Жоспар: Инклюзивті білім берудің модельдері


Ой өресінің төмендеуінің байқалу дәрежесі



бет18/20
Дата06.02.2023
өлшемі197,61 Kb.
#65673
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
3. Ой өресінің төмендеуінің байқалу дәрежесі
Ақылы кем балалар психофизикалық дамуының бұзылу дәрежесіне қарай топтарға бөлінеді:
1. Жеңіл түрі – ақылының кемдік дәрежесі мардымсыз балалар. Олар арнайы бағдарлама бойынша мектепте жүйелі түрде білім алуға қабілетті. Ең жоғарғы психикалық процестерінің: есте сақтау және назар аударудың ерікті процестерінің, талдау және синтездеу, ойлау, сөйлеудің талдап қорытушы және реттеуші, себепті-тергеушілік байланыстарды анықтау процестерінің толық дамымағаны байқалады.
2. Орташа түрі – танымдық процестеріндегі, эмоциялық-ерік аясындағы бұзылыстардың салдарынан ұзақ уақыт бойы өз бетінше мақсатты түрде жұмыс істеуге қабілеті аз, ақылының кемдік дәрежесі орташа балалар. Ұзақ уақыт бойы оқытып, жүйелі түрде жаттығу жасаған жағдайда балалар оқу техникасын, жазу дағдыларын меңгереді, өзіне өзі қызмет көрсетудің қарапайым дағдыларын меңгеруге қабілетті.
3. Ауыр түрі – жалпы баланың жеке тұлға ретінде бұзылуының ең ауыр дәрежесі. Олар сөйлей алмайды, басқалардың сөзін түсінбейді, өзіне өзі қызмет көрсету дағдыларын меңгеруге қабілетсіз, моторикасынжа ауыр бұзылыстары бар.

Дәріс 10


Тақырыбы: Сөйлеу тілі бұзылысына педагогикалық-психологиялық сипаттамасы Жоспар:

  1. «Логопедия» ұғымы

  2. Сөйлеу қабілеті бұзылыстарының жіктелуі

  3. Сөйлеу қабілеті бұзылған балалармен жүргізілетін түзету-тәрбиелеу жұмысының негізгі бағыттары



1. «Логопедия» ұғымы
Логопедия – сөйлеу қабілетінің бұзылуы, олардың алдын алу, анықтау және арнайы оқыту мен тәрбиелеу құралдары арқылы жою туралы ғылым. Логопедия сөйлеу қызметінің бұзылу себептерін, механизмдерін, симптоматикасын, ағымын және құрылымын зерттейді. «Логопедия» ұғымы грек тілінің түбірлерінен: логос – сөз, пайдео – тәрбиелеймін, оқытамын құралған. Аудармасы «дұрыс сөйлеуді үйретуді» білдіреді.
Сөйлеу – тек адамға ғана тән ең маңызды психикалық қызмет, негізгі коммуникативті қызмет болып табылады. Сөйлеудің және оның мағыналық бірлігі – сөздің негізінде қабылдау, елестету, есте сақтау сияқты психикалық процестер қалыптасып дамиды. Баланың құлағында мүкістігі жоқ, ой өресі бұзылмаған, бірақ оның бүкіл психикасының дамуына әсер етуі мүмкін емес сөйлеу қабілетінің едәуір бұзылыстары бар болған жағдайда біз ерекше категория балалар – сөйлеу қабілеті бұзылған балалар туралы сөз қозғаймыз. Сөйлеу қабілетінің қандай да бір патогендік фактордың әсерінен пайда болған бұзылыстары өздерінен-өзі жойылмайды, және арнайы ұйымдастырылған түзету-логопедиялық жұмыс жүргізілмесе, баланың келешектегі дамуына кері әсер етуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет