Және Ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік



бет28/65
Дата28.11.2023
өлшемі0,55 Mb.
#130758
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   65
«Қайшылау» тәсілімен ұзындыққа секіру тәсілі.Бұл секірілу жүгіріп келуден итерілуге ауысуда және ұшу жағдайындағы қозғалыста адымдау қадамының құрылымын үйлестіру есебінен неғұрлым тиімді. «Қайшылау» аты қозғалыс сипатын толық бере алмайды. Ұшу кезінде тіктелген аяқпен бір- біріне қарама-қарсы қозғалыс болмайды. Секіру кезінде аяқтар 2-3 адымдау жағдайындағыдай, бірақ неғұрлым еркін және серпілмелі қозғалыс жасайды. Сондықтан бұл тәсілді «ауада жүгіру» деп атайды.
Содан кейін сол аяқ серпілетін өте бүгілген жағдайда жоғары артқа қарай жіберіліп, жерге түсер алдында түзетіліп, итерілетін аяққа қосылады.Аяқ алға қарай жіберілгенде дене алға қарай еңкейеді.Адымдап келіп ұшқаннан кейін қолдар жоғары көтеріліп, әр түрлі шеңберлі қозғалыстар арқылы теңдіктер сақтайды. Сермелген аяқ жерге түсірілгенде сол аяқ, оң қол шынтақ тұсынан түзетіліп, жоғары көтерілу арқылы артқа жіберіледі. Бүгілген басқа қол итерілудің соңында түзетіліп, содан кейін жоғары жіберіледі. Аяқты алға қарай жібергеннен кейін қол төмен түсіріліп, дене бүгіліп, жерге түсумен аяқталады. Секірудегі барлық қозғалыстар табиғи түрде жасалып, бірінен кейін бірі жалғасады.
Жерге түсу. Жерге дұрыс түсу алысқа секіруде үлкен маңызға ие. Көптеген секірушілер жерге дұрыс түспеу салдарынан өздерінің тиісті нәтижелеріне жете алмайды. Секірудің барлық тәсілдеріне топталу, жерге түсуге дайындалу ұшу траекториясының тік кесіндісінен бұрын басталады, бұл жағдайда дене массасының жалпы орталығы өзінің бастапқы деңгейіне жетеді, яғни итерілген сәттегі биіктікке деңгейлес келеді. Жерге түсуге дайындалу бірінші кезекте жамбасты көтерумен, тізені кеудеге жоғары көтеріп, денені неғұрлым июмен қамтамасыз етеді. Сирақтар бұл жағдайда төмен түсіріліп, қолдар жоғары артқы жағдайда болады. Осы ерекшеліктер жерге түсер алдында орындалуы керек. Аяқтарды бүгу және оларды ұстап тұру құмға түсер алдында орындалады. Жерге түсер алдында өкше жамбастан сәл төмен болуы керек. Дене бұл жағдайда көп иілмеуі қажет, өйткені ол аяқты неғұрлым жоғары көтеруге кедергі келтіреді. Шынтақтан бүгілген қолдар жоғарыдан төмен түсіріліп, төмен сәл ғана артқа қарай жіберіледі. Табан жерге тиісімен аяқтарды тізеден бүгілу басталады. Бұл жерге түсер кездегі соққыны жеңілдетеді де, дене массасының жалпы орталығының кедергіден өтер кездегі қозғалысына мүмкіндік береді.
Жерге түсуді орындай отырып секіруші бел мен аяқтарды бүгіп, сәл ғана алға қарай жіберіледі. Жерге түсуден басқа – топталып түсу әдісінде аяқты жоғары көтеріп, бір мезгілде денені алға қарай бүгеді. Секірушінің денесі неғұрлым бүгілетін болса, жамбас тұсы соғұрлым артқа жіберіледі, ол аяқта ұстап тұруға қиындық тудырады. Сондықтан топталып түсу әдісінен секіруші жерге түскенде тиісті жерге түсу нүктесіне жақындай алмайды. В.М.Дычковтың мәліметіне қарағанда 25см-ге жуық жоғалтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет