Жоспар: Инклюзивті білім берудің модельдері



бет15/20
Дата06.02.2023
өлшемі197,61 Kb.
#65673
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
лекция инклюзивт б.б. (1)

Дәріс 8
Тақырыбы: Тірек қимыл-қозғалас аппараты бұзылысына педагогикалық-психологиялық сипаттамасы
Жоспар:
1. Тірек-қозғалыс аппараты бұзылыстарының түрлері, бұзылу себептері.
2. Балалар церебралды параличінің негізгі түрлері.
3. Тірек- қозғалыс аппараты бұзылған балалардың сипаттамасы.

1. Тірек- қозғалыс аппараты бұзылыстарының түрлері, бұзылу себептері


Балалардың 5-7%-нда тірек-қозғалыс аппаратында туа біткен және жүре пайда болған аурулары және бұзылыстары бар. Бұзылыстар туа біткен немесе жүре пайда болған болуы мүмкін.
Тірек-қозғалыс аппараты (ТҚА) патологияларының түрлері:
1. Жүйке жүйесінің аурулары: балалар церебралды параличі, полиомелит (орталық жүйке жүйесінің ауыр инфекциялық ауруы).
2. Тірек-қозғалыс аппаратының туа біткен патологиясы: жамбас сүйегі буынының туа біткен шығуы, мойынның қисықтығы, аяқтың маймақтығы, табанның пішінінің бұзылуы, сколиоз, аяқ-қолдардың дамып жетілмегендігі немесе мүкістігі.
3. Тірек-қозғалыс аппаратының жүре пайда болған аурулары немесе зақымдануы: жұлынның, бас миының, аяқ-қолдардың жарақаттануы, полиартрит, қаңқаның аурулары (туберкулез, сүйек ісіктері), қаңқаның жүйелі бұзылыстары (рахит).
ТҚА бұзылған балалардың басты кемістігі қозғалыс ақауы болып табылады. Олардың ішінде басым бөлігін церебралды параличке шалдыққан балалар құрайды (89%).
Балалар церебралды параличінің (БЦП) жалпы сипаттамасы
Балалар церебралды параличі – баланың құрсақішілік дамуы барысында, дүниеге келу сәтінде және алғашқы өмір сүрген жылында әсер еткен әртүрлі зиянды себептердің ықпалымен пайда болатын жетілмеген мидың ауруы. Церебралды параличке шалдыққан әрбір 100 баланың 30-ында бұл ауру құрсақ ішінде, 60-ында – туылу сәтінде, 10-ында туылғаннан кейін пайда болады.
Балалар церебралды параличін тудыратын себептер:
Құрсақ ішінде: анасының инфекциялық аурулары (вирустық инфекциялар, қызамық, токсоплазмоз), анасының жүрек-қан тамырларының аурулары, анасының эндокриндік бұзылыстары, жүктілік токсикозы, анасы мен құрсақ ішіндегі нәрестенің қандарының иммунологиялық сәйкессіздігі, психологиялық жарақаттар, физикалық факторлар (күн өту немесе қатты тоңу, сәулеге шалдығу), жүктілік кезінде қабылданатын кейбір дәрілік заттар, оның нәтижесінде ұрықтың тамақтануының бұзылуына және оттегі тапшылығына алып келетін жатыр-плаценталық қан айналымының бұзылысын тудырады. Құрсақ ішіндегі нәрестенің, әсіресе оның жүйке жүйесінің дамуы бұзылады. Ең алдымен бас миының қозғалыс аймақтары зақымданады, сондай-ақ жалпы оның жетілуі бөгеліп, нәтижесінде БЦП шалдыққан балалардың қозғалысы, ой өрісі, сөйлеу қабілеті бұзылады.
Балалардың тірек-қозғалыс аппаратының бұзылуына толғақ жарақаттары себеп болуы мүмкін, олар анасының жамбас сүйегінің тарлығынан, туу әрекетінің әлсіздігінен, ұрықтың дұрыс орналаспауынан және т.б. пайда болады. Әдетте толғақ жарақаттары асфикциямен (қанның құрамындағы оттегінің жетіспеушілігімен және белгілі-бір алмасу, патологиялық-анатомиялық және клиникалық белгілермен үйлесетін көмір қышқылдардың артық жиналуымен сипатталатын организмнің патологиялық жағдайы) үйлесіп жүреді. Ұрыққа ертедегі постнаталды кезеңде әсер ететін зиянды факторларға мыналар жатады: бұрын ауырған нейроинфекциялар (менингит, энцефалит), полиомелит, баланың алғашқы жылында басын ауыр соқтыруы. Балалар церебралды параличі негізінен тұқым қуаламайды.

2. Балалар церебралды параличінің (БЦП) негізгі түрлері


Балалар церебралды параличінің бірнеше түрлері бар:
1. Спастикалық диплегия – балалар церебралды параличінің ең жеңіл формасы болып табылады. Ол үндескен патологиялық рефлекстердің бар болуымен ерекшеленеді. Әдетте баланың қолдарына қарағанда, аяқтары көбірек зақымдалады. Спастикалық параличпен ауырған кезде артикуляциялық бұлшық еттер зақымдалып, ретсіз қозғалады. Жүрген кезде аяқтың табанына емес, саусақтарына сүйенеді.
2. Қос гемиплегия (тетрапарез) – баланың аяқтары да, қолдары да зақымдалады. Бұл жағдайда қозғалыс қызметтері күрделі дамиды. Көптеген жағдайларда бұл нышандардың барлығы мүгедектікке әкеліп соғады. Бала басын ұстай алмайды немесе берік ұстай алмайды, отыра және тұра алмайды.
3. Гемипаретикалық форма бір жақты қозғалыстың бұзылуымен сипатталады, көбінесе баланың қолдары ауруға шалдығады, қол бұлшық етінің тонусы жоғары, оның барлық буындары бүгілген, кеудеге келтірілген болады; қолының буыны жұдырықталған. Егер, бала зақымдалған қолын пайдаланбаса, жыл өткен сайын оның қысқарғаны, көлемінің кішірейгені (атрофия) байқалады.
4. Гиперкинетикалық форма күштелген еріксіз қозғалыстар – гиперкинездер (hyper грек сөзінен – аса және kinesis – қозғалыс деп аударылады: орталық жүйке жүйесінің органикалық және функционалдық бұзылыстары кезінде пайда болатын күштелген еріксіз қимылдар) түрінде байқалатын қозғалыс бұзылыстарымен сипатталады.
5. Атоникалық-астатикалық синдром – балалар церебралды параличінің бұл формасында бұлшық ет тонусы төмен, бұлшық еттердің қысылу қабілетінің жеткіліксіздігі байқалады. Қозғалыс бұзылыстары ең алдымен қозғалыстың жеткіліксіз үйлесуінен анықталады, баланың тепе-теңдік реакциялары қалыптаспаған. Баланың қозғалыстарынан атаксия – тұрақсыздық байқалады.
Церебралды параличке шалдыққан балалардың әртүрлі қозғалыс бұзылыстарының туындауына аурудың өзінің ерекшелігімен тікелей байланысты бірқатар факторлардың әсер етуі себеп болады. Олардың ішінде маңыздылары мыналар:
- ерікті қозғалыстардың шектелгендігі немесе мүмкіндігінің жоқтығы. Мидың зақымдалу ауырлығына қарай белгілі-бір қозғалыстар толық немесе жартылай байқалмауы мүмкін. Ерікті қозғалыстар көлемінің шектелуі әдетте бұлшық ет күшінің төмендеуімен үйлесіп жүреді;
- бұлшық ет тонусының гипотония (бұлшық ет тонусының төмендеуі) немесе спастикалық (бұлшық ет тонуысының жоғарылануы) типі бойынша бұзылуы. Кез-келген қозғалыс актісі үшін қалыпты бұлшық ет тонусы қажет;
- кез-келген ерікті қозғалыстарды орындауды қиындататын күштеу қозғалыстарының (гиперкинездердің) пайда болуы;
- тепе-теңдік пен қозғалыстар үйлесімінің бұзылуы;
- қозғалыстарды сезудің бұзылуы.

3. Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалардың сипаттамасы


Балалар церебралды параличіне шалдыққан көптеген балалардың бас миы ертеден бұзылуының нәтижесінде сөйлеу, есту, көру қабілеттері бұзылады. Кейбір авторлардың мәліметтері бойынша, балалар церебралды параличіне шалдыққан балалардың 80%-нда сөйлеу қабілетінің бұзылғаны байқалады. Сөйлеу патологиясының ең жиі кездесетін түрі – дизартрия, көбінесе сөйлеу қабілетінің бөгелуімен үйлесіп жүреді. Сөйлеу қабілетінің бұзылу дәрежесі бас миының бұзылу уақыты мен шоғырлануына байланысты. Балалар церебралды параличіне шалдыққан көру қабілеті бұзылған балаларда қылилық байқалады, оларда бір заттың екіншісіне ауысу қабілеті қиындатылған. Орта есеппен әрбір төртінші баланың есту қабілеті бұзылады. Ой-өрісінің дамуының сақталуы, бірақ аздап төмендеуі мүмкін. Балалар церебралды параличіне шалдыққан дерлік барлық балалардың тез шаршағыштығы жоғары болады.
Балалар церебралды параличі кезінде түзету жұмыстарының негізгі мақсаттарына мыналар жатады: балаларға медициналық, психологиялық, педагогикалық, логопедиялық, әлеуметтік көмек көрсету, барынша толық және ерте әлеуметтік бейімділікті, жалпы және кәсіби білім беруді қамтамасыз ету.
Балалар церебралды параличі шалдыққан балалармен түзету-педагогикалық жұмыс жүргізудің принциптері:
1. Түзету-педагогикалық жұмыстың кешенді сипаттамасы.
2. Балалар церебралды параличін ертеден диганостикалау.
3. Алдыңғы қатарлы қызмет саласындағы жұмысты ұйымдастыру. Сәби жасында (1 жасқа дейін) – үлкендермен эмоциялық қарым-қатынас жасау; ерте жасында (1-3 жаста) – пәндік қызмет; мектепке дейінгі жаста (3-7 жас) – ойын қызметі; мектеп жасында – оқу қызметі.
4. Жалғасып жатқан психикалық-сөйлеу қабілетінің дамуы серпінінде баланы қадағалау.
5. Баланың ата-анасымен және айналасындағыларымен тығыз қарым-қатынас жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет