Жоспар: Инклюзивті білім берудің модельдері


Есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту және тәрбиелеу негіздері



бет13/20
Дата06.02.2023
өлшемі197,61 Kb.
#65673
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
лекция инклюзивт б.б. (1)

3. Есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту және тәрбиелеу негіздері.
Әлсіз еститіндерге және кейіннен есту қабілетінен айырылғандарға арналған мектептер – ценз біліміне сәйкестігі.
Оқу процесінің мазмұндық және әдістемелік бағыттылығын сақтау, негізіне оқытудың түзету-дамыту принципі жатқызылған.
Кереңдерге арналған мектептер – ауызша тіл және қалдықтық есту қабілетіне барынша сүйену негізінде оқыту.



  1. Қазақстанда есту қабілеті бұзылған балаларға инклюзивті білім беру мәселесі

2013 жылдың 10 сәуірінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты «Сенсорлық қызметі бұзылған балалардың білім беру кеңістігіне ену ерекшеліктері» атты тәжірибелік семинар өткізді.

Семинар шеңберінде жалпы білім беретін мектептердің сенсорлық қызметі бұзылған балаларды білім беру кеңістігіне қосу жөніндегі заманауи мәселелері мен басымдықтары талқыланды:


сенсорлық қызметі бұзылған балалардың жалпы білім беру үрдісіне қосылуына септігін тигізетін ұйымдастырушылық-педагогикалық іс-шараларды жүзеге асыру;


сенсорлық қызметі бұзылған балаларды психологиялық-педагогикалық тұрғыда қамтамасыз ету;
сенсорлық қызметі бұзылған балаларға жеке тәсілдерді қолдануда ПМПК жұмысының мазмұны.
кохлеарлы имплантациядан кейін есту қызметі бұзылған балалардың сөйлеу тәжірибесін кеңейту және тілдік қарым-қатынастарын ұйымдастыру;
есту қызметі бұзылған балалардың сөйлеу тәжірибесін кеңейту және тілдік қарым-қатынастарын ұйымдастыру;
кохлеарлы имплантациядан кейін балалардың заманауи қоғамдағы өмірге бейімделу және оңалу қиындықтарын жеңу бойынша.
Есту қызметі бұзылған және кохлеарлы имплантация жасалған балалардың құқықтарын қолдау үшін Қазақстанның барлық өңірлерінен келген жалпы білім беретін мектептердің директорлары, директорларының орынбасарлары, есту, көру қызметтері бұзылған балаларға арналған арнайы (түзету) мектеп-интернаттарының директорлары, Алматы қ. №5 қалалық клиникалық аурухана, «Ақсай» Республикалық балалар ауруханасының өкілдері, «Дыбыс» ҒӨБ өкілдері семинар-практикум жұмысына қатысты.

Семинар-практикумға қатысушылар бүгінгі таңда республикада шамамен 11 000 мың баланың есту қызметі бұзылғандығын атап өтті. Кохлеарлы имплантация есту қызметінің бұзылуын жеңудің келешектегі әдісінің бірі болып табылады, оның нәтижесі есту-сөйлеу қызметтерін оңалту шарасы болуы тиіс.


Есту қызметі бұзылған балаларды дер кезінде анықтау және оларды оңалтуда, әлеуметтік жағынан бейімдеуде және ондай балаларды қоғамға жұмылдыруда тиімді қолдау көрсету жалпы және арнайы білім беру жүйесі алдында тұрған, есту қызметі бұзылған балаларға қатысты басты міндеттер болып табылады. Медициналық, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік көмек көрсетілетін кешенді оңалту шаралары қажет, әсіресе есту қызметі бұзылған балаларды оқытуда оларға жеке-дара көмек керек, бұл өз кезегінде сурдопедагогтың кәсіби біліктілігін талап етеді.


Семинар-практикумға қатысушылар сурдопедагогтардың білім беру міндеттеріне қол жеткізуде «айналма жолдарды» қарастыратын білім беру құралдарымен әлеуметтік құлдырауын жеңумен белсене айналысатындығын айқындады, кохлеарлы имплантация операциясы жасалғаннан кейін балалармен белгілі бір жұмыс тәжірибесін іске асырады.


Есту қызметі бұзылған балаларды интеграциялық тәсілмен оқытуда сурдопедагогтың (Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Педагогика және инклюзивтік білім беру» кафедрасының аға оқытушысы А.М.Саяқова) пайдаланған жұмыс тәжірибесімен; есту қызметі бұзылған балалардың есту-сөйлеу қызметтерін оңалтудың заманауи технологияларымен (Ұлттық ғылыми-тәжірибелік түзету педагогикасы орталығының сурдопедагогы С.А.Әсембекова); есту қабілеттері нашар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу мүмкіндіктерімен (Алматы қ. Есту қызметі бұзылған балаларға арналған № 5 мектеп-интернатының сурдопедагогы О.И.Омельянович); арнайы (түзету) мектеп-интернатында көру қызметі бұзылған балалармен жүргізілетін ұйымдастыру жұмыстарының ерекшеліктерімен(көру қызметі бұзылған балаларға арналған №4 арнайы (түзету) мектеп-интернаты директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Ж.Жүнісханова); Алматы, Ақтөбе, Қызылорда қалаларынан келген әріптестердің жұмыс тәжірибелерімен таныстырылды.


Семинар-практикум жұмысы барысында қатысушылар топтарда төмендегідей мәселелерді талқылады:


Инклюзивті білім беруде сенсорлық қызметі бұзылған балалармен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу.


Сенсорлық қызметі бұзылған балалардың оқу сауаттылығын әлеуметтендіру факторы ретінде қалыптастыру.
Бағалау арнайы білім беру жүйесін жаңғырту факторы ретінде.
Соңында семинар-практикумға қатысушылар сенсорлық қызметі бұзылған балаларды білім беру кеңістігіне қосу жөнінде дайындаған өздерінің жоба-презентацияларын ұсынды.
Сурдопедагогтардың нәтижелі жұмыс тәжірибелері атап өтілді және жеткілікті деңгейде танымдық белсенділігі бар балалар тобы ретінде сенсорлық қызметі бұзылған балаларды жалпы білім беру кеңістігіне қосу бойынша жағдайлар жасауға болатындығы жайында өз тілек-қалауларын жеткізді. 2013 жылдың 13 мамырында Семей қаласының есту қызметі бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат базасында «Нәтижелі тәлім-тәрбие - есту қызметі бұзылған балаларға жаңа өмірге сай оқыту мен тәрбие беру әдістері» тақырыбында мектеп-интернаттың 75 жылдық мерейтойына орай тәжірибелік семинар ұйымдастырылып, өткізілді.
Тәжірибелік семинарға қатысушылар категориясы: Семей қ., Павлодар қ., Зыряновск қ., Өскемен қалаларының арнайы (түзету) мектептерінің педагогтары мен басшылары, Семей балалар үйі, Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебі, Семей Көпсалалы технологиялық колледжінің педагогтары, Семей қаржы-экономикалық колледжі, Семей мүгедек-балалардың әлеуметтік бейімделу және реаблитациялау орталығы, қалалық және облыстық білім және ғылым саласындағы профсоюз қызметкерлері, Алматы қаласы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты Педагогика және инклюзивтік білім беру кафедрасының аға оқытушысы, БАҚ өкілдері. 
Тәжірибелік семинарды есту қызметі бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат директоры Кривицкая Светлана Каримуллаевна ашты, ол семинардың өзекті тақырыптары жайлы айтып өтті. Светлана Кармуллаевна өз сөзінде тек мектептердің қызметі емес, орта білім беру тәрбиеленушілерінің жетістіктері туралы, оларға жан-жақты тәрбие беру және естімейтін балалардың жеке тұлғалық тілін, олардың әлеуметтік ортаға бейімделуін айтып өтті.
Семинарға қатысушылар шеберлік-сынып көрсетті: Купишева С.А., математика мұғалімі математика мен қазақ тілін кіріктіріп 4 сыныпта; (Ахметова А.Ж., сурдопедагог) 8 сынып оқушылары Олегом Мячин и Дауеновой Дарой топтармен естімейтіндердің тілін дамыту; Валиулина С.Т., бастауыш сынып мұғалімі 2 сыныптармен «Отбасы»; Кашляк Н.В., сызу және технология мұғалімі 9 сыныптармен технология сабақтарын көрсетті.
Тәжірибелік семинар соңында есту қызметі бұзылған балаларды оқыту мен тәрбиелеудің өзекті мәселелері жайында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Латыповой И.М., педагог-тәрбиеші; Рублевой Н.Т., педагог-тәрбиеші, клуб жетекшісі «Фоторепортер» докладтары талқыланды.
Дөңгелек үстелден кейін Алматы қаласы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты Педагогика және инклюзивтік білім беру кафедрасының аға оқытушысы Саякова Анжела Мырзагалиевна «Актуальные направления профессиональной деятельности сурдопедагога на этапе социальной модернизации общества» тақырыбында доклад оқыды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет