Сурет-156. ЖОО-ның тәрбиелік жүйесі
Тәрбиелік жүйені құрудағы мақсат – бұл ЖОО тәрбие процесінің болашақтағы нәтижесі туралы ой-болжамы. ЖОО тәрбие мақсатын, тәрбие тұжырымдамаларын ескере отырып, өзіндік ерекшеліктеріне қарай анықтайды. Жалпы мақсат жүйенің негізгі жүйе құрушы маңызды компоненті болады. Іс-әрекет компоненті – бұл анықталған мақсатты жүзеге асыруға бағытталған амал-тәсілдер, әрекеттер жүйесі. Ал субъектілері – осы жүйенің іс-әрекетіне қатысушылар, яғни тәрбиеленушілер, тәрбиешілер, ата-аналар. Қарым-қатынас – ол жүйе ішіндегі субъектілер арасындағы байланыс орнату құралы болып табылады. Игерілген орта – ол тәрбие жүйесінің өз іс-әрекетін іске асыратын ортасы (157-сурет).
Тәрбиелік жүйені құраушы компоненттер
Сурет-157. Тәрбиелік жүйені құраушы компоненттер
Тәрбиелік жүйе – мектеп жасындағы өмірлік іс-әрекетін тәрбиеленушілердің мейлінше толығырақ өзін-өзі дамытуы мен жүзеге асыру мақсатында ұйымдастыру бойынша мақсатқа бағытталған іс-әрекеті.
Тұлға дамуы – өте күрделі, ұзақ мерзімді және қарама-қайшылықты процесс. Біздің ағзамызда болып жатқан өзгерістер өмір бойына ұласады.
Адам өміріндегі кез келген өтпелі кезеңнің өзіндік қиындықтары болады. Тәрбиеленушінің бастауыш мектептен орта мектепке ауысуы – күрделі және жауапты кезең, тәрбиеленушінің алдағы мектеп өмірі, оның бейімделу процесінің өтуіне байланысты қалыптасатын болады. Біздің міндетіміз – тәрбиеленушілерде болып жатқан жағдайларды, оларды алаңдататын, мазалайтын не екенін, қандай қиындықтар болатынын анықтау және нақты қандай көмек көрсете алатынымызды білу.
Тәрбиеленушілердің оқу-тәрбие процестеріне жылдам бейімделуіне орта буынға өтуіне дейін пайда болған психологиялық проблемалар кедергі болады. Тәрбиеленушіге бейімделудің күрделі кезеңінде көмек көрсету оның өзіндік тәрбиесі, тұлғалық өсуі мен дамуы міндеттерін шешуге, сонымен қатар, мектепке бейімделе алмаудың алдын-алуына әсер етеді.
Олай болса, өзін-өзі тәрбиелеу әрбір жеке тұлғаның белгілі даму деңгейіне және өз қылықтарын басқаның әрекеттерімен саналы түрде салыстыра білуіне байланысты.
Өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдері: өзіне-өзі міндет қоя білуі; өзіне-өзі есеп беруі;өз әрекетін өзі бағалауы; өз ісі мен әрекетін қадағалай алуы.
Өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі басқару процесінде жүзеге асады. Бұл үшін әр тұлғаның өз мақсатына сәйкес іс-әрекет жоспарын жасап, орындалуына бақылау, бағалау қажет болса, реттеу, түзетулер енгізе білуі.
Жеке тұлғаның өз дербестігін тануы – оның саналы өмірлік бағдар, мақсат, адамгершілік құндылықтар, кәсіп, тіршілік шарттарын таңдай білуімен анықталады.
158-суретте өзін-өзі тәрбиелеу әдістері ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: |