Жолдасбекова Б. А. «Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері мен гигиенасы»


Қимыл – қозғалыстар физиологиялық сипатына қарай стандартты (стериотипті) және стандартсыз (ситуатциялы) болып екіге бөлінеді



бет9/46
Дата22.02.2023
өлшемі0,53 Mb.
#69947
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46
Қимыл – қозғалыстар физиологиялық сипатына қарай стандартты (стериотипті) және стандартсыз (ситуатциялы) болып екіге бөлінеді.
І. Стандартты (стериотипті) жаттығулар
1. Сандық мәні бар қимылда


а) Циклді

Қуаты бойынша

Орындалу әдісі бойынша

Максимальды

Табиғи – аяқпен; қолмен;

Субмаксимальды

Сырғи орындалатын – жүру, жүгіру; шаңғы тебу;

Үлкен

Сүйене берілетін – коньки тебу; ескек есу;

Бірқалыты

Сулы ортада – велосипед тебу; жүзу;

б) Ациклді

Шапшаңдықты- күшті-секіру, лақтыру

Өзіндік-күшті-штангі көтеру

Нысанаға алу-ату, лақтырулар

2.Сапалық мәні бар жаттығулар (баллмен)



а) Спорт түрі бойынша:

б) Қимыл сапасы бойынша

Спорттық және көркемдік

Күш, шапшандық, бағдарлану.

Гимнастика.
Акробатика
Семсерлесу
Батутта секіру

Тепе-теңдік, икемдік.


Қауіпсіздік
Межелілік, қауіпсіздік

ІІ. Ситуациялық (стандарттсыз) қимылдар



Жекпе – жек

Спорттқ ойындар

Кросстар

Күрес
Бокс
Семсерлесу

Бадминтон, волейбол , теннис, баскетбол, қол добы, футбол допты хоккей, шайбалы хоккей.

Жүзу вело – және мотокросстар шаңғы тебуден жарыстар, тауда шаңғы тебу




  1. а) Стандартты қимылдар қимылды, динамикалық стереотип негізінде қалыптасады, бұл кезде ретімен шартты қимыл рефлекстері жүзеге асады;

б) Стандартсыз қимылдар қарсыласының қимыл-әрекетіне байланысты болады, өзгеріп отыратын жағдайға (ситуацияға) байланысты болады.

  1. Циклді қимылдар – бір қимылдар циклінің бірнеше рет қайталануымен сипатталады, мысалы, жүру, жүгіру, коньки тебу, шаңғы тебу, ескек есу, велосипед тебу. Бұл кездегі жұмыс әртүрлі қуатты болады және ұзақуақыт бойы орындалады. Жұмыстың қуаты мен ұзақтығының арасында кері байланыс болады.

  2. Қуат аймақтары бойынша дене жұмыстары бірқатар қасиеттерімен, атап айтқанда: 1) жұмыстың ұзақтығы; 2) қуат жұсмсалуы; 3) оттегінің қолданылуы; 4) оттектік сұраныстың қатынасы; 5) оттектік қарыздылық мөлшері; 6) қандағы сүт қышқылының жоғарылау деңгейі; 7) тыныс алудың күшеюі; 8) жүрек жұмысының күшеюі бойынша төрт түрге бөлінеді: максимальды, субмаксимальды, үлкен, біркелкі (кесте).

Кесте -3- Әртүрлі қарқынды аймақтарда орындалатын жұмыстың сипаттамасы





Көрсеткіштер Қуат аймақтары




максимальды

субмаксимальды

үлкен

біркелкі

Жұмыстың шекті ұзақтығы

2-3 сек-тен
25-30 сек-ке дейін

30-40сек-тен
3-5 мин-ке дейін

3-5 мин-тен
40-50 мин-ке дейін

50-60 мин-тан
4-5 сағатқа дейін және одан да көп

Қуат жұмсалуы
(ккал/сек)

4-ке дейін

1,5-0,6-ға дейін

0,5-0,4-ке дейін

0,03-ке дейін

Жалпы қуат жүмсалуы (ккал)

80-ға дейін

450-ға дейін

900-ға дейін

1000-ға дейін

Жұмыс кезіндегі уақыт бірлігіндегі оттегінің қолданылуы

шамалы

максимуміне дейін жоғарылайды

максимальдыге жуық

максимальдыден төмен

Жұмыс кезіндегі оттектік сұраныстың қатынасы

1/10-тен төмен

1/3 маңайында

5/6 шамасында

1-ге тең

Оттектік қарыздылық (л)

8-ге дейін

20-ге дейін

12-ге дейін

4-ге дейін

Қандағы сүт қышқылының жоғарылау деңгейі

көп емес

максимальді

көп

көп емес

Тыныс алудың күшеюі

мардымсыз

максимуміне дейін өседі

максимальды

максимальдіден төмен

Жүрек жұмысының күшеюі

көп емес

максимуміне дейін өседі

максимуміне жақын

максимальдіден төмен

Қуат аймақтары бойынша дене жұмыстары: І. Максимальды қуатты жұмыс. Орындалу ұзақтығы 2-3 сек-тен 25-30 сек-ке дейін. Бұған спринтерлік қашықтықтарға (60, 100, 200, 400 м) жүгіру, (25-50 м-ге) жүзу жатады. Бұл кезде жүгіру жылдамдығы 10 м/сек жетеді. Қуат жұмсалуы – 4 ккал/с. Жұмыс анаэробты жағдайда, АҮФ-ң және КрФ-ң ыдырауы кезінде бөлінетін қуат есебінен жүреді.


О2 – қарыздылық 100 м-ге жүгіргенде 7-8 л, 200 м – 13 л, 400 м – 20 л, ЖСЖ-і 180-190 соғу/мин, тыныс алу жиілігі және тыныс алу көлемі артпайды. HL қанға өтіп үлгере алмайды,жұмыстан кейін оның мөлшері 100-150 мг/%-ға жетеді. Өкпесінің желденуі алғашқы секундатрда 60-80 л/мин. Қан қысымы 180-200 мм с.б.
Ациклді жаттығулардың түрлері:

  1. Шапшаңдық пен күшті қажет ететін жаттығулар – секірулер, лақтырулар. Бұл кезде шапшаңдықты-күшті жұмыс орындалады, ол төмендегідей формуламен анықталады:

Fmax = m x dmax
бұл жерде тұрақты салмаққа (m), максимальды (d) үдеу беріледі.
Мысалы, найзаны лақтыру кезінде найзаның салмағы тұрақты, қаншалықты үдеу жоғары болса, орындалатын жұмыс та соншалықты жоғары болады. Жұмыс бірнеше секундтерге созылады да АҮФ, КрФ (анаэробты жолмен) түзілуімен жүзеге асады.
Тек қана бір орында секіру кезінде ЖСЖ-і 140-150 соғу/мин-ке ұлғаяды. Барлық көрсеткіштер жаттығудан кейін біршама артады.
Қан қысымы 150-160 мм с.б. жетеді.
Қимылдардың орындалуы кезіндегі талдағыштардың маңызы үлкен.
Бұлшық еттердің проприорецепрларын тітіркендіру кезінде қимыл талдағышының жүйесінің бұлшық етті күштенулер жылдамдығының мөлшері туралы ақпарат береді.
Көру және тепе-теңдік аппараттары қимылдардың бағдарлануына мүмкіндік береді, ол мұның дискі және балға лақтыруда, шестпен секіруде маңызы зор.

  1. Өзіндік – күшті жаттығулардың (штангі көтеру) орындалуында бұлшық еттер күшінің маңызы зор. Бұл жаттығуларды орындау кезінде (штангіні көтеру кезінде) штангінің салмағы өзгереді де, үдеу тұрақты күйде қалады:

Fmax = mmax x a
а – үдеу
Қуат көздері болып АҮФ және КрФ табылады.

Мұндай жаттығуларды орындау кезіндегі қан айналым және тыныс алу жүйелеріндегі ығысулардың себебі – күшпен орындалатын жаттығулар максимальды тыныс алу кідірісі кезінде және максимальды бұлшық ет күштенуі кезінде жүзеге асады да, ағза зорығады, яғни жабық дыбыс саңылаулары арқылы тыныс шығару қимылдары жүзеге асады. Нәтижесінде, кеуде қуысындағы қысым біршама жоғарылап, кіші қан айналымындағы қанның ағымына кедергі келтіреді. Содан барып, жүрекке келіп түсетін қан көлемі азаяды, ҚМК-і түседі, ЖСЖ-і 110 соғу/мин-не дейін артады, АҚК(артериялық қан қысымы) төмендейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет