К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Сурет-122. СӨЖ ұйымдастыру кезеңдері мен оған қойылатын талаптар



бет104/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Сурет-122. СӨЖ ұйымдастыру кезеңдері мен оған қойылатын талаптар

Белгілі жағдайлар мен мотивацияның деңгейі үйлескен жағдайда білім сапасының артуымен сипатталатын студенттердің танымдық белсеңділігі жоғары болады. Сондықтан танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруға әсер ететін әдістемелік тәсілдер мен стимулдарды жасауда студенттің өздік жұмысын жүйе ретінде қарастыру қажет.


Студенттер өздік жұмысты орындау барысыңда тек жалпы пән бойынша білім, білік пен дағдыны алып қана қоймайды, сонымен қатар мақсатты көздеу, жоспарлау, талдау, рефлек сия, өз оқу-әрекетіне өзіңдік бағалау жасауды ұйымдастырудың білімі мен білігін алады.
СӨЖ үрдісін шығармашылық үрдіске айналдыру мақсатында студентті қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету. Оқу орнының кітапханасында қажетті оқу әдебиеттерінің қорының, электрондық оқу құралдары мен электроңды оқыту бағдарламаларының және қазіргі тандағы басты ақпарат көздерінің бірі интернеттің болуы. ЖОО-да білім беру процесін цифрландыру студенттің өздігінен білім алуына және ақпарат көздерімен жұмыс істеуіне, өзіндік бақылау жасауына, уақытын үнемдеуіне жағдай жасайды. СӨЖ-ді ұйымдастыруда тиімді деп саналатын заманауи цифрлы оқу конттенттерінің маңызы зор.
123-суретте студенттің өздік жұмысының мотивацияларының түрлері ашылды.

Студент пен оқытушы арасыңдағы катынасты студент белсенділігі мен оның өздігінен білім алуға ұмтылуы бағытына өзгерту жұмыстарын ұйымдастыру, соған сәйкес СӨЖ-ді ұйымдастырудың тиімді әдістерін, формаларын, түрлерін, құралдарын дұрыс таңдау және қолдану СӨЖ нәтижесіне әсер етеді.



Сурет-123. Студенттің өздік жұмысы мотивациясының түрлері

Кредиттік оқыту жүйесінің талаптарына сәйкес студент күнделікті өзіндік жұмыспен қамтылуы тиіс. СӨЖ жүйелі, жоспарлы түрде жүруі, міндетті түрде бақылануы, ал оның бағасы қорытынды бағаға кіруі тиіс. СӨЖ-ді ұйымдастыруды, оның барысын және студенттің оны сапалы орындауын қолдайтындай шараларды да бақылау қажет.


Өздік жұмысқа мониторинг жасау оқу үрдісінде кеткен кемшіліктерді дер кезінде түзетуге, білім сапасын арттыруға және оқытушы мен студент арасының дамуына ықпал етеді.
СӨЖ мәселелерін шешу дегеніміз білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ашуға, ой қабілеттерін дамытуға жағдайлар жасау болып табылады, ол СӨЖ-ді ұйымдастыру үлгісін іске асырумен тікелей байланысты. Нәтижесінде өздігінен жұмыс істеу, өздігінен білім алу, өз кәсіби әрекетінде ғылыми ізденіс жасау білігі мен дағдысы және сындарлы ойлауы калыптасқан, өзін-өзі басқара алатын, өзіне-өзі баға беретін, өзін-өзі бақылай алатын жеке тұлға қалыптасады.
СӨЖ-ның жалпы оқу үрдісіндегі маңыздылығы төмендегідей:

  • СӨЖ студент ойларын жазбаша түрде көрсете білуімен қатар сындарлы ойлауының және болашақ зерттеу жұмысның негізгі бағытын айқындайды;

  • дәрістен алған білімдерін кеңейтіп, тереңдетумен қатар теориялық білімді зерделеу дағдысы және біліктілігі қалыптастырады;

  • студенттің қаншалықты ғылыми-ізденушілік, шығармашылық бағытта өсуін бақылауға мүмкіндік береді.

Қазірге кезеңде СӨЖ-дің кең тараған түрі – эссе.
Эссе – ғылыми очерк, бұл көлемі шағын, бірақ күрделі пысықтауды талап ететін белгілі бір тақырыптағы жазбаша жұмыс немесе шығарма, нақты бір тақырып бойынша жазбаша тапсырма түрінде орындалып, сабақта презентация түрінде көрсетіледі.
Эссе белгіленген ережелер бойынша жазылады және рәсімделеді, атап айтқанда:
- эссенің көлемі 1-5 беттен аспуы тиіс;
- эссенің тақырыбы қысқаша әрі анық ашу;
- студенттің сындарлы ойлауы негізінде белгілі бір проблемалар бойынша өз көзқарасының болуы талап етіледі.
Эссе құрылымы төмендегідей міндетті компоненттерді қамтиды:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет