К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Кесте-4. Парадигма түрлері



бет11/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Кесте-4. Парадигма түрлері





Парадигма

Сипаттамасы

1

Дәстүрлі-консервативтік (білім парадигмасы)

Білім, білім, қандай жағдайда да тек білім». Мұнда өркениет пен мәдениетті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу негізгі мақсат болып саналады



2

Феноменологиялық (гуманистік парадигмасы)

Жеке тұлғаның ішкі дүниесін дамыту, оны ерікті, рухани жеке адам ретінде тану және адамдармен тіл табысуында ерекшелену қабілеттерін жетілдіру қарастырылады. Білімнің гуманитарлық парадигмасының діңгегі - оқушы емес, дайын білімді меңгерудегі ақиқатты түсінуші адам. Мұнда оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас:ынтымақтастық, өзара жауапкершілік, өз позициясын еркін таңдау жағдайында диалогтік ұстанымда өрбиді.

3

Рационалдық (тәртіптілік парадигмасы)

Оқушыға білімнің түрлі тәсілдерінің тиімді жақтарын, ортаға бейімделу, оның ойы, сезімі және іс-әрекеттерімен санасу, оларды меңгерту жатады.Мұндағы басты қағида: «мектеп – бұл фабрика, ал оқушы – оның шикізаты». Бұлай оқытудың негізгі әдістері – тренинг, тестік бақылау, жекелеп оқыту және мәтінді түзету.

4

Технократтық



Негізгі мақсаты – дәл ғылыми білімдер. «Білім - күш» адамды бағалау, оның білімі, мүмкіндіктерімен анықталады. Адамның қасиеті оның білімі, тәртібі және оны тасымалдаушы ретінде танылады.

5

Эзотерикалық

Адамның ақиқатқа мәңгілік өзгермейтін қатынасы көрінуі тиіс. Бұл жерде оқушының дамуындағы мұғалімнің адамгершілік, психологиялық, физикалық функциялары ерекше ұғым болып табылады



Болон процесі дегеніміз – жоғары білімнің еуропалық жүйесінің құрылу процесі. Болон үдерісі еуропалық білімнің бәсекелестікке қабілеттілігін жоғарылату, ұлттық білім жүйелерін жақындастыру, көпдәрежелі жоғары білімді енгізу, академиялық кредиттер жүйесін қабылдау, білім сапасын бақылау және студенттер мен оқытушылардың мобильділігін кеңейтуді көздейді (4-сурет).
Болон процесі жоғары білім беруді бакалавр, магистратура, докторантураға негізделген үш саты бойынша бекітеді. Еуропалық жаңа үдеріс бойынша оқу процесін ұйымдастыру және студенттердің білім үлгерімінің қорытындысын бағалау еуропалық кредиттік жүйе арқылы жүзеге асады, жоғары оқу орындарында халықаралық аттестаттау мен акредиттеуді дамытады.
Еліміз бұл үдеріске осыдан тоғыз жыл бұрын, дәлірек айтқанда 2010 жылдың 11 наурызда Венгрия астанасы Будапеште өткен Еуропа елдері білім министрлерінің ІІ форумында қосылды, сөйтіп 47-ші мемлекет болып оның тең құқылы мүшесі атанды. Жалпы, бұл міндет - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың отандық білім беру жүйесін дамыту туралы тапсырмаларын, сондай-ақ «Еуропаға жол» бағдарламасының баптарын жүзеге асыру аясында іске асырылды. Қазақстандық білім беру жүйесі үшін тарихи саналатын осы оқиға еліміздің Еуропалық жоғарғы білім аумағына кіруінің бастамасы болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет