Жоспар: І қ. Жұбанов тұңғыш лингвист



бет11/15
Дата13.05.2022
өлшемі164,17 Kb.
#34286
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
ЖҰБАНОВ

Сингармонизм. Жалғамалы түркі тілдер үшін сингармонизм тіліміздің тарихи дамуы нәтижесінде қалыптасқан ең басты зандылығы болып табылады. Қ.Жұбанов: «Сөз мүшелерін матастырып ұстайтын арқанның ең күштісі түбір мүше мен қосымша мүшелердің үндесуі. Бұл заңды сингармонизм дейміз», - дейді [3]. Ол сингармонизм деп түбір мен қосымша аралығындағы дыбыстардың үндесуін қарастырған. Сондықтан түбір сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай қосымшаның да жуан, жіңішке келуін және екі аралықтағы көрші дыбыстардың үндесуін сөз еткен. Жалпы айтканда, ғалым түбір мен косымша аралағындағы барлық дыбыстардың да үндесуіне көңіл бөлген. Мұның өзі сингармонизм сөздің бүкіл өн бойында бірдей тембрдің сақталуын қамтамасыз етіп, сөз қүрамындағы дауыстының да, дауыссыздың да бір сазбен айтылып, өзара үндесіп тұруы туралы Ә.Жүнісбеков тұжырымдарымен ұштасып жатқандығын танытады. Қ.Жұбанов сингармонизмнің тартына үндесу, ұмтыла үндесу атты екі түрі бар екендігін айтып, соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне ермейтін «тон мойын» қосымшаларды да көрсетеді. Қорыта айтқанда, Қ.Жұбановты қазақ фонетикасының ғылыми - теориялық негізін салушылардың бірі деп білеміз», –дейді [14].

Морфология саласына қатысты зерттеулері. Сөз-сөздің қалай құралатынын жалпы түрде қарайтын ғылымды жалпы морфология дейміз – дейді Қ.Жұбанов.

Сөздің бір қалыпта тұрмайтын, бір сөздің өзі бірде тура, бірде бурма күйде болып, өзгеріп, түрленіп отыратынын бұрыннан да білуші едік.

Ауылдың алды айдын көл,

Айдын көлде шағала.

Айдын көлді жағала!

(Ілияс Жансүгіров)

дегенде айдын деген сөз үш рет келген. Үшеуінде бір қалыпта, бірінің-бірінен айырмасы жоқ. Көл деген сөз де үш рет келген, бірақ бұл – үшеуінде үш түрлі: Осындағы сияқты бір сөздің өзі түрлі орында түрліше кейіпке кіруі мүмкін. Сөздің сыртқы тұлғасы дейміз. Сыртқы көрінісінің (кейпінің) түрленуін сөз тұлғасының түрленуі дейміз. Анау – көл, көлде, көлді – дегендердің бәрі де сөз тұлғасының түрленулері.Сөз тұлғасының түрленуі, я сөздің түркі мағынасына жаңа мағына үстеу үшін ғана керек; я болмаса, сол сөзді басқа бір сөзбен байланыстыру үшін керек. Қ.Жұбанов сөз тұлғасының түріне қарай, мынадай алты арыс болады,- дейді. 1. Түбір сөз; 2. Қосымшалы сөз; 3. Кіріккен сөз; 4. Қыйулы сөз; 5. Қосар сөз; 6. Қосалқылы сөз [14].



Түбір сөз бен мен қосымшалы сөз. Сөздің түп мағынасын беретін бөлшегін түп бөлшек немесе қысқартып түбір дейміз.

Айдын көл-де шағала.

Айдын көл-ді жағала, -

дегенде тұлғасы бірде көл-де, бірде көл-ді болып, екі түрде тұрған сөздің екеуінің де түп бөлшегі көл дегені.

Көл дегенің көл-шік тағы дегендегі көлшік сөзінің де түп бөлшегі көл. Көл-де, көл-ді, көл-шік сөздерінің түр мағынасын беріп тұрған түбірі – осы көл деген бөлшек. Қалған -де, -ді, -шік деген бөлшектері қосымша.

Сөздің түбірі, осындағыдай, қосымша алып та, қосымшасыз тек өзі де тұра береді. Ауылдың алды айдын көл, көл дегенің көлшік тағы дегендерде көл сөзі түбір болғандықтан, қосымшасыз оңаша да тұр.

Сөздің қосымша бөлшегі түбірі бар сөзге қосылмай тұра алмайды. Оңаша күйде пайдаға аспайды.

Сөздің түбірі қосымшасыз, өзі ғана тұрса, түбір сөз дейміз. Айдын көл, көл дегенің дегендегі қосымшасыз тұрған көл сөздері – түбір сөздер.

Сөздің түбірі оңаша тұрмай, қосымша қосып алып тұрса, қосымшалы сөз дейміз.

Көлде, көлді, көлшік түрінде тұрған сөздердің бәрі де қосымшалы сөздер [14].



Жалғаулы сөз бен үстеулі сөз. Қосымша екі түрлі: бір түрі өзі жалғанған сөзді басқа бір сөзбен қыйындау үшін керек; екінші түрі өзі жалғанған сөздің түп мағынасына ғана мағына үстеу үшін керек.

Айдын көлде шағала (отыр),

Айдын көлді жағала! –

дегенде де қосымшасы көл деген сөзді шағала деген сөзбен қыйындастыру үшін тұр. Бұл де қосымшасын жалғамай, айдын көл шағала деп қойсақ, сөздер қыйындаспас еді, көл-ді дегендегі ді қосымшасы да көл сөзін жағала деген сөзбен қиындастыру үшін тұр.

Осындай, бір сөзді басқа бір сөзбен қыйындастыру үшін жалғанатын қосымшаны жалғау дейміз. Көл дегенің көл-шік тағы? Дегендегі көл сөзіне жалғанған шік қосымшасы бұл сөзді басқа сөзбен қыйындау үшін емес, көл сөзіне ғана мағына үстеу үшін тұр. Көлшік десек, үлкен емес, кішкене көл екенін көрсеткен боламыз.Осындай сөздің түп мағынасына үстеме мағына қосатын қосымшаны үстеу дейміз. Түбір сөзге жалғау қосылса, жалғаулы сөз болады. Көл-де, көл-ді дегендер, осындай, жалғаулы сөздер.

Түбір сөзге үстеу қосылса, үстеулі сөз болады. Көлшік деген үстеулі сөз.

Үстеу көп болады да, жалғау аз болады.

Қазақ тілінде қосымшаның бәрі де түбірдің соңғы жағынан жалғанады. Көл-де, көл-ді, көл-шік деген сөздердің бәрінде де көл деген түбірі алдында, қосымшалары онан кейін тұр.

Үстеу мен жалғаудың түбірге екеуі де жалғанса, үстеу бұрын келеді де, ең соңынан жалғау келеді.

Орақшының орағын алды,

Сушының шелегін алды, -

дегенде, орақ-шы-ның, су-шы-ның деген сөздер әрі үстеулі, әрі жалғаулы сөздер. Бұлардың аяғындағы -ның қосымшасы – жалғау. Бұл жалғау орағын, шелегін деген келесі сөздермен байланыстырып тұр. Жалғаудан ілгері тұрған -сы қосымшасы – үстеу. Бұл орақ, су дегендер сөздердің мағынасын үстеп тұр. Орақ, су дегендер заттың аты еді, енді орақ-шы, су-шы болып үстелгеннен кейін орақ жұмысын, су жұмысын істейтін адам деген мағына шығып тұр.

Жалғау, көбінесе, бір сөзде біреу-ақ болады да, бір жалғаудың үстіне екінші жалғау жалғанбайды.

Үстеу бірінің үстіне бірі жалғана береді де, бір сөзді біреуі ғана болмай, бірнешеуі бола береді. Сушы деген сөздің түбірі – су, үстеуі – шы. Мұнда үстеуі біреу-ақ. Ал, орақшы деген сөздің түбірі ор, үстеулері бірінші –ақ, екінші – шы. Мұнда екі үстеу бар. Орақ-шы-лық десек, бір сөздің өзінде-ақ -ақ, -шы, -лық деген үш үстеу болады.

Үстеу нешеу де болса, түбір мен жалғаудың екі аралығында ғана болады да, жалғаудан кейін келмейді. Жалғау түбірге де, үстеуге де жалғанады.

Үстеу де, жалғау да өздігінен пайдаға аспайтын, тек түбірлі сөзге қосылып қана тұра алатын болғандықтан, екуін бір қосып қосымша дейміз. Үстеулі я жалғаулы сөзді қосымшалы сөз дейміз.

Түбір сөз де, үстеулі сөз де сөздің өз басының мағынасын беретін болғандықтан бұл екеуін бір қосып негіз сөз дейміз.

Түбір негізді түп негіз, үстеулі негізді туынды негіз дейміз. Көл-де, көл-шік-те деген екі сөздің негіздері алдыңғысында көл, соңғысында көлшік. Көл – түр негіз, көлшік – туынды негіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет