Диплом жұмысының міндеті мен мақсаты: диплом жұмысының негізгі мақсаты – Қ.Жұбановтың тілдік негіздерін, сол салада атқарған қызметін зерделеп, оның тұлғасын тануда тілге қатыстымжан-жақты еңбектерін қарастырдық. Мақстақа жету үшін төмендегідей міндеттерді орындадық:
-ғалымның қазақ тіліне, тілдің барлық саласына, қазақ тілін оқыту әдістемесіне қатысты еңбектерін жинақтау, саралау және оның ғылымның дамуындағы маңызын көрсету;
-ғалымның ғылыми-шығармашылық өсу жолын тілдік және әдістемелік еңбектері тұрғысынан анықтау;
-ғалымның тілдік және әдістемелік ізденістерінің тіл білімінің барлық салаларын қамтығанын көрсете отырып, тарихи-салыстырмалы тұрғыдан талдау жасау;
-профессор Қ.Жұбановтың ғылыми-әдістемелік көзқарастарының қалыптасуына ықпал еткен тарихи-әлеуметтік жағдайды анықтау;
-Қ.Жұбановтың ғылыми-әдістемелік ой-пікірлерінің өміршеңдігін, оның қазіргі қазақ тілі және әдістеме ғылымымен сабақтастығын дәлелдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |