1-кесте. Дауыссыз дыбыстардың егіздері
Үнсіз сыңары
|
қ
|
к
|
ш
|
с
|
т
|
п
|
Үнді сыңары
|
ғ
|
г
|
ж
|
з
|
д
|
б
|
Демек, Қ.Жұбановтың үнсіз дыбыстары, қазіргіше айтқанда, қатаң дыбыстарға, үнді дыбыстары ұяң дауыссыздарға сәйкес келетіндігін көреміз. Қ.Жұбанов дауыссыз дыбыстар табиғатын анықтау бағытында дауыстың қатысу дәрежесін білдірудің маңызы ерекше екендігіне назар аударған. Осы ерекшелікті білгенде ғана қазақ тілі дыбыстарының фонологиялық маңызын да тереңірек таныған болар едік. Қ.Жұбанов дауыссыз дыбыстарды дыбысының созымды-созымсыздығына қарай үздікті, үздіксіз деп екі топқа бөледі. «Үздікті дауыссыздар үздік-үздік шығады да, созымға келмейді. Үздіксіздер шұбатылып шығады да, созып айтуға келеді»,- деп дауыссыздарды айтылуына, яғни ауаның шығу жолына қарай топтастырады.
Ғалымның дауыссыздарды дыбысының созымды-созымсыздығына қарай, яғним ауаның шығуына, айтылу жолына қарай деуге болады, екі топқа жіктеген. Үздікті-үздіксіз дыбыстарды қазіргі шұғыл, ызың дыбыстар тобына сәйкес келеді.
Сонымен, Қ.Жұбанов қазақ тілінің дауыссыз дыбыстарын үнді-үнсіз, үздікті-үздіксіз деп дауыстың қатысына, дауыстың созылуына, ауаның шығу ерекшелігіне қарай жіктейді. Бұл топтағы дыбыстар негізінен қазіргі фонетикамыздағы дауыссыз дыбыстардың классификациясына сәйкес келетінін және дыбыстарды бұлай топтаудың алғашқы негізін салған да Қ.Жұбанов екендігін көрсетеді. Шұғыл фонемаларды айтқанымызда дыбыстау мүшелері біріне-бірі жабысып, ауа кілт үзіліп барып, содан соң шұғыл қайта жалғасады. Ызыңдарды айтқанымызда дыбыстау мүшелері біріне-бірі жуысып, ауа бір жола үзілмейтіндей етіп ауаның жолын біршама тарылтады. Сондықтан, ауа сыздықтап, сүзіліп шығады. Демек, Қ.Жұбанов үздікті (шұғыл), үздіксіз (ызың) дыбыстар табиғатын дұрыс танып, акустикалық, әрі физиологиялық жағынан орынды пікір айтқан.
Қ.Жұбанов дауыссыз дыбыстарды артикуляциялық ерекшелігіне қарай да дұрыс жіктеп, орынды тұжырым жасаған. Ол: «Дауыссыз дыбыс дегеніміз салдыр дыбыс деп едік. Сол салдыр қалай пайда болады? Қай жерде пайда болады?», - деген сұрақтар қойып, оған былайша жауап береді: «Салдыр ауыздың ішінде пайда болады. Ауыздың бір жері бір жеріне я соғып қалады, я жуысып қалады. Салдыр шығатыны осыдан. Ауыздың әр жерінің салдыры әр түрлі болады. Мәселен, екі ерін біріне-бірі соғып, не жуысып қалса, бір түрлі салдыр болады; тіл тіске соғып қалса, не жуысып қалса, екінші түрлі салдыр болады, тіл көмейге соқса, иә жуысса, тағы бір түрлі салдыр болады»,- дейді [14]. А.Байтұрсынов кезінде дауыссыз дыбыстарды қысаң жолды (п, т, с, ш, қ, к) және босаң жолды (б, ж, д, з, ғ, г) немесе, қамаулы, сүзілулі өткелсіздер деп бөлген болатын. Ол б, п – ерін қамаулысы, т, д – тіс қамаулысы, қ, к – тамақ қамаулысы, ал с, ш, ж, з – таңдай сүзілулер, ғ, г – тамақ сүзілулер деп атаған еді. Қ.Жұбанов: «Қай дыбыс шыққанда ауыздың қай жері салдырласа, сол жерді сол дыбыстың шығатын жері дейміз:
П, б дыбыстары ерінде болатын салдыр; сондықтан бұл екеуін ерін дауыссыздары дейміз;
Қ, к, ғ, г дыбыстары тілдің көмейге соққан салдырынан пайда болады; сондықтан, бұл төртеуін көмей дауыссыздары дейміз;
Т, д, с, з, ш, ж дыбыстары тілдің үстіңгі күрек тіске не соғыпқалуынан, не жуысып қалуынан пайда болады, сондықтан, бұл алтауын тіс дауыссыздары дейміз»,- дейді [14]. Ол дауыссыздардың шығатын орнына қарай жіктклу кестесін төмендегідей көрсеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |