Жолдасбекова Б. А. «Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері мен гигиенасы»


Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Бейімделудің түрлері



бет5/46
Дата22.02.2023
өлшемі0,53 Mb.
#69947
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Бейімделудің түрлері. Қазіргі заманғы физиологияның және медицинаның алдында тұрған негізгі бір мәселе- адам ағзасының қоршаған ортаның әртүрлі факторларына бейімделу процесінің заңдылықтарын зерттеу. Адам ағзасына қоршаған ортаның әртүрлі сипатты факторлары әсер етеді. Олардың әсер ету күші бірқалыптыдан экстремальдіге дейін болады. Экстремальді факторлар ағзаның қалыпты тіршілігіне қауіп төндіріп, қатерлі жағдай тудырады. Мұндай факторларға суық және ыстық климат, жоғары немесе төмен атмосфералық қысым, шамадан тыс денелік және психикалық факторлар жатады. Бұл жағдайларға бейімделу ағзадағы физиологиялық механизмдердің қайта құрылулары есебінен жүреді. Қоршағанорта әсеріне және физиологиялық жүктемелерге осы механизмдердің өзіндік реттелуі бейімделу мүмкіндіктері арқылы жүзеге асады.
Бейімделу- адам ағзасының өзгерген жағдайларда өзінің тіршілік қабілетін ұзақ уақыт бойы және қарқынды жалғастыра алу қабілеті.
Бейімделу- қоршаған ортаға үйренуге, ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын ұстап тұра алуға мүмкіндік беретін физиологиялық, биохимиялық, морфологиялық реакциялардың жинағы ретінде сипатталады. Бұл реакциялар туа бітеді және жүре пайда болады да, жасушалық, жүйелі және мүшелі деңгейде жүреді. Сонымен қатар, адамның жасына, жынысына, жоғары жүйке жүйесінің түріне, ағзасының күйіне байланысты болады. Бейімделу процесінің арқасында ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығы, жұмысқа қабілеттілігі артып, сонымен қатар қоршаған ортаның адекватты емес немесе келеңсіз жағдайларында тіршілік ету және көбею қабілеттері сақталады. Қоршаған ортаның өзгерістеріне үйрену бейімделу механизмдерінің көмегімен жүреді. Ағза сыртқы орта әсерінің кейбір факторларына толық бейімделе алады.
Бейімделудің құны екі түрлі жолмен анықталады:

  1. Бейімделу кезінде негізгі жүктеме түсетін функциональді жүйелердің тозуымен:

  2. Кері айқас бейімделу құбылысымен, яғни нақты бір жүктемеге бейімделген адамдарда бұл жүктемемен байланысты емес бейімделу реакцияларының және басқы функциональді жүйелердің бұзылуы.

Бейімделу құны бейімделу жүретін дене жүктемелеріне байланысты. Мысалы, статикалық жүктемелерге шыныққан ауыр атлеттердің динамикалық жұмысқа төзімділігінің төмендеуі байқалады және осындай динамикалық жүктеме кезінде шаршау шынықпаған, дені сау адамдағыға қарағанда тезірек қалыптасады. Ауыр атлетттерде төзімділікке шыныққан адамдарға қарағанда қаңқа бұлшық еттеріндегі қыл тамырлар тығыздығы төмендейді және митохондрийлер салмағының өсуі байқалады.
Бейімделудің бұзылуының алдын алу үшін шынықтыру тәртібін, тынығуды, тамақтануды, шынығуды, стресстік әсерлерге тұрақтылығын арттырып, спортшының дене сапасының және психикалық дамуының жетілуінің дұрыс қою керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет