Жолдасбекова Б. А. «Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері мен гигиенасы»


Сабақтың мақсаты және міндеті, ептілік, дағды және құзыреттілік



бет8/46
Дата22.02.2023
өлшемі0,53 Mb.
#69947
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46
Сабақтың мақсаты және міндеті, ептілік, дағды және құзыреттілік:
Дене жаттығуларын осы жаттығуларға қатысатын бұлшық еттер көлеміне, жиырылу тәртібіне, жаттығуды орындау кезінде жұмсалатын қуаттың мөлшеріне қарай жіктеу және оларға сипаттама беру.
Практикалық сабақтарын өткізу түрі: Семинар-дискуссия
Қысқаша теориялық мәлімет:
Дене жаттығуларын бірқатар белгілері бойынша жіктеуге болады:

  1. Орындалатын дене жаттығуларына қатысатын белсенді бұлшық ет көлеміне байланысты:

  1. бұлшық еттің 1/3-нен аз бөлімінің қатысуымен орындалатын жергілікті жаттығулар (садақпен ату);

  2. аймақты жаттығуларда бұлшық еттер көлемінің 1/2 бөлігіне дейін қатысады (қолдың көмегімен орындалатын гимнастикалық жаттығулар);

  3. бұлшық еттердің 2/3-нен көбірек бөлімі қатысатын кең ауқымды жаттығулар (күнделікті тіршілікте, жекпе-жек спорт түрлерінде кездесетін жаттығулар).

  1. Бұлшық ет жиырылуының тәртібіне байланысты:

  1. изометрлік тәртіптегі бұлшық ет қызметінің басым болуы арқылы орындалатын статикалық жаттығулар (жүкті ұстап тұру);

  2. изотониялық және ауксотониялық тәртіптегі бұлшық ет қызметі басым болатын – динамикалық жаттығулар (жүгіру).

  1. Дене сапаларының қайсібірі басым болуына байланысты:

  1. шапшаңдық пен күшті қажет ететін жаттығулар, бұл кезде бұлшық еттер бір уақытта үлкен күшпен жиырылу жылдамдығын көрсетеді (секіру, лақтыру);

  2. бұлшық еттер аз ғана күш жұмсай отырып және төмен жылдамдықпен ұзық уақыт жұмысқа қабілеттілігін сақтай алатын төзімділікке арналған жаттығулар (ұзақ қашықтыққа жүгіру, шаңғы тебу).

  1. Белгілі бір уақыт бірлігінде орындалатын жаттығуларға жұмсалатын қуат мөлшеріне байланысты: 1) жеңіл; 2) орта; 3) сылбыр; 4) ауыр; 5) өте ауыр жаттығулар болып бөлінеді.

  2. Қуатпен қамтамасыз етілу механизмінің басымдылығына байланысты: 1) анаэробты; 2) аралас; 3) аэробты жаттығулар түрінде сипатталады.

Бұлшық ет жиырылуының қуаты АҮФ есебінен түзіледі:
АТФ-аза фермент

АҮФ + актомиозин + Н2О →АДФ + Н3РО4 + 10 ккал
Бұл қуат Na – K насосының жұмысына, атап айтқанда актин және миозин жіптерінің жылжуына және Са насосының жұмысына жұмсалады.
АҮФ-ң қайта түзілуі (ресинтез) анаэробты және аэробты жолдармен жүреді.

  1. Анаэробты жолдың өзі 2 әдістен тұрады:

а) алактатты немесе креатинкиназды:

КрФ + АДФ →АҮФ + Кр – 13 ккал/кг/сек


Бұл механизм жұмыстың бас жағындағы алғашқы секундтарда жүзеге асады да, жарылысты кұштенулерді қажет ететін қуатпен камтамасыз етеді, -13 кал/кг/сек қуат береді.


б) гликолитті немесе лактатты. Гликоген (қордағы көмірсу болып табылатын полисахарид) ферментативті жолмен глюкозаға дейін, ал глюкоза сүт қышқылына дейін ыдырайды. Жұмыс басталысымен 20 сек-тан кейін іске қосылады да, 40-80 сек-тан кейін максимуміне жетеді. Бұл механизм 7 кал/кг/сек қуат береді де, орта қашықтыққа жүгіру сияқты жұмысты қамтамасыз етеді, соңында сүт қышқылы түзіледі.
Глюкозаның оттексіз ыдырауы кезінде НL (сүт қышқылы ) түзіледі, ол негізінен белгілі бір жүмыс орындалға кезде түзіледі. Сондықтан, НL – деңгейі бойынша жүктеменің қарқындылығын анықтауға болады. Жүктеме қарқынының көрсеткіші ретінде ААТ (анаэробты алмасу табалдырығы) қолданылады. ААТ – орындалу кезінде сүт қышқылының НL деңгейі 36 мг/% ( ῀ 4 ммоль /л ) дейін жететін жүктеменің қарқындылығы. Орындалуы кезінде НL-ң деңгейі 36 мг/%-дан төмен болатын жаттығулар аэробты жаттығулар деп аталады. HL – деңгейі 37-80 мг/% (4-10 ммоль/л) болғандағы жаттығулар, аэробты – анаэробты немесе аралас, 80 мг/% дан жоғары (10 ммоль/л-ден артық) – анаэробты жаттығулар деп аталады. Ағза қаншалықты шыныққыан болса, соншалықты ААТ деңгейінде үлкен көлемді жұмыс атқарады.
Дене жаттығуларының аэробты, аралас және анаэробты болып түрлерге бөлінуін ЖСЖ-ң мөлшері бойынша да анықтауға болады:
ЖСЖ-і 140 соғу/мин болған кездегі жүктемелер аэробтыға жатады;
ЖСЖ-і 150-170 соғу/мин болған кездегілер ауыспалы аралас (аэробты - анаэробты);
ЖСЖ-і 180 соғу/мин-тан жоғары болған кездегі жүктемелер анаэробтыға жатады.
ІІ. АҮФ-ң түзілуінің аэробты жолы – митохондрийлерде көмірсулардың, майлардың және аминқышқылдарының тотығуы арқылы жүзеге асады. Максимум жұмыс басталған соң 2-5 мин-тан кейін жетеді де, 5 кал/кг/сек қуат береді, қосымша оттегінің келіп түсуін талап етеді, бірқалыпты қуатты аймақта орындалатын жұмыста байқалады.
Шаршағанға дейінгі 3-4 минуттық шынығу кезінде анаэробты механизм қосылады. Ал уақыт 4-5 минуттан асатын орта қашықтыққа жүгіру кезінде аэробты механизм қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет