Жолдасбекова Б. А. «Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері мен гигиенасы»


Дене шынықтыру және спорт түрлері физиологиялық негіздері мен гигиенасы екі түрлі зерттеу әдісі бар



бет3/46
Дата22.02.2023
өлшемі0,53 Mb.
#69947
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Дене шынықтыру және спорт түрлері физиологиялық негіздері мен гигиенасы екі түрлі зерттеу әдісі бар, ол – бақылау және тәжірибе. Бақылау белгілі бір жаттығуларды орындау кезінде, сондай-ақ спорттық шығыну немесе жарыстар кезінде физиологиялық көрсеткіштерді тіркеу арқылы жүзеге асады. Мысалы, 1) жүрек соғу жиілігін есептеу, 2) қан қысымын өлшеу (танометрмен), 3) тыныс алу жиілігін, тыныс алудын минуттық көлемін анықтау (спирометрмен, газдық сағатпен), қол күшін анықтау (динамометрмен) әдістері.
Ал тәжірибелік әдіс ағзаға бір әсер берілген кездегі оның қызметін зерттейді. Мысалы, қан жүйесін анықтағанда фотоэлектрокалориметр (ФЭК), эритрогемометр, рН-метр, микроанализатор сияқты құралдардың көмегімен қан түйіршіктерінің (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер, гемоглабин) санын, қанның рН (7,36-7,4) реакциясые анықтауға болады. Ал, жүрек- тамыр жүйесін анықтағанда ЭКГ (электрокардиографпен) жүрек соғу ырғағы, жүректің әртүрлі бөлімдері жиырылып босаңсыған кездегі миокардта пайда болатын биологиялық потенциалдар тіркеледі. УЗИ (ультрадыбысты құралмен) жүрек көлемі анықталады. Артериялық қысымның графиктік жазбасы осцилографпен жүзеге асады. Қан ағымының көлемдік жылдамдығы плетизмографта тіркеледі. Тыныс алу жүйесінің көрсеткіштері спирометрмен (өкпенің тіршілік сыйымдылығы), газдық сағатпен (тыныс алудың минуттық көлемі, тыныс алу жиілігі), газоанализатормен (тыныс алған және шығарған кездегі ауаның құрамы), пневмотахометрмен (ауаның ішке ену жәнесыртқа шығу күші) анықталады. Жүйке –бұлшық ет жүйесін зерттеу- электромиографпен, хронаксиметрмен жүргізіледі. Мидың биотоктары электроэнцефалографпен тіркеледі. Динамометрмен қол күші анықталады. Храноксиметрмен бұлшық еттің сезгіштігі анықталады. Рефлексометрмен қимыл реакциясының жылдамдығы өлшенеді.
Дене шынықтыру және спорт түрлері физиологиялық негіздері мен гигиенасы заңдылықтарын білу бапкерлерге және дене шынықтыру пәні бойынша оқытушыларға төмендегідей мақсаттарда қажет:

  1. Спортшының денсаулығына зиян келтірмеу үшін;

  2. Шынықтыруды және жарыстарды саналы ұйымдастыру және тапсырманы, жүктемені дұрыс беру үшін;

  3. Спортшының ағзасындағы жүріп жатқан өзгерістерді білу және шынықтыру процесін жетілдіру мақсатында;

  4. Жауапты жарыстарға спортшыларды дұрыс іріктеу үшін.

Жалпы айтқанда, спорт физиологиясын жақсы меңгерген бапкерлер мен дене шынықтыру оқытушылардың іскерлігі жоғарылап, өзі еңбек ететін ұжым алдында абыройы арта түседі.
Ескерте кететін жағдай- ағза қызметінің физиологиялық ерекшеліктерін жалпы дене шынықтыруға қатысты бөлек және арнайы мамандарды, атап айтқанда- әскери қызметшілерді, өрт сөндірушілерді, студенттерді, оқушыларды дайындауға қатысты бөлек бағалау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет