Жоспар: І қ. Жұбанов тұңғыш лингвист



бет7/15
Дата13.05.2022
өлшемі164,17 Kb.
#34286
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
ЖҰБАНОВ

Б, д, ж, з, ғ дауыссыздарын ұяңдар тобына, п, т, ж, с, қ, к дауыссыздарын қатаңдар тобына жатқызады. Жасалу жолына қарай п-б, т-д, қ-ғ, к-г дегендерді үздікті дауыссыз, с-з, ш-ж дегендерді үздіксіз дауыссыз деп бөлген.

Үнсіз дауыссыздар жасалу орнына қарай көмей, тіс, ерін дауыссыздары деп аталатын үш топқа ажыратылады. Оқушылардың түсінуіне жеңіл болу үшін дыбыстардың өзара жіктелісін қарапайым үлгіде тұжырымдап бергенін байқауға болады.

Сонор (үнді) дауыссыздарды Қ. Жұбанов алдымен тура жолды сонорлар және айналма жолды сонорлар деп екі топқа бөліп, оның алғашқысына ү, й, кейінгісіне р, л, н, ң, м дауыссыздарын жатқызады. Соңғы топтағы сонорларды ауыз жолды, мұрын жолды деп екіге айырып көрсетеді. Сөйтіп, Қ.Жұбанов дыбыстардың жасалу жолдарын жан-жақты қарастыра келе, олардың толық топтастыру жүйесін жасап берумен қатар фонеманың өзіндік қасиеттерін оқушылар ұғымына түсінікті етіп баяндайды.

Профессор Қ.Жұбановтың «Қазақ тілінің грамматикасында» тілдің дыбыстау мүшелерінің қызметі туралы жан-жақты толымды пікір айтылады. Бұл оқулыққа дейін сөйлеу органдары артикуляциясының талданбауы да ғалым оқулығының маңызын арттыра түседі.

Қ.Жұбанов грамматикасының фонетикаға қатысты терминдері мен қазіргі орта мектеп оқулықтарында қолданылып жүрген терминдер арасындағы ерекшеліктер арнайы қарастыруды қажет ететін мәселе. Жоғарыда айтылғандай, 1936 жылғы грамматикада дауысты дыбыстарды автор дыбысталу түріне қарай толық дауыстылар (а, ә, е, о, ө), келте дауыстылар (ы, і, ұ, ү), қосынды дауыстылар (ұу, үу, ый, ій) деп үшке бөледі. Сол сияқты «Жаңа грамматикада» дауыстылар жасалу түріне қарай ерін дауыстылар және езу дауыстылар деп бөлінген. Бұдан Қ.Жұбановтың дауыстыларды жіктеуде қазақ тілінің табиғатына орайластыра, түсініктірек етіп, яғни қай дыбыс неліктен солай аталатынын дидактикалық тұрғыдан талдап, түсіндіргенін аңғаруға болады. Дыбыстарды Қ.Жұбановша жіктеу әрі түсініктірек, әрі қазақ ұғымына жақындау келеді. Қ.Жұбанов оқулығы мен қазіргі оқулықтардағы дыбыстарды жіктегенде де айтарлықтай айырмашылықтар бар екені байқалады. Егер Қ.Жұбанов оларды дауыстың қатысына қарай үнді ,үнсіз деп бөлсе, қазіргі оқулықтарда оларды үздіктілер мен үздіксіздер деп, жуысыңқы дыбыстарды «сыбыр», «сыбыс» деп атаған. Ал бұл атаулар қазіргі оқулықтарда дауыссыз дыбыстардың сипаттамасы ретінде кездеседі. Сонымен қатар ғалым сонор дауыссыздарды «тура жолды», «айналма жолды» деп атайды.

Ғалым дыбыстау мүшелерінің физиологиясын түсіндіруге де баса мән берген. Қазіргі мектеп оқулықтарының «Фонетика» бөлімінде: «Ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар» [26], ал «Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан пайда болатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз»,- [26] деп берілген. Қ.Жұбановтың пайымдауынша, дыбыс физиологиясын талдамас бұрын физикалық тұрғысы жағынан қарағанда, дыбыстың қозғалуын толқыннан болатынын еске алу және толқын мен қозғалудың да белгілі бір шекте және мөлшерде болуының шартты екендігін ұмытпау керек. Сөйтіп, ғалым әр дыбыстың табиғатын дидактикалық тұрғыдан пайымдайды.

Шынында да, оқулықтың фонетикаға қатысты бөлімдерінде ғалым «Бір сөзді бір сөзден қалай айыруға болады?», «Дыбыс деген не?» деген сұрақтарға нақты жауап берумен қатар, тілдің дыбыстық жүйесін жан-жақты түсінуге мүмкіндік беретін «Дыбыс пен мағына», «Дыбыстардың саны мен сапасы», «Қазақ тілінің дыбыстары», «Дауыстылар», «Дауыссыздар», «Дыбыстаушы аппарат», «Буынның түр-түрі» және т. б. тақырыптар арқылы 5-сынып оқушыларына толық ғылыми дәлелденген мәлімет береді.

Қазақ тілі дыбыстарын акустикалық ерекшелігіне қарай дауысты, дауыссыз, сонар дыбыстар деп үшке бөліп: «Салдыр болып, я салодыры басым болып шығатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз»,- дейді [14]. Ол к, қ, ш, с, т, п, д, б, з, ж, ғ-г дыбыстарын ғана дауыссыздарға жатқызады. «Дыбыс екі түрлі болады: бірі салдыр, бірі үн. Жолсыз жерде бара жатқан арбаның дыбысы, есікті жауып қалғанда шығатын дыбыс сияқтылар салдыр болады. Домбыраның, сыбызғының, ауызбен салған әннің дыбысы сияқтылар үн болады. Дыбыстың осы екі түрі сөз дыбыстарында да бар»,- дейді [14]. Ғалымның бұл пікірі дауысты және дауыссыздардың айырмашылығын көрсететін қазіргі анықтамалармен үндес келеді. Қ.Жұбанов он тоғыз дыбыстың он екісін дауыссыз, қалған жетеуін сонор дыбыстар деп, бөлек-бөлек қарастырған. «Дауыссыз дыбыстардың бәрі де егіз болады. Егіздердің бір сыңарының дыбысы тек салдыр болады да, бір сыңарының дыбыстарында сол салдырға болар-болмас үн қосылған болады. Дыбысы тек салдыр болып шығатын сыңарын үнсіз дауыссыз дейміз. Дыбыстарда салдырға үн аралас болатын сыңарын үнді дейміз»,- дейді Қ.Жұбанов [14]. Демек, үнді-үнсіз деп дауыссыздарды естілу ерекшелігіне қарай қарама-қарсы қойған. Ол «Дауыссыз дыбыстардың егіздері» деп төмендегідей кесте жасап, үнді, үнсіз дауыссыздар тобын көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет