Жүгіріп келіп, биіктікке «Фосбери-флоп» әдісімен секіру.
Биіктікке секірудің техникалық шеберлік деңгейін спортшының неғұрлым жоғары деңгейге жеткен жағдайында оның қозғалу мүмкіндіктерін қалайша толық пайдалануына қарап анықтауына болады.
Осы секіру әдісін 1968 жылы Мехикода өткен олимпиада ойынынды Фосберри көрсеткен. Ол 2 метр 24 см секіріп, олимпиада чемпионы атанды.Оның бір ерекшелігі таяқшадан арқа жағымен өтеді, былай өту дененің бөлшектерін бір қалыпты өтуін қамтамасыз етеді. Осылай қиғаш өту жылдамдыққа қамтамасыз етуді талап етеді.Таяқшадан өту жылдамдығын өсіру үшін доғамен жүгіруді талап етеді, себебі, ортақ күш жылдамдығы туындайды.Ортақ күш жылдамдығын үдету итеру кезінде бір жағынан итерілуді жылдамдатады, екінші жағынан қосымша әдістерді қолдануға әсер етеді,қуатты итерілу үшін сермелген аяқты жоғары бағыттайды. Әдістік жағын алғанда итерілу жылдамдығын тежемеу үшін итерілетін аяқтың табанын толық қояды,өкше арқылы өтпейді тез сермеген аяқты жоғары бағыттайды.Итерілу уақытының орындалуы Фосбери Флоп әдісінде ұзындыққа секіруге таяу.Орта есеппен 0,15 секунд (ұзындыққа секіруде 0,10 секунд)ал басқа әдістерде, мысалы, аспалап секіруде 0,20-0,22 секунд.
Доға үлгісі бойынша жүгіріп келіп орындалған «Фосбери- флоп» техникасымен итерілген кезде жүгірудің орталық күші пайда болатынын көрсетті. Міне, бұл тәсілдердің айрықша ерекшелігі осында.
Жүгіріп келіп биіктікке секіру – бұл спорттың күрделі түрі.
Оны сипаттап шығу үшін мынандай негізгі құрлымдық салаларға бөлуге болады. Екпіналу,итерілужәне белдеуденөту.
Екпіналу. Биіктікке секірудің нәтижесі секірушінің жоғары жүгіру жылдамдығына жетуіне байланысты, ол итерілудің қуаты мен «ұшудың» бастапқы жылдамдығының артуына жағдай туғызады. Жүгіру алғашқы бетте түзу, содан кейін үш адымдық доға бойынша жүгіру неғұрлым жоғары жылдамдықпен жүгіру кезінде өте тиімді. Бұл жоғары жылдамдықпен доғаның қисықтық шағын радиусы кезінде орталық жүгіру жылдамдығы артып, итерілудің тиімділігін төмендететін артық күш жұмсалатындығы мен түсіндіріледі. Жүгірудің жоғары жылдамдығы адымдардың санымен тығыз байланысты болады. Жүгіру ұзындығы 9-11 жүгіру адымын құрайды да, соңғы 3-5 адым доға бойынша орындалады. Жүгіру сөреден денені еңкейтуден басталып, иық пен бас шамалы алға жібертіледі. Адым сөреден басталып, бүкіл жүгіру бойында табанның ұшымен орындалады. Жүгіру техникасы ұзындыққа секіруге жүгірудің техникасына ұқсас келеді. Жүгіру техникасы сөреден басталып бірте-бірте ұлғайып арта түседі. Жүгіру жылдамдығының жоғарғы деңгейі соңғы 6 адымда 7,9 – 8,2 м/с.құрайды, ал ең соңғы адымда жылдамдық азайып, итерілетін аяқ жерге жанасар сәтте 7,7 – 7,8 м/с.болады.
«Фосбери – флоп» әдісімен жүгіру ерекшелігі – соңғы 3 – 5адымға жуықтау болып табылады. Бұл жағдайда орталық күші пайда болып, оның шамасы жүгіру жылдамдығына, секірушінің соңғы адымдарында доға бойынша қозғалуына, сонымен бірге, секіруші денесінің массасына байланысты болады. Секіруші орталық жүгіру күшіне қарсы әрекет ете отырып, денесін жүгіру доғасының ішкі жағына қарай еңкейтуі керек.Доға бойымен жүгірген кезде қолдар ассиметрия қозғалады.Бұрылуға кіріскен сәттен бастап, сермелетін аяқ жақтағы қол артқа қарай жіберіледі, ал доғаның орталық нүктесіне жақын қол алға, шамалы ішке қарай босатылады.
Келтірілген деректер жүгіруші қозғалысының сермелу құрлымы жүгірудің соңына таман жылдамдықты ұдайы арттыруға байланысты құрылатынын көрсетті.
Жүгірудің ең бір маңызды кезеңі итерілуге дайындық болып табылады. Сермелетін аяқты қойған кезде сирақтың итерілуіне, қозғалыстың бәсеңдеуіне және итерілетін жағдайға дайындық кезінде сермелетін аяқ қимылы бәсеңдейді.
Аяқтың табанымен серпіліп итерілу итерілетін адым алдында қозғалысты арттыруға жағдай жасайды және жерге итерілетін аяқты дұрыс қоюды қамтамасыз етеді.
Сермелетін аяқ арқылы өту итерілуді орындауға дайындық кезіндегі басты шарттардың бірі болып табылады. Секіруші сермелетін аяқ арқылы өткенде дене тік сақталады. «Фосбери – флоп» әдісімен секіргенде тік жағдайда сермелетін тізе буынының бұрышы 100-150 градусқа тең, аударылу тәсілінде 90-95%. Итерілу адымының алдындағы құрылым өзгерісі болған кезде, аударылу тәсілінен бөлек «фосбери – флоп» әдісімен секіргенде итерілу арнайы қозғалыс өзгерісіне қажет етпейді де, оны орындау жүгіру барысында жүзеге асады.