К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы



бет103/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

СӨЖ




Студент


Оқытушы




СӨЖ ұйымдастыру




Формасы


  • Ұжымдық

  • Топтық

  • Жеке

Әдіс- тәсілдері



  • Пікірталас

  • Педагогика-

лық тренинг

  • Миға шабуыл

  • Педагоги-

калық ринг

  • Әңгімелесу



Педагогикалық шарты

  • Аудиториялық және өзіндік жұмыс көлемінің өзара үйлесімділігі

  • Студенттің дербес қабілетін есепке алу

  • Әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі

Принциптері



  • Жүйелілік

  • Белсенділік

  • Түсіні тілік

  • Көрнекілік

Мақсат-міндеті

    • Студенттің өздігінен білім алуын,ізденісін қамтамасыз ету

    • Студенттің шығармашылық қабілетін дамыту

    • Болашақ маманның кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру






Нәтиже



Ғылыми жоба




Баяндама




Курстық жұмыс




Эссе, глоссарий




Дипломдық жұмыс




Реферат, мақала




Шығармашылық жұмыс




Сөзжұмбақ







Бейнесөз





Сөзтізбек





Кейс


Сурет-120. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруға қойылатын педагогикалық талаптар жүйесі

Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өз бетінше жұмысы 2 қызметті атқарады: кеңесшілік және бақылаушылық ( 121-сурет).





Сурет-121. СӨЖ-ның қызметтері
СӨЖ-ның мақсаты айқын, міндеттері нақты, мазмұны оқу бағдарламасына сәйкес болуы шарт. СӨЖ тапсырмалары студентті ынталандыратындай жасалып, оны орындауға студенттің жағдайы мен мүмкіндігі болуы тиіс. СӨЖ тапсырмалары алған білімді жаңа жағдаятта қолдануды, жаңадан өздігінен білім алуды қажет ететіндей, студенттің танымдық қабілетін арттыратындай болуы шарт.
Студенттердің өзіндік жұмысты орындау барысында тек жалпы пән бойынша білім, білік пен дағдыны алып қана қоймайды, сонымен қатар мақсатты көздеу, жоспарлау, талдау, рефлексия, өз оқу әрекетіне өзіндік бақылау жасай алатын интеллектуалды ой-өрісі бар шығармашыл тұлға қалыптастыру.
Жоғары оқу орнында сапалы білім беруде студенттердің өзіндік жұмыстарының алатын орны ерекше. Кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің өзіндік жұмысы барлық оқу бағдарламасының басым бөлігін құрайды.
СӨЖ-ді тиімді ұйымдастырудың педагогикалық шарттары:

  1. Пән бойынша аудиториялық және өзіндік жұмыстың көлемінің өзара үйлесімділігі: сабақ кестесінің дұрыс құрылуы; СӨЖ көлемінің нақтылығы; студентке берілген тапсырманың оның мүмкіндігіне сәйкес келуі.

  2. Әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету: оқу-орнының материалдық-техникалық базасын ескеру; оқу орнындағы электрондық залда бар әдебиеттердің ақпараттар қорын толық пайдалану (интернет көзі, электронды оқулық, электронды оқыту бағдарламалары және т.б.)

3. Студенттің дербес ерекшеліктерін есепке алу: тапсырма әрбір студенттің біліміне, қабілетіне сәйкес келуі шарт; тапсырма студентті шығармашылыққа жетелеуі тиіс;
4. СӨЖ-ді ұйымдастыруда тиімді әдіс-тәсілдерді таңдау: студенттің жұмысын белсендіру керек; студентті жұмысты тыңғылықты орындауға ынталандыру.
5. СӨЖ студенттің өзін-өзі және мамандығының қыр-сырын ашуға бағытталуы шарт: СӨЖ тақырыптарын студенттің болашақ мамандығымен байланысты қарастыру қажет; СӨЖ тапсырмаларын орындау барысында студент өз қабілеттерінің ашылуына, мүмкіндіктерінің молаюына көз жеткізуі тиіс.
6. СӨЖ тапсырмаларының ғылыми-зерттеушілік бағытта болуы шарт: студенттің шағын ғылыми-эксперименттер қою арқылы болашақ мамандығының құпия жақтарын білуі тиіс; шағын ізденістер жүргізу барысында студент өз мамандығы саласындағы күрделі мәселені көре және шеше алуы мүмкін.
7. СӨЖ тапсырмалары студентті шығармашылыққа баулуы тиіс.СӨЖ тапсырмаларын дайындауға студентке дербестік беріледі, тақырыпты ашу үшін студент: эссе жазады; баяндама даярлайды; сөзжұмбақ құрастырады; глоссарий жасайды; шағын ғылыми жоба даярлайды.
8. СӨЖ тапсырмаларын орындауда студент дидактикалық құралдарды, жаңа ақпараттық технологияларды, телекомуникацияларды қолдануы тиіс: ғаламторға шығып, қажетті жаңа деректерді, тың жаңалықтар мен ақпараттарды алуы; электронды оқулықты пайдалануы; ақпарат банк қорын жасақтауы; жеке веб-сайт ашу; слайд даярлау; алынған материалды жүйелеу, сұрыптау, талдау.
9. Мониторингтік диагностика жүргізу: өзін-өзі анықтауы: Қандай жаңалық аштым? Өзін-өзі бағалауы: алған нәтижем қандай? Өзін-өзі дамытуы: бұл менің қолымнан келеді ме?
10. СӨЖ-ның әдістемелік қамтамасыз етілуі. СӨЖ-ның әдістемелік қамтамасыз етілуінің бірден-бір жолы – кафедрада СӨЖ бойынша Web-сайт ашу.
Алдыңғы жылғы студенттің осы тақырыптар бойынша ең үздік жұмыстары қойылады: баяндама; глоссарий; эссе; ғылыми жоба; сөзжұмбақ; бейнесөз; сөзтізбек; танымдық ойындар; педагогикалық кейстер, слайдтар және т.б.
СӨЖ-ын дұрыс ұйымдастырғанда студенттің ғылыми жобасы әрі қарай курстық және дипломдық жұмысқа ұласуы мүмкін.
СӨЖ-ді тиімді ұйымдастырудың үлгісі болашақ маманды кәсіби бағытта даярлаудың, жоғары оқу орнының оқыту мақсатының және пәнді оқыту мақсатының талаптарына сай болуы тиіс.
СӨЖ-ді ұйымдастырудың үлгісін жасау үлгісін бақылау (байқау), салыстыру, талдау, жинақтау, абстрактілеу, әңгіме, сауалнама, тестілеу және тағы да басқа тәсілдер колданылды. Әр тәсілді колданудың өз орны бар: айталық, бақылау тәсілінің нәтижесінде зерттеу объектісі туралы ақпарат жиналды, ұқсастық тәсілін колдану аркылы осыған ұқсас үлгілер қарастырылып, ұқсас негіздері анықталып, оны жаңа үлгіге колдану қарастырылды. Жоғары оқу орнындағы әр пәнді оқытудың өзіндік мақсаты болады.
122-суретте СӨЖ ұйымдастыру кезеңдері ашылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет