Жолдасбекова Б. А. «Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері мен гигиенасы»



бет4/46
Дата22.02.2023
өлшемі0,53 Mb.
#69947
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Практикалық сабақ №1
Сабақтың тақырыбы: Бұлшықет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональді қорлары


Сабақтың жоспары:

  1. Ағзаның әр түрлі жүйелерінің зерттеудің физиологиялық әдістері.

  2. Спорттық физиологияның дене шынықтыру мәдениеті және спорт ілімімен тәжірибесі үшін маңызы.

  3. Ағзаның физиологиялық мүмкіндіктері және олардың дене белсенділігі кезінде қосылуы.

  4. Ағзадағы бейімделудің түрлері. Бұлшық ет қызметіне бейімделу кезеңдері.

Сабақтың мақсаты және міндеті, ептілік, дағды және құзыреттілік:
Ағзаның физиологиялық мүмкіндіктері және олардың дене белсенділігі кезінде қосылуы, ағзадағы бейімделудің түрлері. Бұлшық ет қызметіне бейімделу кезеңдері.
Практикалық сабақтарын өткізу түрі: Семинар-дискуссия
Қысқаша теориялық мәлімет:
Ағзаның физиологиялық қорлары - деп ағзаның өзінің жұмыс қарқының тыныштық күйдегімен салыстырғанда еселей анағұрлым арттыра алу қабілетін айтамыз. Ағзаның физиологиялық қорлары- ағзаның өзінің жұмысқа қабілетін арттыра алатын «жасырын» мүмкіндіктері. Атап айтқанда: 1. Жасуша деңгейінде энергетикалық және пластикалық процесстердің жылдамдығын және қарқындылығын арттыру; 2. Физиологиялық пропроцестердің қарқындылығын мүшелер деңгейінде (жүрек, өкпе) жоғарылату; ағза деңгейінде денелік сапаларды (күш, шапшандық, төзімділік) арттыра алу қабілетінде. Бұл кезде қимыл және вегетативті қызметтердің бағдары жақсарады, гомеостаздың қамтамасыз ететін жүйелердің қызметі артады. Физиологиялық қорлар ағзаның физиологиялық қызметін, жоғары спорттық нәтижеге жетуін және қоршаған орта факторларына бейімделуін қамтамасыз етеді.
Кесте -1-Физиологиялық қорлардың үлгісі



Физиологиялық көрсеткіштер

Тыныштық күйде

Жұмыс кезінде

Қорлар

ЖСЖ
ҚМК-і
СҚК-і
ТМК
ТЖ

О2- қолданылуы



65-72 (60)
5-6 л (5) л/мин
60-80 мл (70)
6-9 л/мин (7)
12-20 рет/мин
(15)
0,25 л/мин

180 соғу/мин
35 л/мин
150-200 мл
150 л/мин
45рет/мин

4-5л/мин


3 есе
7 есе
2-2,5 есе
25 есе
3 есе

16-20 есе



Физиологиялық қорлар немесе ағзаның өзінің жұмысқа қабілеттілігін арттыра алатын жасырын мүмкіндіктері жұмыс қарқынының ұлғаю бойынша қосылады. Бұл кезде 1. Жасуша деңгейінде жүретін қуаттық және пластикалық процестердің жылдамдығы және қарқыны артады; 2. Мүшелер деңгейіндегі (жүрек, өкпе)физиологиялық процестердің қарқыны жоғарылайды; 3. Қимыл және вегетативті қызметтердің бағдары жақсарады; 4. Жұмысқа қабілеттілік артады; 5. Дененің сапалық көрсеткіштерді жетіледі.


Физиологиялық қорлардың қосылуы және спорттық техникалық жетілу бірігіп жағары нәтижеге жету үшін жағдай жасайды.
Физиологиялық қорлардың қосылуы 3 кезеңнен тұрады:

  1. Тыныштық күйден күнделікті әрекетке көшу. Бұл кезде бұлшық еттердегі қимыл бірліктерінің 30% қосылады. Мысалы, тыныштық күйден қарапайым қимыл- әрекетке көшкенде.бұл процестің механизмі- шартты және шартсыз рефлекстерден құрылады.

  2. Кенеттен, оқыс жағдайларда ҚБ 70% қосылады; Мысалы, сіздің үтікті өшіруді ұмытып кеткеніңіз есіңізге түскендегі қимыл- әрекетіңіз. Бұл кезде қорлардың қосылуы жүйкелі- гуморальді әсерлердің, сондай-ақ ерікті күштенулердің және эмоцияның арқасында жүреді.

  3. Тіршілік үшін күрес кезенде ҚБ 100 % қосылады. Бұл кезде бүкіл механизм қосылады да, ол шартты, шартсыз рефлекстер жолымен және ішкі сөл бөлінетін бездердің қызметі нәтижесінде эмоциялық қозумен жүзеге асады. Мысалы, сізді ит қуып келе жатыр делік. Бұл кезде әбден шаршағанға дейін жұмыс орындалады. Қорлардың қосылуы шартсыз- рефлекторлы жолмен және гуморальді байланыс арқылы жүреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет