ЖАҚСЫҒА ЖАН ҮЙІРСЕК
Қазақ өз тарихында халықшыл қайраткерлерден кенде
болған емес. Біз білетін алдынғы толқын ағалар Темірбек
Жүргеновтың, Ілияс Омаровтың, Жұмабек Тəшеновтың,
Оразалы Қозыбаевтың, Өзбекəлі Жəнібековтың қадір-
қасиетін, парасат-пайымын ел іші тамсана айтып отыратыны
рас. Жылдар өте біз осы ауызға алып отырған перзенттер
есімінің асқақтай беретіні, жадымызда қайта-қайта жаңғыра
түсетіні тағы шындық.
Ол ненің құдыреті? Мұнда қандай сыр бар?
Біздің пайымдауымызша, ол сыр – асыл ағаларымызыдң
халықшылдығында, өз жұртын, өз елін шексіз сүйетіндігінде,
кіршіксіз тазалығында дер едік. Жоғарыда есімдері
аталған кісілердің ішінен Оразалы Қозыбаевтың, Өзбекəлі
Жəнібековтың қолына су құйып, ризашылығын алып
əңгімесін есіткен шуақты бір сəттер болып еді.
...Ана бір жылдары Торғай жиі тасып, өзен жағалай
қоныстанған жұрттың берекесін ала берген. Ол уақытта
Орекең ағамыз аупарткомның бірінші хатшысы еді.
Ел-жұртты тосыннан келетін тілсіз жау қатерінен аман
алып қалу мақсатында аудан ағалары ел ішінде болатын əр
кез. Міне, солардың басы- қасында үнемі Оразалы аға болар
еді. Əлі күнге дейін көз алдымда вертолеттен қарғып түсіп,
белуарына дейін қонышын тартқан резіңке етікпен су кешіп
құтқарушылардың тобын өзі бастап жүретін еді ағамыз.
Міне, мен білетін осындай азаматтардың бірі Серік
Əбікенұлы Үмбетов дер едім. Ал, Серік Үмбетов кім? Ол
ең алдымен асыл азамат, ардақты əке, асыл жар, айнымас
дос. Ол мемлекет қайраткері, қабырғалы істің бас-қасында
жүретін қоғамшыл тұлға.
Секеңнің осынау қасиеттерін тарқата баяндайтын
мақалалар жазылды, ақ парақ бетінде эсселер өрнектелді.
Жүрек жарды лебіздер легі мерзімді баспасөз беттерінен
көрініп жатады əр кез. О да заңды. «Жақсы жүрген жерінде
218
із қалады» дейтін болсақ, ел қамы үшін атқарылған əрбір игі
істің адресаты көрініп тұруы қажет.
Менің Серік Əбікенұлымен таныстығым сонау 1992
жылдың күз айынан басталады. Ол еліміз өз тəуелсіздігінің
екінші жылының мың сан қарбаласын бастан өткеріп,
жариялылық пен демократияның нақ бел алып тұрған шағы-
тын. Ал, мен бас редактордың бірінші орынбасары болып
істейтін «Халық кеңесі» газеті сол өтпелі дəуірдің төл
перзентіндей болған газет еді.
Ол шын мəнінде қарапайым оқырманның сөз алып
ойын еркін ортаға салар мінберге айналған-ды. Өзі алғаш
шыға бастаған күннен-ақ елді елең еткен газет аз уақыт
ішінде жетпіс мыңға жуық тиражбен тарап отырды. Газет
таралымын ұлғайту шаруасымен ел ішіне жиі шығатынбыз.
Əлгі тиражымыздың өсу деңгейінің көрінісі сол ел ішіндегі
біздің кездесулеріміздің нəтижесі болса керек.
Кезекті іссапарымыздың бірінде жолымыз Алматы
облысының Күрті ауданына түсті. Жанымда газетіміздің
парламент бөлімінің меңгерушісі, білікті қаламгер
Мейрамбек Төлепберген. Екеуміз Алматы таңының
алакеуімен Ақши қайдасың деп тартып кеттік. Қаладан жүз
шақырымның о жақ бұ жағындағы аудан орталығына əп-
сəтте жетіп бардық.
Біздің келетінімізден алдын ала құлақтанған əкімшілік
басшылары кеңседе күтіп отыр екен.
‒ Серік Үмбетов, - деп қолын созды таныстық ишара-
сымен бидай өңді азамат. – Аудан əкімі қызметіне тағайын-
далғаныма онша көп уақыт бола қойған жоқ. Сондықтан мен
қарап үлгере қоймаған шаруашылықтардың ой- шұқырын
сіздермен бірге аралап көретін боламыз.
Əкім мұны ерекше бір ілтипатты лебізбен, бізді өзіне
іштарта ниеттестер іздеген кісінің пейілімен айтты. Талай
атқа мінген азаматтарды көріп жүрміз ғой, ал мына əкімнің
əңгімесінің əлқиссасы бізге ұнап қалды. Оң қабақ танытып,
жылы-жылы сөйлегенді кім теріс көруші еді. Сол кездесудің
сəтті өткені соншалық ауданның о шеті мен бұ шетін əбден
219
араладық. Осы сапарда алдында ғана Тоқаш Бокин атындағы
шаруашылықтың директоры болып жүрген азаматтың аудан
əкімінің лауазымына көтерілуінің бар сырына қаныққандай
болдық. Ал ақиқатына келсек оның түк те құпиясы жоқ екен.
Бар мəселе Серік Əбікенұлының қарапайымдылығында,
елмен етене араласуында, əділдігінде, өзгені сыйлай
білуінде, сонымен қоса өзін де өзгенің сыйлата білуінде.
1994 жылы қоңыр күзде Кербұлақта халқымыздың
қайраткер перзенті Тұрар Рысқұловтың 90 жылдығына
арналған мерейтойлық іс-шаралар өтті. Кербұлақтағы сол
той кейін талай алқалы ортада айтылып жүрді.
‒ Жас əкімнің іскерлігін айтсаңшы, - десті біреулер сүй-
сініп.
‒ Аруақты сыйлағанның аты озады, - деді екіншілері.
‒ Бұл жігіт əлі талай биіктерді бағындырады, - деді дуалы
ауыз ағалар.
Көп пікірі осылайша бір арнада тоқайласып жатты.
Зымыраған жылдар бедері көп пікірінің ақиқатына көз
жеткізді. Содан бергі уақытта Серік Əбікенұлы əр жылдары
екі облысты – Алматы жəне Жамбыл облыстарын басқарды.
Ол қай қызметте жүрсе де көпшілік алдында бетегеден
биік, жусаннан аласа қасиетінен танбады. Бұл оның өмірлік
кредосы еді.
***
Қызметтегі кісіде үнемі тақтайдай жол бола бермейтіні
тағы шындық. Бұған Серік Əбікенұлының ғұмыр жолындағы
бел-белестер дəлел.
Қайраткер кісіге қабырғалы іс сыншы дейміз.
Қызылағаштағы су тасқыны кісінің кісілігіне, мəрттігіне,
іскерлігіне сын болған сəт еді. Міне, сол қылкөпірден біздің
Секең соңынан сөз ертпей, ел алдындағы сүйкімін жоғалтпай
шықты. Ал ақиқатына келсек сол бір аласапыран кезең асыл
азаматтың бүкіл қайраткерлік таланты таразы басына түскен
шақ болатын.
Сол 2010 жылдың 13-22 наурыз аралығындағы əлемдік
БАҚ ақпараттарына, тіпті өзіміз шығарып отырған газет-
220
журналдар материалдарына көз жүгірткенде су тасқыны
облыс экономикасына қаншалықты зардап ала келгенін анық
байқайсыз. Табиғат апаты болған алғашқы күндерден-ақ 700
отбасын Талдықорғанға көшіру, 300 отбасын Сағабүйен
ауылына қоныстандыру, қайтыс болған 34 адамның сүйегін
жерлеу, хабар-ошарсыз кеткендерді лай үйіндінің астынан
іздеу, тасқыннан аман қалған мал бастарын қауіпсіз
аймаққа жеткізіп, жем-шөппен қамтамасыз ету секілді кезек
күттірмес мəселелерді ұйымдастыру айтуға ғана жеңіл
болғанымен шын мəнінде нағыз жанқиярлық қасиетті талап
ететін жағдайлар еді.
Мұның сыртында төтенше жағдайлар салдарын жою
жөніндегі штаб жұмысын үйлестіріп отыру да қыруар
күш-жігерді қажет еткені сөзсіз. Соның нəтижесінде апат
салдарын жою жұмыстарына 600-дей адам тартылып, 137
арнайы техника мен авиация жұмылдырылған. Сөйтіп,
білек біріктіріп қимылдағанда алынбайтын асудың
болмайтындығына жергілікті тұрғындардың көзі жетті.
Апаттан зардап шеккен адамдар үшін шұғыл түрде
асханалар ашылып, ол халыққа тегін қызмет етті. Жедел
дəрігерлік нүктесі қолға алынып, сырқат адамдарға ем-дом
көрсете бастады. Аймақтың сыртқы əлеммен байланы-
сын қамтамасыз ету мақсатында телефон жүйесі қалпына
келтіріліп, шұғыл арада электр желілері іске қосылған.
Міне, осынау бірінен бірі туындап жататын мəселелердің
шешімі материалдық-қаржылық қолдаудың нəтижесінде
жүзеге асатыны белгілі. Сондықтан зардап шеккендерге
қайырымдылық қорын құру туралы шешім қабылданып, ол
халықтың қолдауына ие болды.
Міне, осынау Қызылағашта қат-қабат атқарылған тірліктің
бəрі ұдайы баспасөз беттерінен, өзге де ақпарат құралдарында
шынайы көрініс тауып жатты. Мұның бір мəнісі журналист-
қаламгерлердің осы бір тұтқұйылдан келген апат жағдайын
халыққа уақытылы жəне анық-қанығын шынайы жеткізіп
отыру міндетімен ұштасса, екіншіден өздерімен сыйлас
Серік Əбікенұлы сынды азаматқа қайтсек көмек қолын соза
221
аламыз деген ниеттен туған шын жанашырлық құлшыныс
болатын.
***
Секеңнің қаламгерлермен сыйластығы кеше-бүгін ғана
басталған үрдіс емес, оның түп-тамырында қайраткер
азаматтың өзінің алдыңғы толқын ағалардан алған
тағылымы, кісілігі жатыр.
Тəуелсіздіктің ұраншысы болған журналист ағайындар
неден ұтты, неден ұтылды? Ұтқаны ‒ шын таланттар жазу-
сызу өнерінің мың-сан иірімдеріне бойлады. Нені жазам,
қалай жазам деген сауал қаламгердің өз ықтиярында болды,
ешкімді ноқталау болған жоқ, тек заң аясынан аспауың керек.
Ал ұтылғаны – көпшілік қаламгер-ағайын өзгенің
мұңын мұңдап, жоғын жоқтаймын деп жүріп өзінің қарақан
басының əлеуметтік-тұрмыстық мəселелерін шешуге
келгенде əкімқаралардан теперіш көрді. Баспана кезегіне
тұра алмады, өзіне тиесілі жер телімін ала алмады, қошемет
сый-сыяпат шөмішінен қағылды.
Осының бəрі айналып келгенде жергілікті билік пен
«төртінші билік» арасында көзге көрінбейтін қамал орнады.
Ал, Секең өзі ес біліп, етек жапқалы бері қай лауазымда
жүрсе де əлеуметтік сала қызметкерлеріне айрықша көңіл
бөле отыруды бір сəтке де назардан тыс қалдырған емес.
Сондықтан болу керек, Алматы-Талдықорған арасындағы
тас жолда ақжарылқап көңілмен сапарлап жүрген қаламгер-
ағайындарды, мəдениет пен өнер қайраткерлерін жиі
көруге болады. Өйткені, олар өздерін осы Жетісу өңірінде
иненің жасуындай болса да жасалып жатқан игі істердің
жаршылары, ақжолтай хабаршылары деп түсінеді.
Себебі мұның астарында «Жақсыға жан үйірсек» деген
қанатты қағида жатыр!
2014 ж.
222
ШОЛПАН
Науқас түні бойы ұйықтамай шықты. Орнынан əлсін-əлі
ұшып түрегеледі де, түсініксіз əлденені айтқан болады. Со-
нан соң қайтадан төсегіне қисаяды.
– Əлгінде ғана көзі ілініп еді, – деді қарт кісі жанындағы
науқас жігітті мегзеп.
– Жарайды, олай болса мазаламаймын. Дем алсын, – деді
медбике Гүлбаршын.
Арада біраз уақыт өткен соң дəрігер қыз қайта келді.
Жігіт бұл жолы түрегеліп отыр екен. Басын орамалмен
шандып тастапты. Үсті-басы терге əбден малынған.
– Хал қалай? – деді Гүлбаршын.
– Түнде ұйықтай алмап едім, қазір көңіл-күйім жақсы.
Дəрігер қыз жігітті қарынан екті. Сонан кейін:
– Кеше ауылда көп жүрдіңіз. Соның əсерінен шығар...
Енді абай болыңыз. Əйтпесе, қайталап қалуыңыз мүмкін.
Осы кезде медбике көрші бөлмеде жатқан науқастардың
көңіл-күйін сұрап шықты.
– Көптен-көп рахмет, қызым. Кешегі дəрің бойымдағы
дертті бұрынғыдан əлдеқайда жеңілдетті. Шамасы, бірер
күннен қалмай үйге шығармын деген ойым бар, – дейді
орта жастағы əйел оған.
– Апай, асықпаңыз əлі. Ақырына дейін емделген жақсы.
Сонда ғана құлан таза сауығып шығасыз.
Науқас дəрігер қыздың мына сөзіне риза болған қалып
танытты.
Аурухананың бөлмелері мұнтаздай таза. Терезенің үлкен
көздерінен күн мейірлене шуағын төгеді. Кереуеттер қаз-
қатар қойылған, төсек-орындар кіршіксіз.
Мына бір бөлмеде дəрігердің өздері отырады екен. Əне
бір жердегі сөреге дəрі-дəрмек орналастырылған. Ақ ха-
латтар ілулі тұр. Науқастардың туған-туысқандары, дос-
жарандары алдымен осы бөлмеге келіп, кетіп жатыр. Ал
оларға мінсіз қызмет көрсеткен медсестра қыздардың
жүздері қашанда жайдары.
223
– Бұлардың да осында имене басып келгені кеше еді, –
дейді бас дəрігер Шолпан қыздарды мегзеп. Уақыт шіркінде
белгі бар ма?! Өзіңнің өкшелеп келе жатқан сіңлілеріңді
көріп-ақ жылжыған жылдар тасасында қалған сол бір
күндер еске оралады...
***
...Күн бесінен ауып бара жатқан. Апақ-сапақта жинала
қалған көршілердің оқыс қимылы қолайсыз оқиғадан хабар
бергендей. Артынша болған жоқ, «ой, бауырымдаған» за-
пыран дауыс ауладағылардың сай-сүйегін сырқыратып ала
жөнелді.
Өз көзіне өзі сенер емес. «Япыр-ау, жаңа ғана емес пе еді
«құлыным» деген ыстық жалынның маңдайынан өпкені...
«Жо-жо-жоқ... Апа... Апатай! Кеткенің бе мені тастап!».
Иінағашымен шелегін лақтырып тастап, ішке бетте-
ген бойжеткен төрдегі кереуетке қарай ұмтыла берген...
Қариялар Шолпанға басу айтып, анасының қан-сөлсіз дида-
рын көрсеткеннен кейін қолтығынан демеп, басқа бөлмеге
алып кетті.
Ол шешесінің қазасынан соң көп ұзамай туған-
туысқандарының: «Шырағым, бір-екі жыл үйде бол, оқу
деген қайда қашады» дегендеріне қарамай, ана аманатын
орындауға серт еткен.
Марқұм Хадиша көзінің тірісінде қызымен оңашада:
– Осы мені жүрегім-ақ қажытып болды... Түбінде жетсем,
осыдан кетермін-ау. Құлыным, мен болсам қараңғылықпен
оқымай қалдым. Əкең марқұм да əптиектен əрі аса алмаған.
Сені оқытып, адам қылсам деп армандаушы еді. Менің де
тілегім сол, – дейтін де, – əне бір жылы Қостанай жақтан
келген доқтыр баланы айтамын-ау. Əй, өзі бір мың жасағыр
екен. Осындағы əлгі Естөренің Егінбайын екі аяғынан
қаз тұрғызып жібергені есіңде ме... Сол секілді сен де
першілдікті мұрат қылсаң екен, жаным, – деп əңгімесін
қызының келешегіне үміт арта аяқтайтын.
Ақыры, апа аманаты алға жетелеген Шолпан 1954
жылдың жазында Алматы медицина институтына келіп
224
түсті. Сөйтіп, жас қыз үшін қызығы мен қуанышы мол
студенттік өмір басталды. Аудитория... кітапхана. Түннің
бір уағына дейін шамы сөнбейтін оқу залдары... Думан-
ды ортадағы өмір... өнер, искусство жайлы айтыстар...
Медицинаның caн қырлы проблемалары туралы өтетін
қызықты кештер.
Міне, осының бəрі сонау Торғай топырағынан кел-
ген жас қызды білімнің сиқырлы сырына шым-шымдап
тарта берген. Оны профессорлар И.Қарақұловтың,
Б.Балмұхановтың оқыған лекциялары ғылым əлемінің
жаңа бір қырымен сусындатты. Өйткені, олардың сабағы
əрдайым өмірмен тікелей байланысты болатын. Аудито-
рияда дəріс алып отырған шəкірттер халыққа ем-домның
озық тəжірибелері мен профессорлардың теориялық
тезистерін ой сарабына салатын. Өзіндік баламалар жа-
сайтын.
I960 жылы Алматы медицина институтын ойдағыдай
тəмамдаған Шолпан Оспанова тың төскейінде жаңадан
құрылған шаруашылық – «Қайыңды» совхозына жолда-
мамен келді. Учаскелік ауруханаға қызметке орналасқан
жас маманды алғашқы жылдардың қиыншылығы мен
қуанышқа толы сəттері де күтіп тұр еді. Өзінің жылдар та-
сасында қалған сол бір мазасыз күндерін еске алса болды,
əсіресе, мына бір көрініс оның көз алдынан кинолентасын-
дай тартыла қалады.
... Жолдасы Жандарбек жұмыстан өте кеш оралған. Оған
ас ысытып, дастарқан жая бергені сол еді, терезені əлдекім
дүрсілдетіп ала жөнелді.
– Бұл кім?
– Шолпан... Meн Əлжанмын ғой. Үйдегі кішкентайдың
қатты қысылып жатқаны, мана күндіз қой өргізуге шыққанда
сап-сау жүрген бала... Білмеймін не болып қалғанын...
Істің мəн-жайын түсінген Шолпан:
– Жандарбек, тезірек ауруханаға телефондашы. Шофер
жігіт жедел жəрдемді от алдырсын... Мен жолға қамдана
берейін.
225
Арада бірнеше минут өткенде жедел жəрдем машинасы
Құлтаба жайлауына қарай ызғып бара жатты.
Бұлар жеткенде алты жасар баланың аяқ-қолы сіресіп,
қысылып жатыр екен. Əлсін-əлсін аузынан ақ көбік ағады.
Əуелі укол беріп байқаған дəрігер, кейін баланың қол-
аяғына массаж жасауға кірісті. Төрт сағатқа созылған жан-
таластан соң, науқастың тұла бойынан моншақтап аққан тер
төсек-орнын шылқытып жіберді. Сырқат баланың жағдайы
бірте-бірте оңала бастады. Бұл минуттар жас маман үшін
де, науқас бала үшін де үлкен сын болғанын сол көріністің
куəларының бəрі іштей түсініскен.
Шолпан үйіндегілер сол күнгі таңды көз ілмей атқызды.
Ертеңіне баланың беті бері қарасымен ауруханаға
жеткізілді. Арада он бес күн өткенде бала сырқатынан
құлантаза айығып шапқылып ойнап кетті.
***
Зымырап күн артынан күн өтіп жатты. Жылдан-жылға
Шолпанның да шеберлігі шыңдала берді. Кешегі жас маман
бүгінде көп құрметіне бөленген шипагер жан атанып отыр.
Ол – учаскелік аурухананың бас дəрігері, іргелі коллек-
тив ұйытқысы. Шолпанның жолдасы Жандарбек Кетебаев
шаруашылықтағы майталман құрылыс мамандарының бірі.
Ал Айымкүл ана жолын қуды. Ол Қарағанды медицина
институтын ойдағыдай бітіргеннен кейін облыс орталығы
– Арқалық қаласындағы емханада қызмет етуде. Базарбегі
маңдайалды механизаторлардың бірі. Бауыржан – əскер
қатарында азаматтық борышын өтеп келгеннен кейін, Ал-
маты халық шаруашылығы институтына оқуға түскен бола-
тын. Ал одан кейінгілері Мұхтар, Асқар, Айгүлдер мектеп
оқушылары. Сəкен мен Жангүл бала-бақшада.
Ел алдындағы қалқтысыз қызметі мен көп құрметіне
бөленген Шолпан Оспанова халық қалаулысы ретінде ол
шаруашылықтың экономикасы мен мəдениетін көтеруге
де үнемі белсенді атсалысады. Мұны оның əр сөзінен-ақ
аңғаруға болады.
226
– Ауыл мəдениетін көтеру бүгінгі таңдағы басты про-
блемалардың бірі, – дейді ол əңгімесін сабақтай түсіп.
Мұның денсаулық сақтау ісіне де зор қатысы бар. Əсіресе,
жаз, көктем айларында түрлі аурулардың шығуы көше
тазалығының сақталмауынан. Ауыл мəдениеті дегенде
ауылдағы клуб пен көркемөнерпаздар үйірмесінің жұмысын
ғана еске алу жеткіліксіз. Түптеп келгенде селоны көркейту,
оны жасыл желекке бөлеудің де еңбекшілердің тұрмысына,
олардың өнімді еңбек етуіне қамқорлық жасаудың басты
шарттарының бірі екенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан
бұл іске халық депутаты ретінде əрі денсаулық сақшысы
ретінде ұдайы көңіл бөлемін.
«Бейнет түбі – зейнет» дейді халық даналығы. Қарапайым
дəрігердің халыққа көрсеткен осындай көпжылдық мінсіз
қызметінің айғағы – ел алғысы, ауыл адамдарының
жүрекжарды тілегі.
Ал учаскелік аурухана бас дəрігерінің қабылдау
бөлмесіне бас сұға қалған жан одан көп нəрсені аңғарар
еді. Мұндай тазалық, əрқайсысы өз орнында тұрған түрлі
приборлар, медициналық əдебиеттерге толы шкаф. «Озат
ұжымда» деп жазылған вымпел бөлмеге кірген адамның
назарын еріксіз өзіне аударады. Осындағы аурухананың
өтініш-шағым кітапшасын парақтай отырып денсаулық
сақшыларының атына айтылған ақ тілектерді, тебіреніске
толы лебіздерді оқисыз.
«Шын көңілден ықыласымды сөзбен жазып жеткізе
алар емеспін. Аяулы дəрігер Шолпанға мың алғыс!
Əуезова Мəрия, көпбалалы ана».
Ал осы совхоздың №1 бөлімшесінің шопаны Əбдеев
Хамза былайша лебіз білдіреді:
«Биыл 14-қаңтар күні қатты ауырып ауруханаға
түстім. Осындағы дəрігер Шолпан Оспанованың ши-
палы емінің арқасында ғана ажал аузынан оралдым.
Шолпан науқастарды шипалы емімен де, биязы сөзі,
қамқор мейірімімен де емдейді». Miнe, дəптердегі мұндай
тілек лебіздер бірінен соң бірі жалғасып кете барады.
227
Ауылдың маңдайалды механизаторы Рамазан Хамзинның,
мұғалім Сəлімгерей Бекентаевтың, жүргізуші Бейсен-
бай Пішенбаевтың, кітапханашы Гүлмайра Балабаеваның
қолдары қойылған жолдар тек Шолпанға ғана емес, ол
еңбек ететін ұйымшыл өнегелі ұжымға да ризашылығын
білдіреді. Шындығында да, учаскелік ауруханадағы
Қатира Жұмабаева, Орынбике Рахметова, Гүлбаршын
Əлжапарова, Орынкүл Сейдалина сияқты медицина сестра-
лары өз істеріне жан-тəнімен берілген жандар.
– Қазіргі таңда əрбір маман үшін оқу орнының білімімен
шектеліп қалу аз. Əсіресе, біздің мамандық иелеріне ұдайы
білім жетілдіріп отыру көрек. Қажетті əдебиеттерді, ба-
спадан шыққан медициналық соңғы басылымдарды құр
жібермей қарап отырған абзал, – дейді ауыл дəрігері оз
мамандығы жайлы толғана əңгімелеп. – Сондықтан да біз
қызметкерлерді ұдайы мамандық жетілдіру институттары
мен курстарға жіберіп отыруды дəстүрге айналдырдық.
Медициналық жаңа басылымдарды да үзбей талқылап
отырмыз. Мəселен, биыл Мультиновтың «Жеті жасқа
дейінгі балалар гимнастикасы», Измеровтың «Жалпы
жəне коммунальды гигиена», Кузмихееваның «Балалардың
инфекциялық аурулары» атты кітаптарын талқылап, ондағы
кейбір кеңестерді тəжірибеге енгізе бастадық. Мұның
бəрі дəрігерлердің кəсіби шеберліктерін жетілдіруіне,
ауруханадағы денсаулық сақтау ісінің жақсаруына оңды
əсер етуде. Коллектив мүшелерінің іскерлігін, біліктілігін
арттыруға септігін тигізеді.
Дəрігер бүгінде жұмыстан əдеттегіден кеш шықты.
Оның да өзіндік себебі бар. Ол ертең алыстағы малды ау-
ылды аралайды. Сондықтан қажетті карточкаларды тол-
тырып, жолға əзірлік жасады. Осы сапарына орай дəрігер
əкімшіліктен де тапсырма алған болатын. Əкім дəрігерден
еңбеккерлерге «Егеменді ел ертеңі», «Бір ауыл – бір бауыр»
деген тақырыптарда лекция оқуды өтінген. Біраз уақыты
соған əзірленуге кетті.
Қыс аспаны шаңытып тұр. Көк күмбезінде сансыз
228
жұлдыздар жымыңдасады. Ол пальтосын қымтана түсті де
үйіне қарай жылдамдата бет алды. «Малшылар ендігі күтіп
те жүрген шығар, ертең күн ашық болса екен» деген маза-
сыз ойлар легі асықтыратын секілді...
1996 ж.
САХНА САҢЛАҒЫ
Шымылдық сырғи ашылысымен ғасырлар қойнауына
сапар шегеміз. Арсен қаласының өмірі Мехменебанудың
жалғыз сіңлісі Шырын əл үстінде. Ойлары сан-саққа
жүгіріп, əрқайсысы қара басының қамына кіріскен сарай
төңірегіндегілерде дегбір жоқ. Сырқаттың дертіне дауа тап-
пай сарсаңға түскен тəуіп:
– О, сұмдық-ай, ə! Көзге елестетудің өзі қандай қорқы-
нышты. Сіңлісі көз жұма қалса, менің де басымның
алынғандығы ғой... Қашу керек, қашу керек... Мұның əкесі
менің сүйікті ұстазымды өлерінен бес-ақ минут бұрын
астырып жібермеп пе еді?.. О, сұмдық-ай, – деп өз-өзінен
не істерін білмей шарқ ұрса, жанын шүбірекке түйген
Жұлдызшы да осы қасіретке өзі кінəлідей сезінеді. Айна-
ласына жалтақ-жалтақ қараған ол сарайдан қалай сытылып
шығудың амалын таппай қиналды. Ал тақ иесінің тəкаппар
қылығына құмартып, сұлулығына сұқтана қалған бас уəзір:
– О, ғажап-ай, ашулы көзінің кезінде қандай сұлу еді, –
деп емінеді.
Шым-шытырық психологиялық тартыспен өрбіген
осынау оқиға ортасында сұлулық пеп сымбаттылықтың,
қатігездік пен қасіреттің символындай болған бір тұлға
бар. Ол – Мехменебану бейнесі. Шырын үшін сұлулығын
тəрк етіп, сапырылысқан сезім шырмауында жүрген
Мехменебанудың бір басындағы қайшылық та жетерлік-ақ.
Фархадқа деген уыздай махаббатын үрлеп ұшырып, көкірегі
қарс айырылып қан жылаған Мехменеде қатыгез тəрбиенің
тəлімі де жоқ емес. Ол сіңлісінің өмірі жолында бүкіл қала
халқын қырып жіберуге де бар.
229
Иə, айдай сұлу көркімен Арсен халқының мысын ба-
сып, тақ тұғырының дүйім елді иіріп-жусатып отырған
Мехменбану образы Назым Хикметтің «Фархад-Шы-
рын» драмасындағы басты тұлғалардың бірі екендігінде
дау жоқ. Ал осындай күрделі образды сахнаға шығаруға
Қазақстанның халық артисі Шолпан Жандарбековаға тап-
сырылуында да мəн бар.
Спектакль М.Əуезов атындағы Академиялық қазақ дра-
ма театрында алғаш рет М.А.Гольдблаттың режиссерлігімен
1955 жылы қойылған болатын. Сол жолы Шырын рөлін
сəтті шығарған актер творчествосы бүгінгі таңда кемелде-
ну кезеңіне жетіп отыр.
Ал орындаушылық шеберлігі шыңдалған актерге
спектакльдің жаңа қойылымындағы Мехменебану секілді
осыншама күрделі əрі ауқымды образдың сеніп тапсыры-
луы заңды да.
Мехменебану (Жандарбекова) – үлкен сезім иесі. Онда
уыз махаббатқа деген іңкəрлік те, атой салып аласұрған
албырттық та, мəрттік те бар. Туған сіңлісінің өмірі жо-
лында үлбіреген сезімін құрбан етеді. Жиырмаға енді
толған қыр гүліндей қыз сезімі армандайды, аңсайды, аһ
ұрады. Алайда, арнасынан асып төгіліп жатқан Фархадқа
деген буырқанған сезімді тұншықтыратын, тежейтін бір
күш бар. Ол – Мехменедегі рухани күш, қатігездік күші.
Осыншама қайшылыққа толы күрделі образды сахнаға
шығара білу, оны өз дəрежесіне дейін көтере білу актер
шеберлігіне сын екендігі де ақиқат. Міне, бұл тұрғыдан
келгенде жауапкершілік жүгін тереңінен түсіне білген
Ш.Жандарбекованың Мехменебану рөлін аса бір шабытпен,
үлкен шеберлікпен сахнаға шығара білгендігінің көрермен
қауым куəсі болды. Күрделі образды көрермендермен
жүздестіру міндетін толығымен орындап шыққан
актердің ауқымды алғырлығына қуандық. Қазақ драма
театрындағы сахна саңлақтарының бірі Ш.Жандарбекова
творчествосындағы тағы бір белестің куəсі болдық. Сөйттік
те, бір сəт өнер деп аталатын ұлы ұғымның ыстық-суығын
230
бірдей көтеріп келе жатқан талмас талант иесінің өмір жо-
лына үңілдік.
Қазақстанның халық артисі, Республика Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты Шолпан Жандарбекованың театр
өнеріндегі талмай ізденіс үстінде келе жатқанына, міне, ат-
тай 40 жыл болыпты!
Қырық жыл өнер адамының творчестволық өрлеу жолы
үшін аз жыл емес екен. Ойлап қарасаң, қырық жылда Қазақ
театры сахнасына қаншама қыз-келіншектер галереясы
келген десеңізші! Ал соған елеулі үлес қосып келе жатқан
актерлеріміздің бірі – халқының құрметіне бөленген
Ш.Жандарбекова.
Қырқыншы жылдары Алматы театр училищесінде оқи
жүріп, астанадағы қазақ драма театры группасында ойнай
бастаған Шолпан əуел бастан-ақ өнерге деген қабілетін,
құштарлығын танытқан болатын. Алғашқыда М.Əуезовтің
«Сын сағатта» пьесасындағы Рəш рөлін сахнаға шығаруға
талап қылған Шолпан бірте-бірте көрермендер ілтипатына
бөлініп, өнердегі өзіндік қолтаңбасы бар актер ретінде
қалыптаса бастады.
Рəш образындағы сыршылдық, Отанға деген шексіз
сүйіспеншілік, қасіреттің қара түнегін əкелген фашизмге
деген өшпенділікті барынша нанымды етіп шығара білген
актердің бойындағы шеберлік нышандарын тап басып
таныған А.Тоқпанов шəкіртіне көп үміт арта қарайтын еді.
Ұстаз үміті ақталады да.
Жазушы, драматург Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері
Ақтоқты» драмасындағы Ақтоқтының рөлі Ш.Жандарбекова
творчествосындағы басты белес болып табылады.
Иə, Ақтоқты Ш.Жандарбекова творчествосындағы жаңа
кезеңнің бастауы екендігі анық. Ұлы Отан соғысының отты
жылдарында қазақ театрында қойылған жаңа спектакльдегі
басты рольді сахнаға əзірлеу барысында ол режис-
сер Б.Гольдблаттың атақты актерлері Қ.Қуанышбаева,
С.Қожамқұлов, Ш.Аймановтардың көмегіне, олардың ақыл-
кеңесіне сүйенді. Жандарбекованың Ақтоқтысы уақыт та-
231
лабына жауап беріп, көрерменнің көкейіндегісін дөп басқан
бейне. Сол тұста халықтың төрт құбыланы қаңсыратқан
фашизмге деген қарғысы Ақтоқтының Хазірет Рауанның
қанды шеңгелі мен феодализмнің заң-зақпыртына деген
бітіспес күресімен үндесіп жатқандай болды.
Режиссурадағы уақыт, оқиға мəселелері осылайша
шешіледі.
Қазақ театры сахнасында 1950 жылға дейін қойылып
келген спектакль арада бірнеше жыл үзіліс алып 1958 жылы
Қазақ əдебиеті мен өнерінің Москвадағы он күндігіне
қатысты.
Спектакльдегі
рольдерді
орындаушылық
алғашқы вариант бойынша, сол бұрынғы сахналық
суреттерді қайталаумен шектелгенде, Ш.Жандарбекова,
Ақтоқты ролін жаңа бір ізденіспен, соны шабытпен
шығарды. Əсіресе, Ақтоқтының Ақанмен қоштасар сəттегі
драматизмі анағұрлым басқаша реңк алды. Көрермендер екі
ғашық қоштасуының ғана куəсі болып қойған жоқ. Таптық
қоғамның тепкісіне түсіп, феодализмнің құрбаны болған
сан мыңдаған бақытсыз жандардың бейнесін таныды. Ал
Ш.Жандарбекованың эмоционалды, интеллектуалды əлемі
Ақтоқтыны тек қана мөлдір сезім иесі емес, оны үлкен руха-
ни күш иесі, қоғамдық құрылыспен бітіспес күреске дайын
тұлға дəрежесіне дейін көтереді.
Үздіксіз ізденіс, шеберлікті шыңдай түсу – бұл
Ш.Жандарбекова творчествосының басты қағидасы. Осыдан
40 жыл бұрын труппа есігін жүрексіне ашқан оның творче-
ствосында көрермендер көз алдынан кетпес көптеген ару-
лар галлереясы жасалынды. Ол сахнаға шығарған Марфуға
(«Бөлтірік бөрі астында») мен Ажарда («Ажар мен ажал»),
Рəуəш («Қилы-қилы тағдырлар») пен Үрияда («Той боларда»),
Марианна («Сараң»), мен Негина (Таланттар мен табынушы-
лар»), Дездемонада («Отелло») Жандарбекова мəнері, Жан-
дарбекова дəстүрі бар. Ал ол дəстүр өнердегі сабақтастық-
пен тікелей байланысты. Міне, бұл жайында сөз болғанда
актер мектебі туралы айтпай кетуге тағы болмайды.
– Соңғы жылдары, – дейді Ш.Жандарбекова республи-
232
када өнерге талап құрған жастарға ұшан-теңіз қамқорлық
жасалуда. Құрманғазы атындағы өнер институтының жа-
нынан көркемсурет жəне театр институты бөлініп шықты.
Мұның сыртында музыка училищелері мен өнер студи-
ялары қаншама!.. Содан түлеп ұшқан жастар бұл күндері
республика өнер ордаларында жемісті еңбек етіп жүр.
Өнерді сүю бар да, өз өмірін өнерге арнау тағы бар. Бұл
тұрғыдан келгенде өнерге талап қылған жастарымыз үшін
ескеретін жайлар да жоқ емес. Көбіне көп жастарымыздың
кейбір əсіре-қызыл еліктеушіліктен арыла алмай жүргеніне
қарның ашады. Өнер институтында оқып жүргендердің
жолы ортаға келгенде оқуды тастап кететіні қаншама.
Сол оқу орнын бітіріп, бірақ ештеңенің байыбына бара
алмай, мамандығының сырын меңгере алмай жүргендер
ше? Тіпті басқа кəсіпке кететіндер де баршылық қой.
Мұның бəрі, əрине, өнер ұғымын түсінбеушіліктен, оның
ыстық-суығына көне алмаушылықтан болады. Бұл – үлкен
өкініш. Өмірдегі өз жолын таңдай алмаушылықтың залалы
дегеніміз, сірə, осы болар.
Бұл – он екі жылдан бері өз өнерінің алпыс екі құпиясын
жастар бойына сіңіріп келе жатқан ұлағатты ұстаз пікірі.
Кезінде педагогтік қызметін А.Тоқпановқа ассистент болып
бастаған бүгіндегі Алматы көркемсурет театр институты
оқытушысының ойы.
Күні бүгінге дейін Ш.Жандарбекова алдынан өнерге
құлаш ұрған жастардың үш легі қанат қағыпты. Олардың
қай-қайсысы
болмасын
республикамыздағы
өнер
коллективтерінде жемісті еңбек етіп келеді. Т.Мейрамов пен
Ж.Мейрамова, М.Оспановтар Қазақтың М.Əуезов атындағы
академиялық драма театрының артистері. Өнерге өзіндік
қолтаңбамен келген өрім жастар. Олар Шолпанның өзімен
бірге спектакльдерге қатысып, көрермендер құрметіне
бөленіп жүр. Қарабай Сатқанбаев Жамбыл облыстық дра-
ма театрының белді актері. Жандарбекова шəкірттерінің
келесі бір толқыны бұрынғы жылы Талдықорған
облыстық қазақ драма театрын құрды. Жас театр артистері
233
сахнаға шығарған Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян
сұлуы», Ж.Б.Мольердің «Сараны» зор табыспен өтті.
Осы спектакльдің премьерасына қатысқан Шолпан өнер
қарлығыштарына сəт-сапар тіледі. Өзінің шəкірттері Тілек
Абжалиев, Жанат Шайхиналардың өзіндік ізденісімен өнер
əлеміне деген құштарлығына қуанды.
***
Өзіндік өнер мектебі бар үлкен талант иесі
Ш.Жандарбекова театрдағы қоғамдық жұмыстардан да бір
сəтке қол үзген емес. Ол драма театр жергілікті комитетінің
председателі, Қазақстан кəсіподақтары кеңесі жанындағы
республикалық əскери шефтік комиссияның председателі.
Творчествосы кемеліне келген сахна саңлағының өнер
өлкесіндегі ұшан-теңіз еңбегі де Отанымыздың лайықты
бағаларына ие болып келеді. Ол қос Еңбек Қызыл Ту
орденінің кавалері, бірнеше құрмет грамоталарының иесі.
Міне, өз өмірінің 45 жылдан астамын Қазақтың М.Əуезов
атындағы академиялық драма театры сахнасына арнаған
үлкен талант иесі Шолпан Жандарбекованың өнер жолы
осындай.
1994 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |