К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Сурет-171. Процестік (жүйелі-функционалдық) бағыт



бет150/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Сурет-171. Процестік (жүйелі-функционалдық) бағыт
Мекеме нәтижелі және тиімді қызмет етуі үшін көптеген өзара байланысқан процестер менеджментін анықтау және жүзеге асыру қажет. Жүйелік-функционалдық бағыттың артықшылығы процестің өзара байланысы, комбинациясы және басқарудағы үздіксіздігін қамтамасыз ету қажет.
Жүйелік бағыт. Жүйелік бағыт басқару мәселесін реттеу үшін қолданылады. Жүйелік бағыт негізінде үдерісті басқару құрылымы анықталынып, өндірістік үдерістің кезеңдері арасындағы өзара байланыстылық пен тәуелділік ашылады, шешім қабылданады, сондай-ақ шешімге әсер ететін барлық шарттар мен факторлар анықталынады.
172-суретте жүйелік бағыт қағидалар ашылды.
Егер жоғары оқу орнының жұмысы жүйелік бағытқа негізделсе, онда барлық үдерістер үздіксіз талданып отырылады, сапалық өзгерістер анықталынады. Қойылған мақсатқа қарамастан шығынды азайту немесе қызмет көрсетуді жақсарту үдерістері тұтас жүйе ретінде қарастырылады.
Барлық үдерістерді жүйе ретінде талдай отырып, оқытушылар мен қызметкерлер ЖОО-да болып жатқан өзгерістердің, үдерістердің маңызын түсіне алады және уақытты үнемдей отыра білім беру қызметінің сапасын жақсарта алады. Сапаны жақсарту бағытындағы үздіксіз үдеріске ЖОО-ның жағдайын жақсартуға арналған барлық өзгерістерді де жатқызуға болады.
Жүйелік бағыт ЖОО-на сапа мәдениетін жасауға, сапаны үйренуге, сапалы нәтижеге бағытталған мақсат пен міндеттерді анықтау және оны орындау, қызметкерлерді сапа тұжырымдамасымен таныстыру, негізі бар шешімдер қабылдау, оқытушылар мен қызметкерлерді ұжымдық-топтық жұмыстарға тарту және ынтымақтастық, сапаға жету бағытындағы оқу үдерісін жақсарту және қаржылық көмек көрсету және т.б. жұмыстарды атқаруға көмектеседі.



Сурет-172. Жүйелік бағыт қағидалары

Соңғы кезеңде синергетиканы жүйелік бағыттың бөлігі ретінде қарастырып жүр. Синергетика – сапа менеджмент жүйесін қоса алғанда, өзін-өзі ұйымдастыру үдерісін басқарудағы жалпы заңдылықтарды тану мен анықтау міндетін қоятын ғылыми зерттеулердің пәнаралық бағыты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет