Жоспар: Инклюзивті білім берудің модельдері


Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мекемелеріндегі мүмкіндігі шектеулі балалар саны



бет10/20
Дата06.02.2023
өлшемі197,61 Kb.
#65673
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
лекция инклюзивт б.б. (1)

Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мекемелеріндегі мүмкіндігі шектеулі балалар саны

Сызбадан көріп тұрғаныңыздай, мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру жүйесіне енгізуде Қостанай облысы алдыңғы орында. Одан кейін Шығыс Қазақстан, Қарағанды облысы, Батыс Қазақстан. Алматы қаласы мен Ақмола облыстардың саны бірдей. Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарын да мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру жүйесіне енгізу төменгі деңгейде. 271 балабақша да 9172 мектеп жасына дейінгі балалар оқып тәрбиеленеді. Оның 5807 бала арнайы топта, ал 3365 – жалпы топта оқып, тәрбиеленеді. 1238 жалпы білім беру мектептерінде 35550 мүмкіндігі шектеулі бала білім алады. Оның 7643 – арнайы сыныптарда, ал 27907 – жалпы білім беру мектептерінің қалыпты деңгейдегі балалармен біріктіріліп оқытылады. Төмендегі кестеде форма бойынша жалпы білім беру үрдісіне енгізілген балалардың үлесімі.


Кесте 1. Жалпы білім беру жүйесіне енгізілген балалар саны



Баланы енгізудің формасы

Балалар саны

Балабақша ішіндегі арнайы топтар

5807

Жалпы топта тәрбиеленетін

3365

Жалпы білім беру мектептеріндегі арнайы сыныптар

7643

Жалпы сыныпта білім алатын

27907

Барлығы

45722


Инклюзивті білім беру – бұл мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру жүйесіне енгізу емес, керісінше, барлығына тиімді жалпы білім беру жүйесін құру. Инклюзивті білім берудің мәні – білім беруде қанағаттанарлықтай жетістікке жетудегі мүмкіндіктерді қарастыратын бағдарламаға сәйкес жалпы білім беретін сыныптарда мүмкіндігі шектеулі баланың білім алуы. Мүмкіндігі шектеулі баланың қоғамға кіріктіруде кездесетін тосқауылдарды жоюдың амал-тәсілдерін қарастыратын жолдарының бірі. Мүмкіндігі шектеулі бала күнделікті өмірде көптеген қиындықтарға тап болады. Қоршаған ортадағы адамның «ерекше бала» ретінде емес мүгедек бала ретінде қабылдайтынына мүмкіндігі шектеулі бала үйренуге мәжбүр. Күнделікті намысына тиетін сөздер мен шектеушілік көргендіктен бала бойында қорқыныш пен ашу сезімі ұялайды. Сондықтан да мектептің міндеті - мүмкіндігі шектеулі баланың өз күшіне сенуге, өзің-өзі бағалауға, өз-өзіңе қызмет көрсете білуге, баланың дамуына және жасына сәйкес білік пен дағдыны дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізу қажет.
Демек, инклюзивті білім беруді жемісті жүзеге асыру үшін мүмкіндігі шектеулі бала білім алатын жалпы білім беру мекемелерінде арнайы педагогикалық және психологиялық қолдау көрсетудің инфрақұрылымы нақты бекітілуі керек. Инклюзивті білім берудің тиімді шарттарының бірі жалпы білім беру жүйесіндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету болып табылады. Осының негізінде 1509 инклюзивті білім беру жүйесін жүзеге асыратын мекемелерде 809 психологиялық-педагогикалық консилиум құрылған. Балабақшада – 130 консилиум, ал мектепте – 679 консилиум бар.
Сызба 2




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет