Жоспар: І қ. Жұбанов тұңғыш лингвист



бет10/15
Дата13.05.2022
өлшемі164,17 Kb.
#34286
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
ЖҰБАНОВ

3-кесте. Дауыссыз дыбыстар


Жасалу түріне қарай

Жабысыңқы

Жуысыңқы

Созымдылығына қарай

Үздікті

Үздіксіз

Дауысталуына қарай




сыбыр

сыбыс

Үн түріне қарай

Үнсіз

Үнді


қ к п т

ғ г б д


с

з


ш

ж


Шығатын орнына қарай

көмей ерін

тіс

Тұжырымдап айтқанда, Қ.Жұбанов тіліміздегі дауыссыз дыбыстар санын дәл анықтап, олардың акустика-артикуляциялық ерекшеліктерін де дұрыс көрсеткен. Ғалымның дауыссыз дыбыстардың табиғаты туралы айтқан пайымдаулары мен терминологиясы І.Кеңесбаевтың оқулығында да қосымша анықтама, тұжырымды пікір ретінде орынды пайдаланғанын көреміз. Демек, Қ.Жұбанов зерттеулері нәтижесінде ғылыми негізі қаланған қазақ фонетикасы І.Кеңесбаев ізденістері арқылы толыға түсті демекпіз. Сонымен бірге, дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық кестесі Қ.Жұбановтың қазақ фонетикасына қосқан елеулі үлесі деп білеміз.

Сонымен, Қ.Жұбановтың тілдің фонтика саласы бойынша жаңаша саралап көрсеткен тұжырымдарын былай қорытуға болады:

-ғалым қазақ тілінің дыбыстық жүйесін алғаш арнайы ғылыми-зерттеу жұмысының нысанына айналдырып, шынайы ғылыми мәнге, жаңа танымға негіздеді;

- қазақ тіліндегі дыбыстардың фонологиялық ерекшеліктері туралы соны ғылыми пікір қалыптастырды;

- қазақ тілі фонетикасына жаңа терминдер енгізді.

Бұл дәуір қазақ тіл біліміне қатысты атау-ұғымдарының туындап немесе қалыптаса бастаған сәті болды. Бұл дәуірдің зерттеушілері қазақ тілі фонетикасының қыры мен сырын көкірек көзімен тапқан еді»,- дейді Ә.Жүнісбек пен Ж.Әбуов. Шындығында да, теориялық дайындылығы жоғары болып, оның үстіне ана тілін жетік білген ғалымдардың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі өте зор болды. Олар ұсынған қисындардың әлі күнге дейін актуал болып келе жатқандығы да сондықтан болса керек. Жалпы қазақ тілінің дауысты, дауыссыз дыбыстары буын, сөз, әуен құрлысы жан-жақты зерттелген.

Бұл тұрғыдан 50-70 жылдарды бөліп айтуға болады (І.Кеңесбаев, Ж.Аралбаев, С.Татубаев). Бұл кезде негізінен қазақ фонетикасының жекелеген мәселелеріне арнайы көңіл бөлініп отырды, жекелеген дыбыс топтары зерттеу нысанына айналды. Қазақ тілінің интонациясы өз алдына жеке сала болып қалыптасты. Қазақ тілінің фонетика мәселелері таза теориялық тұрғыдан қаралып қойылған жоқ. Оның жергілікті ерекшеліктерін диалектолог ғалымдар (Ш.Сарыбаев, Ә.Нұрмағанбетұлы, О.Нақысбаев т.б.), сөздердің айтылым үлгілерінің жүйесі тіл мәдениеті тұрғысынан (Р.Сыздықова, Н.Уәлиев), сөз төркінін ажырату лексикология тұрғысынан (Ә.Хайдар, Ж.Манкеева), адам, жер-су аттарының дыбыс құрамы (Т.Жанұзақов), дербес-дербес зерттеліп жатыр, фоностилсистика бағыты да жеке салаға айналды (К.Хұсайын), термин атауларды жүйелеу де қолға алынды (Ө.Айтбаев). Фонетикаға байланысты өзге де мәселелер жас зерттеушілердің еңбектерінде кездесіп жатады.

Қазақ тілі фонетикасы оқу-әдістеме тұрғысынан да зерттеліп келеді. Әсіресе, өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету тұрғысынан фонетикалық зерттеулер аса зәру болып отыр. Осыған орай қазақ фонетикасын оқытудың әдістеме құралдары көптеп жарық көре бастады. Алайда, ол әдістеме құралдар әлі күнге дейін дәстүрлі фонетиканың нәтижесіне негізделіп құрастырылған да, тек қана «әліпби» дыбыстармен шектеліп қалған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет