Жоспар: І қ. Жұбанов тұңғыш лингвист



бет9/15
Дата13.05.2022
өлшемі164,17 Kb.
#34286
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
2-кесте. Дауыссыздардың шығатын орнына қарай жіктелуі





Көмек дауыссыздары

Ерін дауыссыздары

Тіс дауыссыздары

Үнсіздері

қ к

п

т ш с

Үнділері

ғ г

б

д ж з

І.Кеңесбаев дауыссыз дыбыстарды айтылу орнына қарай сегіз топқа бөледі: «1) ерін фонемалары: п, б, м, (у); 2) тіс пен ерін фонемалары: ф, в; 3) тіс фонемалары: т, с, з, д, ң; 4) тіл ұшы фонемалары: н, л, ч; 5) тіл алды фонемалары: р, ш, ж, й; 6) тіл ортасы фонемалары: к, г; 7) тіл арты фонемалары: қ, ғ, ң, х; 8) көмей фонемасы: һ»,- дейді [27]. Ж.Аралбаев ерін дауыссыздары – б, п, м, у; тіл алды – н, л, р, т, д, с, з, ж (дж), ш, ч, ц; тіл ортасы – й, к, г; тіл арты – қ, ғ, х, ң және фарингаль – һ деп жіктейді [28, 44-64 бб.]. Ә.Жүнісбеков б, м, п, у – ерін дауыссыздары, д, ж, з, л, н, р, с, т, ш – тіл алды, г-ғ, й, к-қ, ң – тіл ортасы фонемалары деп дәлелдейді. Ол ғ-г, қ-к кішкене тіл дыбыс деп, г-ғ дыбысыызың, к-қ дыбысы – шұғыл екендігін айтады [28].

Қ.Жұбанов: «п, б, дыбыстары ерінде болатын салдыр, сондықтан бұл екеуін ерін дауыссыздары дейміз»,- деп атаған болса, қазіргі оқулықтардан да бұл пікірдің дұрыстығын көреміз. «Б, п – фонемалары екі еріннің бір-біріне нық тиіп, сосын бірден ашылып кетуінен пайда болады; басқаша айтқанда, олар әрі имплозиялық, әрі эксплозиялық артикуляция арқылы жасалады. Бұл екеуінің ішінара айырмасы – бірі (б) – ұяң, бірі (п) – қатаң», -дейді І.Кеңесбаев [27]. Ж.Аралбаев та осындай пікір айтады. Демек, Қ.Жұбанов п, б – дыбыстарын ерін дауыссыздары деп дұрыс көрсеткен демекпіз.

Қ.Жұбанов: «т, д, с, з, ш, ж – дыбыстары тілдің үстіңгі күрек тіске не соғып қалуынан, не жуысып қалуынан пайда болады, сондықтан, бұл атауын тіс дауыссыздары дейміз»,- деген болатын [14, 174 б.]. Бұл дыбыстарды Ж.Аралбаев, С.Мырзабеков, Ә.Жүнісбековтер бірауыздан тіл алды фонемалары деп есептейді. І.Кеңесбаев т, д, с, з, – тіс фонемалары, ш, ж – тіл алды фонемалары деп таниды. Т, д, с, з, ш, ж дыбыстарының артикуляциясы кезінде, барлығы да үстіңгі күрек тіс, астыңғы күрек тіс, немесе жоғары тіс қатысатын болғандықтан, Қ.Жұбанов бұл дыбыстарды тіс дауыссыздары деп шындықтан алыс кетпеген деп білеміз. Қазіргі авторлар артикуляциялық орнына қарай дауыссыз тіл дыбыстарын тіл алды, тіл ортасы, тіл арты деп жіктесе, Қ.Жұбанов «Дыбыстың көбі тілдің қимылынан пайда болады. Бірақ тіл дыбыстарын бірінен-бірін айыру үшін, қай жерде бөгелсе, сол жердің атымен атап, тіс дыбыстары, таңдай дыбыстары, көмей дыбыстары дейміз»,- дейді [14]. Сондықтан қазіргі тіл алды дыбыстары Қ.Жұбанов еңбегінде тіс (т, д, с, з, ш, ж), күрек тіс (н), азу (л), қызыл иек (р), тіл ортасы дыбыстары – таңдай (й), ал тіл арты дыбыстары – көмей (к, қ, ғ, г, ң) деп берілген. Ендеше, ғалым өзі атап айтпаса да, осы дыбыстарды айтқанда тілдің қатысы барын көрсеткендіктен бұл дауыссыздарды тіл дыбыстары деп таныған.

«Дауыссыздар бір жерден шыға тұрып та әр түрлі болуы мүмкін. Мәселен, т дыбысы да, с дыбысы да тілдің ұшының үстіңгі күрек тіске не жабысқан, не жуысқан салдарынан пайда болады. Бұл екеуінің екі түрлі болуы – жабысқандағы салдыр мен жуысқандағы салдырдың екеуі екі түрлі болғаннан, т дыбысы шығарда тілдің ұшы үстіңгі күрек тіске жабысып қалады; ал с дыбысы шығарда тілдің ұшы үстіңгі күрек тіске жабыспайды және жуысыңқы деп артикуляциялық белгісіне қарай екіге бөледі [14]. «Ауыздың екі жері бір-біріне жабысып ашылғаннан пайда болған дыбысты жабысыңқы дауыссыз дейміз. Жабыспай тек жуысқаннан пайда болған дыбысты жуысыңқы дауыссыз дейміз»,- дейд» [14]. Ол: «Үздікті дауыссыздар, жасалу түріне қарай, жабысыңқы болады.Үздіксіз дауыссыздар, жасалу түріне қарай, жуысыңқы болады»,- дейді [14]. Сонда үздіктілерге қ, ғ, к, г, т, д, п, б – дыбыстары жататынын еске алсақ, олар әрі үздікті, әрі жабысыңқы дауыссыздар деп аталатын болады. Ал үздіксіздерді (с, з, ш, ж) – жуысыңқы дауыссыздар деп білеміз.

Қ.Жұбанов дыбысының созымды-созымсыздығына қарай дауыссыздарды үздікті-үздіксіз деп екі топқа бөлсе, осы топ дыбыстарды айту кезіндегі артикуляциялық ерекшелігіне байланысты жабысыңқы және жуысыңқы дыбыстар деп жіктеген. Сөйтіп, үздікті дыбыстар жабысыңқы, ал үздіксіз дыбыстар жуысыңқы дыбыстар болады. Мұның өзі ғалымның осы дыбыстарды дұрыс топтағанын және кейінгі зерттеушілер үшін көшбасшы болғандығын көрсетеді.

Қ.Жұбанов дауыссыздарды айтқан кезде дыбыстау мүшелерінің артикуляциялық қызметіне қарай дыбыстарды жабысыңқы, жуысыңқы деп атап, осы қасиетіне қарай жіктесе, қазіргі фонетикада шұғыл, ызың деп, дыбыстың айтылу жолына, яғни дыбыстың естілу, шығу, фонациялық ауаның шығу ерекшелігіне қарай топтаған.Қазіргі оқулықтарда дыбыстарға Қ.Жұбанов қолданған терминология арқылы анықтама берілетінін білеміз

Қ.Жұбанов жабысыңқы және жуысыңқы дауыссыз дыбыстарға төмендегіше түсінік береді: «Жабысыңқы дыбыстардың салдыры есікті жауып қалғандағы я ашып қалғандағы секілді болады да, бір жауып, бір ашып тұрмасаң дыбыс шықпайды. Бір жауып, бір ашып тұрғаннан шыққан дыбыс болғасын, үздік-үздік болып шығады. Жуысыңқы дыбыстардың салдыры үздіксіз болатыны – мұнда сыбызғының түтігінен өткендегідей, ауа тар қуыстан сүзіліп өтеді де, жолы бекітілмейді. Сондықтан соза беруге келеді». Қ.Жұбановтың дыбыстың табиғатын дәл көрсететін осындай анықтамалары қазіргі еңбектерде де заңды жалғасын тапқан. Ж.Аралбаев та шұғылдар мен ызыңдарға төмендегідей анықтама бере отырып: «Шұғыл мен ызыңдарды айтқанда фонациялық ауа біркелкі шықпайды. Ал шұғылдарды айтқанда ауа үзіліп шығады да, ызыңдарда үзілмей сүзіліп шығады. Сондықтан шұғылды үздікті не үзілмелі, ызыңды үздіксіз не сүзілмелі деп атаймыз»,- деп, «үздікті-үзілмелі, үздіксіз-сүзілмелі» терминдерін І.Кеңесбаев еңбегінен алғанын ескертеді [28]. Шындығында, бұл терминдерді Қ.Жұбанов енгізген болатын.

Қ.Жұбанов жуысыңқы дауыссыздарды артикуляциясымен қатар, акустикалық белгілеріне қарай да өз ішінде сыбыр дыбыстары мен сыбыс дыбыстары деп екіге бөледі: «Сыбыр дыбысы болатын «с» пен «з», сыбыс дыбысы болатын «ш», «ж». Бұлай аталған себебі – «с» дыбысы сыбырлап сөйлегенде де анық естіліп тұрады; «ш» дыбысы – ысқырып сыбыс бергендегі дыбысқа ұқсас»,- дейді [14, 175 б.]. Оның бұл жуысыңқы дыбыстарды сыбыр, сыбыс деп бөлуі олардың естілу ерекшеліктеріне байланысты сияқты.

Қ.Жұбанов дауыссыз дыбыстардың акустика-артикуляциялық жағынан жан-жақты қарастыра келіп, олардың өзіндік ерекшеліктерін төмендегідей кестеге топтап көрсеткен [14].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет