Жоспар: І қ. Жұбанов тұңғыш лингвист


Диплом жұмысының өзектілігі



бет2/15
Дата13.05.2022
өлшемі164,17 Kb.
#34286
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
ЖҰБАНОВ

Диплом жұмысының өзектілігі: Қ.Жұбанов қазақ лингвистикасының ғылыми негізін қалыптастырушы ғана емес, қазақ тілін пән ретінде орта мектептер мен жоғары оқу орындарында оқытудың ғылыми-дидактикалық өзекті мәселелерін шешуді жаңа танымға негіздеген әдіскер-ғалым, түрлі әдіс-тәсілдерін өз еңбектері арқылы көрсете білген шебер әдіскер болғаны анық. Белгілі ғалымдар Р.Сыздықова, Н.Оралбаева, Ф.Оразбаева, А.Калюжный, М.Жұбанова, О.Бүркіт, Н.Берікұлы, Ж.Нұржанова, А.Кенжеғұлова және тағы басқалар Қ.Жұбановты қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының бастауында тұрған ірі әдіскер-ғалым ретінде танып, оның әдістемелік тұрғыдан құндылығы жоғары еңбектеріне жоғары баға беріп, әдістемелік мұрасының үздік тұстарының күні бүгінге дейін ғылыми-зерттеу нысанына айналмай отырғанын атап көрсетеді. Олай болса, зұлмат жылдары арамыздан жазықсыз аластатылып, кешегі тоқырау заманында мол мұраларын оқып-зерделеуге тыйым салынған біртума ғалымның әдістемелік тұрғыдан құнды еңбектерін зерттеп, зерделеп, қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының бастауында тұрған профессор Қ.Жұбанов еңбектерінің маңыздылығын анықтауға, оның әдістемелік мұрасын ағарту саласы қызметкерлері арасында насихаттауға және кейінгі ұрпақтың игілігіне айналдыру жолдарын көрсетуге мүмкіндік тумақ. Бұл әдістеме ғылымының дамуындағы сабақтастық пен дәстүрлер жалғастығын көрсетуге, оның қазіргі даму деңгейін саралап, келешек даму жолдарын болжауға ықпал етері ақиқат. Ғалымның тілдік тұлғасын тануда да тіл біліміне қатысты еңбектерін саралап шықтық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет