К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Сурет-5. Болон процесінің басты мақсаттары



бет13/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Сурет-5. Болон процесінің басты мақсаттары

Ресми заңдық түрғыда Болон процесі Батые Еуропа мен Қазақстанда қалыптасқан кәсіби білім деңгейін біркелкі «бакалавр-магистр» формуласымен теңестіріп, қазақстандық жоғары білім қүжаттарының Еуропада мойындалуына жол ашып, мүмкіндік береді.


Болон процесі (Болондық қайта құрулар) – жоғары білім министрлерінің Декларациясына сәйкес, еуропалық жоғары білім жүйесін жақындату процесін белгілеу үшін жиі пайдаланылып жүрген термин.
Болон процесі – жалпы қызмет ұстанымдарына негізделген жоғары білімнің біріңғай еуропалық жүйесінің құрылу процесі ( 6-сурет).
Болон реформалары «нәтижелерге бағытталу» және «студенттік орталықтандырылған оқыту» терминдерімен сипатталады. Бұл жерде сөз, оқыту нәтижелерін кең мағынада түсінуде болып отыр. Осы терминдер ECTS, модуляризациямен және институционалдық еркіндікпен байланыста болуды болжай отырып, педагогикалық практиканың алға жылжуының негізгі элементтері болуы керек.
Болон процесінің үш деңгейінің арасында баланс болу керек: өкіметке, жоғары оқу орындарына және студенттерге қатысты еуропалық деңгейде белгіленген мақсаттар; процесті жүзеге асырудағы жоолардың алатын негізгі рөлі; ұлттық стратегиялардың рөлі және алдыңғы екі деңгейдің бірігуіндегі және әрбір елдегі процестерге көмек көрсетудегі заңдылықтар.
Болон процесі – еуропа аймағындағы жоғары білім беруді және ғылыми зерттеулерді қорғау және жақсарту құралы, мөлдірлік пен мобильділікті көтеру құралы болып табылады. Болон процесі жоғары оқу орнының қоғамдағы орнын мойындайды және сапаға ерекше мән береді, бірақ сапаны қолдау мен оны жоғарылату, жүйе мен оның кадрларына берілетін мемлекеттік инвестицияны көтеруді талап ететіндігін айтады.
Білім әлемнің барлық дамыған мемлекеттерінде негізгі басымдықты бағыты және дамудың негізгі индикаторы болып табылады.Жоғарғы білім алу адам өмірінде ең маңызды межелердің бірі болған және болып қала береді, әсіресе қазіргі кездегі еңбек нарығындағы өте жоғары бәсеке кезінде. Бұған ересек халықтың 35% -ы жоғарғы білімді болып табылатын біздің мемлекетіміз де мысал бола алады- бұл көрсеткіш (30-35% деңгейінде) экономикасы дамыған мемлекеттерге де тән болып табылады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет