Жоспар: Инклюзивті білім берудің модельдері


Инклюзивті білім беру және психологиялық-педагогикалық консилиумды жүзеге асыратын мекеменің саны



бет11/20
Дата06.02.2023
өлшемі197,61 Kb.
#65673
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Инклюзивті білім беру және психологиялық-педагогикалық консилиумды жүзеге асыратын мекеменің саны


Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстары мен Астана қаласының мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінде психологиялық-педагогикалық консилиум қызмет атқаруда. Атырау, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының мектепке дейінгі мекемелерінде, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Акмола, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының жалпы білім мекемелерінде психологиялық-педагогикалық консилиум қызмет көрсету жоқ. Мектептер де психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бойынша негізгі жұмыстарды психологтар мен әлеуметтік педагогтар жүзеге асырады.
Астана, Қостанай, Қарағанды және Шығыс Қазақстанның инклюзивті мектепке дейінгі ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің барлық мамандары қызмет жасауда. Жалпы білім беру мектептерінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мамандары жоқ:
Атырау, Қызылорда облыстарында әлеуметтік педагог, ЕДШ инструкторы, арнайы педагог, психолог, логопед;
Маңғыстау және Алматы облыстарында ЕДШ инструкторы, арнайы педагог, логопед;
Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында ЕДШ инструкторы, арнайы
педагог;
Ақмола облысы, Астана және Алматы қалаларында ЕДШ инструкторының жоқтығы.
Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының жалпы білім беру жүйесіне енгізілген мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету барлық мамандармен жүзеге асырылады: логопед, психолог, арнайы педагог, ЕДШ инструкторы, әлеуметтік педагог.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің мониторинг нәтижесінде ұйымдардың көп бөлігінде логопед, мұғалім-дефектолог, ЕДШ инструкторы, әлеуметтік педагог мамандарының жеткіліксіз екенін көз жеткізуімізге болады. Демек, жалпы білім беру мемекелерінде білім алатын мүмкіндігі шектеулі балалар қажетті мамандардың көмегімен қамтамасыз етілмеген.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы типтегі білім беру мекемелеріне енгізуді дамыту шарттары бойынша мониторинг нәтижесі қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Қазақстанның барлық облыстарында және Алматы мен Астана қалаларының 1500 білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізу жүзеге асырылады. Мүмкіндігі шектеулі баланы жалпы білім беру жүйесіне енгізуде оңды тәжірибелік жұмыс тек Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының №13 жалпы білім беру мектебінде және Батыс Қазақстан облысында (№22 балабақшада) жүргізілуде. Петропавл қаласының №13 жалпы білім беру мектебінде инклюзивті білім беру жүйесін жүзеге асыруда 1999 жылы тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған арнайы лифтер жасалынған. Олардың жайлы көтерілуіне, түсуіне мектеп ғимаратына қосымша пандус салынды. Тірек-қозғалу аппараты зақымданған балалар шынығу орталығы ашылды. Мектептің мүмкіндігі шектеулі түлектері университет пен колледждерде білім алуда. Жоғарыда аталған мекеменің жарты бөлігінде психологиялық-педагогикалық консилиум құрылған. Бірақ, ата-аналарға, педагогтарға кеңес беретін және балаларға қолдауға көрсететін басты мамандар – мұғалім-дефектолог пен логопедтердің тапшылығын көрсетті. Жалпы білім беру мекеменің ғимараты мен бөлмелері түзете-дамытушылық шараларды жүргізуге қолайсыз, қажетті құрал-жабдықтар жеткіліксіз болып келеді. Жалпы білім беру мектептеріндегі дамуында ауытқуы бар балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдерге кеңес беру бойынша әдістемелік орталықтар тек үш облыста ғана құрылған. Инклюзивті статусқа ие болған мектептің ең бірінші басты мәселесі – қалыпты және мүмкіндік шектеулі баланың өзара тұлғаралық қарым-қатынас орнату. Яғни, мүмкіндігі шектеулі баланың өзін жақсы сезінуге, ал қалыпты деңгейдегі баланың адамгершілік, кішіпейілділік, жауапкершілік қасиеттерінің жоғарлануын қадағалау. Сонымен қатар мектептің инклюзивті статусқа ие болуы үшін тек мұғалімдер қауымын біліктілікті көтеру және дайындық курстарын өткізіп қана қоймай, мұғалім-дефектолог пен жалпы білім беру мұғалімдерінің қызметтік серіктестігін ұйымдастыру. Демек, инклюзивті білім беру - бұл мұғалімдердің тәжірибелік қызметтермен алмасуы үшін арнайы және жалпы білім беру мекемелерінің үздіксіз байланыста болуына мүмкіндік береді, оған қоса педагогикалық жоғары оқу орындарының оқу жоспарына енгізілген арнайы педагогика және психология курстары бойынша студенттермен мақсатқа бағытталған жұмыс жасау қажет.
Халықаралық тәжірибедегі инклюзивті білім берудің дамуын талдау негізінде Г.А.Абаева арнайы білім беру жүйесінің қызметтік статусын сақтай отырып, жалпы білім беру мектептеріндегі оқу-тәрбие үрдісін жүйелі өзгерту мен жаңартудың негізгі бағыттарын ерекшелуге мүмкіндік беретін жолдары көрсеткен:
1. Жалпы білім беру мектептерінің «инклюзивті» статусқа ие болуы.
2. «Инклюзивті» статусты алған жалпы мектепте мүмкіндігі шектеулі барлық категориядағы балалар (көру, есту қабілеті, зияты зақымдалған, психикалық дамуы тежелген, жалпы сөйлеу тілі зақымдалған және т.б.) білім алады. Дегенмен, мүмкіндігі шектеулі оқушылар мектептің жалпы санынан 15%-дан жоғарламауы қажет.
3. Жалпы білім беру мектептеріне ақыл-ой кемдігінің жоғары деңгейде зақымдалған балаларды біріктіріп оқытуға рұқсат берілмеуі қажет.
4. Жалпы білім беру мекемелерінде тосқауылсыз орта құру. Мүмкіндігі шектеулі балаларды (пандус, арнайы дәрет жабдығы, арнайы лифт, арнайы кіріп шығатын есіктер және т.б.) материалды-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету қажет.
5. Баланың психикалық және дене дамуының ерекшелегіне және оның қажеттіліктеріне (емдік дене шынықтыру, психомоторикалық түзету, психолог және логопед, дефектолог мамандарының түзету сабақтарын жүргізетін, дәрігерлік кабинет, оңалту жабдықтары, ортақ және спорттық іс-шараларды жүргізуге арналған спорт залы) сәйкес танымдық, моторикалық, сенсорлық дамуын жоғарлатуды қамтамасыз ететін түзете-дамытушылық, заттық кеңістік ортаны құру.
6. Психикалық және дене дамуында ауытқуы бар балаға білім алудың тиімді ортамен қамтамасыз ету үшін әр баланың даму ерекшеліктеріне сәйкес білім алудың жеке техникалық, дидактикалық құралдар және оқулықтармен қамтамасыз ету. Мысалы, көру қабілеті зақымдалған (көрмейтін) балаларды нүктелі-рельфті Брайл жүйесімен оқыту; нашар көретіндерді – арнайы және тифлотехникалық құралдарды қолданып шрифтері үлкейтілген оқу құралдар және оқулықтар бойынша оқыту.
7. Психикалық және дене дамуында ауытқушылығы бар бала мен қалыпты дамыған балалардың өзара қарым-қатынас жасауының үйлесімділігіне бағытталған әлеуметтік өзараәрекеттесуін ұйымдастыру, тиімді және баланың өзін жақсы сезінетін психологиялық орта құру; әлеуметтік әріптестікті дамыту.
8. Баланың жалпы білім беру мектептеріне психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру (ПМПК) ұсынған оқытудың формасы және ата-ана мен басқа да заңды тұлғаларының (қамқоршы) өтініш беру арқылы енгізіледі.
9. Ата-ана мен баланың заңды қамқоршылары ПМПК-ның қорытынды құжаттарын есепке ала отырып білім беру ұйымдарын өз еркімен таңдауға құқылы.
10. ПМПК-ның берген қорытынды негізінде және ата-ана мен баланың заңды қамқоршыларының өтініші мен мекеме ұйымының басқарушы тұлғасы мүмкіндігі шектеулі баланың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып оқу бағдарламасын бекіту арқылы интеграцияланған сыныпқа енгізіледі.
11. Дамуында ауытқуы бар бала жалпы білім беру мекемесінде психологиялық-түзету-педагогикалық қолдау көрсетумен қамтамасыз етіледі. Дүние жүзілік тәжірибе де біріктіріп оқыту шартында білім алуында ерешке қажеттілігі бар балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің төмендегідей ұйымдастырушылық формалары жүзеге асырылады:
- Қолдау көрсету орталығы – басқа білім беру мекемелерімен қызметтік байланыста болуы келісімшарт арқылы жүзеге асырылатын білім беру жүйесінің ішіндегі мекеме (Ресурсты орталық). Бұндай орталық облыста біреу ғана және барлық білім беру мекемелеріне қызмет көрсетеді.
- Қолдау көрсету қызметкерлері - білім беру ұйымдарының (балабақша, мектеп) басқарушы тұлғасына бағынатын және оқушыларға қолдау көрсететін білім беру мекеменің құрылымды бөлімшелері.
Қазақстан республикасы әр ауданның жағдайына байланысты психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастырудың екі формасын дамыту тиімді.
12. Білім беру мекеме ішіндегі түзете-педагогикалық қолдау көрсету арнайы педагог (мұғалім-дефектолог), логопед, психолог, әлеуметтік педагогтармен жүзеге асырылады. Білім беру мекемесінен тыс мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу үрдісіне қолдау көрсету білім берудің арнайы түзету мекемелерінің арнайы мамандарымен жүзеге асырылады: ПМПК, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, логопедиялық пунктер, сонымен қатар келісімшарт негізінде медициналық ұйымдарының мамандары.
13. Білім беру мекеменің типіне сәйкес оқушының психикалық немесе дене ауытқушылығын ескере отырып оқытудың әдістері мен құралдарын қолданатын оқу жоспары мен оқу бағдарламасының негізінде психикалық және дене дамуында ерекшелігі бар балаларды инклюзивті шартта оқыту мен тәрбиелеудегі білім беру үрдісі жүзеге асырылады.
14. Психикалық және дене дамуында ерекшелігі бар балаларды біріктіріп оқыту мен тәрбиелеу сыныптарын ашу бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмекті қолдау көрсету орталығы немесе қолдау көрсету қызметкерлері жүзеге асырады.
15. Көп нұсқаулы білім беру бағдарламасымен қамтамасыз ету. Мүмкіндігі шектеулі балалардың әртүрлі категориясы жинақталған топ төмендегідей білім беру бағдарлама түрлерімен оқытылады:
- типтік жалпы білім беру бағдарламасы МЖМББ мен типтік оқу жоспарының цензорлы деңгейімен қамтамасыз етеді. Бұл бағдарламамен оқыту танымдық үрдісі жоғары және «ерекше» баланы бірдей дамытуға мүмкіндік береді.
- модификацияланған жалпы білім беру бағдарламасы білім беру сапасының деңгейін төмендетпей бағытталған жоғары стандарттың жолымен әр нақты баланы жекеленген білім беруге енгізуге мүмкіндік беруді болжайды, бірақ бұл дәрежеге жету біртіндеп жүзеге асырылады. Нәтижесінде бала ҚР-ның цензорлық білім алады, бірақ оқытудың жеке жолы бойынша баланың мінез-құлық ерекшелігіне байланысты барлық оқу үрдісіне қатыса алмағандықтан кейбір пәндер жекеленген түрде өтіледі.
- бейімделген жалпы білім беру бағдарламасы МЖМБС базалық деңгейін меңгере алмайтын балаларға арналған арнайы түзету бағдарламасы.
16. ПМПК-ның мамандары толық кешенді тексеруден кейін оқушыға білім берудің жолын ұсынады. Мүмкіндігі шектеулі балалар жоғарыда аталған бағдарлама түрі бойынша білім алуға мүмкіндігі бар.
17. Арнайы білім беру ұйымының белгілі бір амалдары, негізгі көрсеткіштері мен қарама-қайшы көрсеткіштерін ескере отырып біріктіріп оқыту мен тәрбиелеуге сыныптарды арнайы іріктеу жүзеге асырылады.
18. Сыныптағы балалар саны 25 адамнан көп болмауы керек.
19. Сыныпта білім алуында «ерекше» қажеттілігі бар бала саны 3-ден артық болмауы қажет. Білім алу мекемелерінде балалар саны көп болған жағдайда түзету жұмыстарын қажет етеді. Мұндай жағдаяттарға жол бермеу қажет. Көбінесе сыныпта «қалыпты деңгейдегі» балалар саны жоғары болуы қажет.
20. Инклюзивті сыныпты құруда төмендегі талаптарды ұстанған жөн:
• бір сыныпқа (мүмкіндігінше) бірдей ауытқушылығы бар балаларды (көру, есту қабілеті зақымдалған, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды және т.б.) біріктірген жөн;
• дамуында бірдей ауытқушылығы бар балаларды сыныпқа біріктіруде 5 адамнан жоғары болмауы қажет;
• психикалық және дамуында әртүрлі ауытқушылығы бар балаларды сыныпқа біріктіруде 3 адамнан жоғары болмауы қажет;
• көру және есту қабілетінде күрделі ауытқушылығы бар балаларды бір сыныпқа біріктіру ұсынылмайды;
• көру қабілеті зақымдалған балалармен бірге басқа да ауытқушылығы бар балаларды (қимыл-қозғалысында, сөйлеуінде ауытқушылығы бар және зияты зақымдалған) біріктіру ұсынылады.
21. Оқыту үрдісінде көру қабілеті зақымдалған балалардың (кеңістікте бағдарлану, әлеуметтік тұрмыстық бағдарлану, сөйлеу тілін дамыту, сезім түйсігі мен ұсақ мотрикасын дамыту, мимика мен патомимиканы дамыту, емдік дене шынықтыру сабақтарын) әрқайсысына ұсынылған білім беру жолдары бойынша түзете орын толтырушылық, абилитациялық іс-шараларды жүргізуді көрсететін арнайы түзету сабақтарын міндетті түрде қосу қажет.
22. Жеке және топтық түзету жұмыстарын жүргізуге сағаттың бөлінуі оқу жоспарындағы түзету бөлімдері мен мүмкіндігі шектеулі баланың ауытқушылық деңгейіне сәйкес анықталады.
23. Жалпы білім берудің барлық бағдарлама түрін (модификацияланған, типтік, бейімделген) меңгеру кезінде сабақ кестесіне түзету сабақтарын міндетті түрде енгізу қажет.
Егер түзету сабағы қосымша және сыныптан тыс жүргізілсе, онда мүмкіндігі шектеулі бала сыныптастарынан қарағанда оқыту үрдісіне көп уақыт бөледі. Сондықтан да түзету сабағын сабақтың бөлінбейтін бөлшегі ретінде қарастырып, арнайы маманың ең негізгі сабақтарды жүргізу барысына қатысуға мүмкіндігі болатындай сабақ кестесін құру қажет.
24. Оқу пәндері мен түзету сабақтарының кестесі қолдау көрсету және қызмет көрсету орталығының мамандары мен мұғалімнің міндетті түрде келісімімен құрылады.
25. Инклюзивті сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдер біліктілікті көтеру Орталықтарынан дайындық және қайта даярлану курстарынан өтіп, сертификат алуы қажет.
26. Сыныпқа біріктірілген мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету арнайы мамандар (мұғалім-дефектолог, логопед, психолог) арқылы жүзеге асырылғандықтан, инклюзивті сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдерге қосымша қаражат бөлінбейді.
27. Мүмкіндігі шектеулі балалардың сыныптан және оқудан тыс әрекеттері қалыпты деңгейдегі құрдастарымен бірге ұйымдастырылады.
Жоғарыдағы қарастырылған мәселені талдау, инклюзивті білім беру жүйесін жүзеге асыруда кездесетін келесі тосқауылдарды көрсетуге мүмкіндік береді:
• мектеп ғимараттарының сай келмеуі;
• ата-аналар өз балаларының білім алуындағы құқықтарын қорғай алмағандықтан, сенімсіздік пен қорқыныш ұялайды;
• инклюзивті білім беру туралы ата-аналардың ақпараттардың жоқтығы;
• жалпы мектептің басшылары мен мұғалімдердің көпшілігінде мүмкіндігі шектеулі балалар туралы ақпараттары толыққанды болмағандықтан, оқу үрдісіне енгізуге күмәнділік білдіреді;
• жалпы білім беру мекемелеріндегі қалыпты деңгейдегі балалар ата-аналарының қарсылық білдіруі;
• арнайы оқу-әдістемелік оқулықтар мен бағдарламаның жеткіліксіздігі.
Демек, Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты мәселелерді шешу жолдары айқын көрініс тапты. Олар төмендегідей:
1) Арнайы білім беру ұйымдарын, түзету және инклюзивті білім беру кабинеттерін, арнайы балабақша және мектеп, ата-аналарға кеңес беру пунктерін сақтай және кеңейте отырып ерте жастан түзете-педагогикалық қолдау көрсету.
2) Білім беру жүйесінде білім алуға мүмкіндігі жоқ, үй жағдайында білім алатын мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және жеке бағдарлама құрастыру.
3) Мұғалімдердің қазіргі таңдағы жаңа технологиялық құралдармен жұмыс жасау біліктілігін арттыруда және жаңа білім беру жүйесінде кәсіби құзыреттілігін дамытуда қайта даярлану мен арнайы курстардан өткізу.
4) Балабақша және жалпы білім беру мекелерінде мүмкіндігі шектеулі әр балаға «тосқауылсыз» жағдай мен ортаны құру.
Сонымен қатар, қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беруді дамытудың басты бағыттары төмендегідей:
1. Қоғамның мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға толерантты, яғни оңды көзқарас пен қарым-қатынасын орнату. Білім беру тәжірибесіне инклюзивті білім берудің тұжырымдамасын енгізу үшін дамуында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қоғамның белсенді қарым-қатынасының қалыптасуы.
2. Мүмкіндігі шектеулі балаға кешенді көмек көрсету және ерте жастан анықтау. Мүмкіндігі шектеулі балаларды уақытында анықтау, диагностикалау және кеңес беру үшін, екі кезеңнен тұратын диагностика-кеңес берушілік қызметтік жұмысты дәйекті түрде атқару қажет:
- тууға көмектесетін және алғашқы медициналық-санитарлық көмек беретін ұйымдарда дамуында ауытқуы бар балаларды анықтау (скрининг);
- психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес берулерде психикалық дамуын кешенді, күрделі диагностикалау (ПДПК).
3. Балалардың білім алуындағы ерекше қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жалпы типтегі білім беру мекемелерін бағдарламалық-әдістемемен және оқыту әдістемесімен қамтамасыз ету.
4. Кадрлық қамтамасыз ету. Жалпы білім беру мектептерін мұғалім-дефектолог, логопед, психолог, сурдопедагог және т.б. мамандармен толықтыру.
5. Балалардың білім алуындағы ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жалпы білім беру ұйымдарын материалдық техникалық жабдықтау:
- дене мүмкіндіктері үшін (пандустар, лифттер, жалпы қолданыстың арнайы жабдықталған орындары);
- оқу процесінің ұйымдастырылуы үшін (сыныптағы жұмыс орны, оқу және жазуға арналған құралдар, арнайы көрнекі дидактикалық құралдар және кешендер).
6. Мүмкіндігі шектеулі және қалыпты деңгейде дамыған балалардың ата-аналарын және қоғамдық ұйымдарды мектептегі инклюзивті білім беруді дамытудың үрдісіне қатыстыру.
7. Икнлюзивті білім беру туралы оңды және дұрыс бағытталған ақпараттармен қамтамасыз етуде ата-аналарға арналған арнайы бағдарламалар мен семинарлар жүргізу, мектептің әртүрлі іс-шараларына қатыстыру, арнайы кеңес беретін психологиялық бөлімшелердің ашылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет