасының негізгі қағидаларын атаңыз
3 Қазақ этнопедагогикасының ғылыми әдістері, заңдары мен заңдылықтары туралы баяндаңыз.
4 Қазақ этнопедагогикасының атқаратын қызметтері қандай?
5 Қазақ этнопедагогикасының негізгі қағидаларына талдау жасаңыз.



  1. Қазақ халық педагогикасы – қазақ этнопедагогикасының қайнар көзі




    1. Қазақтың халық этнопедагогикасы және этнопсихология

    2. Қазақ этнопедагогикасындағы қазақтың ұлттық философиясының ролі

    3. Этникалық тәрбие этникалық мәдениеттің бір бөлігі

    4. Қазақ этнопедагогикасының тәжірибесі

Негізгі ұғымдар: этникалық мәдениет, этникалық тәрбие, қазақтың
ұлттық философиясы, этнопсихология, ұлттық мінез, ұлттық сана, ұлттық талғам, ұлттық сезім.
3.1 Қазақтың халық этнопедагогикасы және этнопсихология
Қазақтың халық педагогикасы көшпелі өмір салты жағдайында ғасырлар бойы жасалды. Үш жүз, жеті ата, рулық туыстық қатынас сияқты күрделі құрылымнан тұратын қазақ қоғамының ынтымақ-бірлігін сақтауда ақын-жыраулардың, би-шешендердің, ел ақсақалдары мен батырлардың өзіндік орны болғаны анық. Рулық-тайпалық қатынастарға тән қандық туысқандық, бірлік-достық сезім, өзара көмек, үлкендер мен ата-баба рухын құрметтеу, салт-дәстүрді сақтау сияқты қасиеттер халық психологиясында көрініс тапқан.
Этнопсихология – адамдар психикасының этникалық ерекшеліктерін, ұлттық мінезін, ұлттық сезімін, өзіндік санасын және т.б. зерттейтін ғылым. Этнопсихология жалпы мінез-құлық, тәртіп, ойлау сипатының және т.б. психологиялық ерекшеліктерін зерттейді. Этнопсихологиялық ерекшеліктер халықтың педагогикалық көзқарастарына, халықтық педагогиканың құралдары мен амалдарына ықпал етеді. Этнопсихология этнопедагогиканың негізін қалайды. Ұлттық психология ұлттың ділін (адамдардың психикалық өмірінің ерекшеліктерін) анықтайды.
Қазақ этнопсихологиясына байланысты алғаш тұшымды ой айтқан Ш.Уәлиханов болатын. Ол өзінің «Адай өлкелерінің географиясы», «Ыстықкөлге саяхат», т.б. еңбектерінде қазақ, қырғыз халықтарының этногенезесін кеңінен талдады. Оның еңбектерінде «халық рухы» деген сөз тіркесі жиі кездеседі. Мұны «халықтық психология» ұғымының синонимі деуге болады. Бұл жайт біртуар қазақ ғалымының сол кездегі еуропалық этнопсихологтардың еңбектерімен таныс болғанын байқатады. Ғалымның пікірінше, қазақтар мен қырғыздардың психологиялық типі өзіндік тұрмыс-салты мен шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан. «Халықтың сәлемдесуі, - деп жазды ол, - біздің байқауымызша, ұлттардың ерекшелігін анық бейнелейді. Мысалы, қазақтар бір-бірімен кездескенде «мал-жан аман ба?» деп сәлемдеседі. Бұл мал шаруашылығымен айналысатын халықтарға тән психологиялық ерекшелік екені анық». Ш.Уәлиханов қазақтардың этникалық бейнесін суреттей отырып, жастардың қарттарға деген құрметі мен ілтипатын, жалпы халықтың қонақжайлылығын атап көрсетеді. Ғалым аталған этникалық ерекшеліктердің өмірде орын алуын қазақ халқының бірнеше ғасырлық рулық-тайпалық қатынастарына байланысты деп қорытады.
ХХ ғасырдың басында қазақ ұлттық психологиясының дамуына елеулі үлес қосқан қазақ ғалымы М.Дулатов болды. Оның «Оян, қазақ» атты өлеңдер жинағының арқалаған әлеуметтік жүгі өте жоғары болғандықтан, халық арасында кең тарап кетті. Кітаптың беташар өлеңі: «Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі» деп аталады. Ақын емін-еркін далада көшіп-қонып жүрген халықтың басындағы ауыр жағдай туралы толғанып, зиялы қауымды одан құтылудың жолдарын табуға шақырады. Сөйтіп,
Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,
Қарағым, енді жату жарамас-ты, - деп ұран салды. Қазақ этнопсихологиясының қалыптасуы ХІХ ғасырдың отызыншы жылдары Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Әлжанов, Х.Досмұхамбетов, т.б. ғалымдар еңбектері арқылы жүзеге асырылса, кейін, яғни өткен ғасырдың қырқыншы жылдарының аяғы мен елуінші жылдарының басында қазақ этнопсихологиясы жаңаша зерделеніп, дами түсті. 50-60-жылдары қазақ этнопсихологиясының дамуына М.Мұқанов, Т.Тәжібаев сияқты ғалымдар үлес қосты. Осы жылдары елімізде этнопсихологиялық әлеуметтік-тарихи зерттеулер жүргізіле басталды. Өкінішке орай, бұл жүргізілген зерттеулер негізінен коммунистік идеология тұрғысынан жазылып, кеңес мемлекетінде орнаған әкімшіл-әміршіл, тоталитарлық жүйе ұлттық ғылымның дамуын тежеді. Тек еліміздің егемендік алуына орай қазақ этнопсихологиясы ұлттың ділін анықтайтын ғылым ретінде тарихи тұрғыдан қайта түлеп, жаңарды.
Қазіргі қазақ ғалымдары ар мен намысты қасықтай қаны қалғанша қорғай білу, дарқан көңіл, ақжарқындылық пен адалдық, досқа деген мейірімділік, қандық-туыстық сезімдердің жоғарылығы, үлкендер мен ата-баба рухына адалдық, салт-дәстүрді берік сақтау қазақтардың этнос ретіндегі бойына туа біткен басты ұлттық психологиялық ерекшеліктері болып табылатынын атап көрсетеді. Профессор С.Қалиев қазақ халқының ұлттық даралығы олардың ой-толғаныс қазынасында (ұлттық психологиясында), ұрпақ тәрбиелеу тәсілдері (этнопедагогикасында) және салт-дәстүр ерекшеліктерінде (этнографиясында) деп есептейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет