Кіріспе. Кіріспеде негізгі терминдерге қысқаша анықтама беру ұсынылады;
Негізгі бөлім. Негізгі бөлімде әрбір параграф бір негізгі ойды қарауға арналуы тиіс;
Қорытынды.Қорытындыда қаралып отырған проблеманың практикалық мәні көрсетіледі, нәтижелер мен қорытындылар көрсетілуі қажет.
СӨЖ тек жекелеген пәнді меңгеру ғана емес, сонымен қатар оқу, ғылыми, іскерлік, жауапкершілікті сезіне білу, дербес жұмыс істеуге үйрену және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруды меңгертудің бірден-бір жолы.. Дидактикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыс білімді тереңдетуге, толықтыруға, дағды мен іскерлікті қалыптастыруға, танымдық әрекетке қызығуды туғызуға, танымдық процестің әдіс-тәсілдерін игеруге, дербес қабілетінің дамуына, дербес жұмыс істеу мәдениетін көтеруге, шығармашылықпен жұмыс істеуге және ғылыми жұмыстармен айналысуға мүмкіндік жасайды.
СӨЖ-ді орындау барысында саналылық, бірізділік, жүйелілік ұстанымдары қамтамасыз етілуі тиіс. Атап айтқанда, пәннің логикалық жүйесі мен игеру деңгейіне қарай тапсырма бірізді берілуі тиіс және тапсырманың көлемі студенттің оқу мүмкіндігіне сай болуы міндетті (124-сурет).
Сурет-124.СӨЖ студенттер қызметі
Студенттердің өзіндік жұмыстарына қатысуы оқу барысында олардың дербестік деңгейін арттырды, жоғары оқу орны бітірушілерін даярлаудың маңызды элементі болып табылады (125-сурет).
Сурет-125. СӨЖ басым бағыттары
Оқу-ғылыми үдерісті басқарудың оңтайлы тәсілдерін анықтау, студенттер алған білім, білік және дағдыларды толыққанды интеллектуалды әлеуетке айналдыру үшін барлық жоғары оқу орындарының ұзақ және мақсатты бағытталған жұмысы қажет болды (126-сурет).
Сурет-126. Ғылыми -зерттеу жұмыстарын жүргізу кезеңдері
Жоғарыда көрсетілген зерттеу кезеңдерінен өткен ғылыми жұмыс оң нәтиже беретіндігі күмән тудырмайды. Зерттеуші ұзақ уақыт бойы жоғары оқу орнының кафедрасында, ғылыми-зерттеу институтының зертханасында ғылыми ойлауға, жаңалықты табуға, әдіснамалық мәселені тануға, ғылыми зерттеудің логикасын түсінуге, әдіснамалық мәдениетін жетілдіруге, ғылыми-зерттеу нәтижелеріне талдау жасауға, әдіснамалық тәжірибе жинақтауға тәрбиеленеді, үйренеді.
Педагогикалық зерттеулерде оқу-зерттеушілік сипаттағы тапсырмалардың қолдану аймағына талдау жасауға үлкен орын беріліп, оны оқу процесінің түрлі бөлімдерінде қолданудың әдістемесі де жетілдірілуде.
М.А.Данилов, Б.П.Есипов, М.И.Махмутов, М.Н.Скаткин, т.б. ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, жаңа білім алуға бағытталған оқу-зерттеушілік қызмет нәтижесі зерттелуші объекті, не зерттелуші аралық объектілер жайлы, болмаса зерттеудің нақты немесе арнайы тәсілдері туралы жаңа білім.
ЖОО білім беру бағдарламаларына сәйкес курстық жұмыстар 3 курста, ал, дипломдық жұмыстары - соңғы курста жазылады. Курстық жұмыстар студенттердің жоғары кәсіби білім алу жолындағы маңызды, орі міндетті оқу-педагогикалық шаралардың бірі болғандықтан, олардың құрылысы мен жалпы мазмұнына, орындалуына белгілі бір талаптар қойылады.
Курстық жобалау-практикалық міндеттерді теориялық материалдар арқылы сапалы игеру мақсатында пәннің оқу бағдарламасына сәйкес қарастырылады және тиісті педагогикалық талаптарды қамтуы тиіс (26-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |