Жерді кадастрлық бағалаужәне аймақтау пәні Курстық жұмыс Тақырыбы



бет27/28
Дата19.04.2023
өлшемі371,11 Kb.
#84580
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Бағалау нəтижелерін келісу
Нақты жағдайға байланысты үш тəсілдің əрқайсысының нəтижелері бір-бірінен көп немесе аз дəрежеде ерекшеленуі мүмкін. Құнның қорытынды шамасын таңдау бағалау мақсатына, қолда бар ақпаратқа жəне оның сенімділік дəрежесіне байланысты болады. Құнның жалпы шамасын анықтау үшін орташа өлшенген мəн əдісі қолданылады.
Бағалаушы өз есептеулерінде салыстырмалы тəсілмен алынған бағалауға шығынды жəне табысты тəсілдерді алып тастағандықтан, 100% сенімділік берілді, өйткені осы есепте шығынды тəсіл мен табысты тəсіл қолданылмады.
Осылайша, салыстырмалы талдау əдісімен анықталған бағалау объектісінің ұсынылатын нарықтық құны: 35 420 000 тг.
Қорытынды: Бүгінгі зертханалық жұмыста Алматы қаласы, Наурызбай ауданындағы жылжымайтын мүліктің нарықтық бағалау құнын анықтадық. Оған бағалаудың əлемдік жəне отандық тəжірибесін талдау жылжымайтын мүлікті бағалау үшін салыстырмалы тəсіл қолданылды.

Қорытынды
Бағалап бөлу топырақ пен геоботаникалық материалдарды, климаттық және орографиялық көрсеткіштерді, жерді бағалаудың ІІІ турының қорытындысын, Еңбекші қазақ ауданы әкімшілігінің ауыл шарауашылық дақылдарының өнімділігі мен өсімдік шаруашылығы өнімдерінің құны байланысты мәліметтерін зерттеу негізінде орындалған. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бағалау кезінде аудан жері топырағының сапасын есеп ала отырып, шаруашылықтардың мамандандырылуы бағалау учаскелеріне орай (контурлар) бөлінген. Бастапқы нақты мәліметтерді математикалық екшеудің нәтижесі ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі, табиғи жемшөп алқаптары мен топырақ өлшемдері арасындағы жоғары корреляциялық байланысты көрсетеді.
Жерді кадастрлық бағалау жерді қолданылатын мақсатына және пайдаланылуын есепке ала отырып, оның категориялары бойынша жүргізіледі, бұл орайда жердің кіріс әкелуі, оны жақсартуға кететін ағымдағы шығын, жер нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың ара салмағы ескеріледі. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын және орман қоры жерлері оның өнімділігі, табиғатының қорғалуы, рекреациялық маңызы, орналасқан жері бойынша бағаланады. Қалалар мен елді-мекендердің жерлері құрылыстың тығыздығын, орналасқан ауданының артықшылығы, экологиялық жай-күйі, әлеуметтік және инженер-көлік жағдайымен қамтылуы және т.б. есепке алына отырып, қолданылатын мақсатына сәйкес бағаланады.
Қорыта келгенде жердің құндылығы барлық қоғамда оның тұтыну құнын өндіретіндігімен анықталады. Сондықтан жерді экономикалық бағалау оның қоғамдық құндылығын есептеу болып табылады. Жердің тұтыну құндылығын бір жағынан оның тіршілік орны екендігі қалыптастырады. Осыған сәйкес экономикалық бағалау белгісі оның өндіргіш күш ретінде және өмір сүру ортасы ретінде қоғамдық құндылығы. Осы түрғыдан жердің қоғамдық құндылығы неғұрлым жоғары болса, ол соғырлым қымбатқа бағалануы тиіс.
Әлемнің көптеген елдерінде жердің бағасы жер қатынастарын реттеу мен жерді ақылы пайдаланудың қалыптасу саласындағы басты тұтқа болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет