Жоспар: Инклюзивті білім берудің модельдері



бет12/20
Дата06.02.2023
өлшемі197,61 Kb.
#65673
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Байланысты:
лекция инклюзивт б.б. (1)

Дәріс 6
Тақырыбы: Есту қабілеті бұзылысына педагогикалық-психологиялық сипаттамасы
Жоспар:

  1. Сурдопедагогика мәні мен міндеттері

  2. Құлағында мүкістігі бар балалардың педагогикалық жіктелуі

  3. Құлағында мүкістігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу негіздері

  4. Қазақстанда есту қабілеті бұзылған балаларға инклюзивті білім беру мәселесі



1. Сурдопедагогика мәні мен міндеттері
Есту қабілеті – болмысты дыбыс құбылыстары түрінде бейнелеу, адамның дыбыстарды ажыратып қабылдау қабілеті. Бұл қабілет есту талдағышы арқылы іске асырылады.
Сурдопедагогика (лат. керең) – құлағында мүкістігі бар адамдарға білім беру туралы ғылыми білімдер жүйесін білдіретін арнайы педагогиканың құрамдас бөлігі.
Аудиометрия – құлақтың зақымдалған жерін және дәрежесін зерттеу.
Кохлеарлық имплантация – бұл жоғары дамыған электрондық құлақты протездеу жүйесінің хирургиялық көмегімен жартылай имплантант қолдану.
Есту қабілетінің бұзылу себептері: туа біткен, тұқым қуалаған, жүре иеленген.
Тұқым қуалаған: құлақтың ауыр бұзылыстарына бейімділігін анықтайтын есту органының туа біткен жетілмегендігі.
Туа біткен: құрсақішілік кезеңде зиянды факторлардың әсер етуі: жұқпалы аурулар, интоксикациялар, жарақаттар.
Жүре иеленген: жұқпалы аурулар – қызылша, менингит, қызамық, паротит, пневмония, жарақаттар және т.б.


2. Құлағында кемістіктері бар адамдардың педагогикалық жіктелуі
Құлағы дамуының қай кезеңінде бұлығанына және қандай дәрежеде бұзылғанына қарай балаларды үш категорияға бөледі.
Керең балалар – балалар сөз қорын толықтыру үшін өз бетінше пайдалана алмайтын құлақтың мүлде естімеуі.
Есту қабілетінен ерте айырылғандар – тілі шыққанға дейін ерте пайда болған немесе туа біткен құлақ мүкісінің екі жақты және ауыр бұзылысы бар балалар.
Есту қабілетінен кейіннен айырылғандар – есту қабілетінен кеш айырылуы себебінентілі жартылай шыққан, құлағында мүкістігі бар балалар.
Әлсіз еститіндер (мүкіс құлақ) – тілінің дамуын қиындататын, бірақ құлақ талдағышының көмегімен сөз қорын өз бетінше толықтыруға мүмкіндік беретін жартылай есту қабілетінен айырылған балалар.
Керең балалар – тілі шыққанға дейін немесе тілі жаңадан қалыптасып келе жатқан кезде құлақ мүкісінің пайда болуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет