К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Комплекстік (пәнаралық) бағытта



бет151/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Комплекстік (пәнаралық) бағытта жүйені нақтылаудың арнайы формасы, оның негізіне басқару ерекшеліктері, ғылымдардың өзара байланысы, қарастырып отырған мәселенің ортақ тұстары алынады. Менеджмент саласы бойынша көптеген мамандардың зерттеулері бойынша комплекстік бағыт менеджмент мәселесін тиімді шешудің басты шарты болып табылады. Комплекстік бағыт – басқару іс-әрекетінің кооперациясы мен пәнаралық интеграция формасы. Білім беру саласына қатысты алсақ, комплекстік бағыт білім беру, оқыту-тәрбиелеу іс-әрекеттерінің әр түрлі ғылымдардың (педагогика, философия, әлеуметтану, психология, тарих, әлеуметтік басқару, экономика және т.б.) тоғысқан пәнаралық аспектісінде қарауды негізге алады.
Маркетингтік бағыт мекеменің ішкі басқарушылық жүйесін тұтынушыға бағыттауды көздейді, іс-әрекетті білім беру қызметіндегі сұранысты қанағаттандыруға бағыттайды, білім беру ортасында нақты сұранысты тудырады, педагогикалық іс-әрекеттік құралдары арқылы сұранысты ынталандырады.
173-суретте маркетингтік іс-әрекет кезеңдері ашылды.



Сурет-173. Маркетингтік іс-әрекет кезеңдері

Білім беру саласында маркетингтік басқару ЖОО-ның бәсекелестігіне бағытталады. Білім беру мекемелерінің бәсекеге қабілеттілігі оның одан әрі дамуына жол ашады. Бәсекеге қабілетті білім беру мекемелерінің жұмыс нәтижелері әрдайым жоғары, мұндай мекемеде жыл сайын оқуға түсетін талапкерлер саны да көп болады, ЖОО-на түсу конкурсы да жоғары болады.


Мәдени бағыт. Білім беру саласында менеджменттің мәдени бағыты мекемеде корпоративтік мәдениет қалыптастыруға бағытталады. Мәдениет, соның ішінде басқару мәдениеті адамдарға үлкен ықпал жасай алады және тиімді басқару құралы ретінде қолданылады. Өнімді өзгерістердің басты әлеуеті адамның өзіне, оның санасы мен мәдениетіне тәуелді. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, мекемедегі мәдени бағыттағы іс-шаралар өндірістік өнімнің соңғы нәтижесіне тікелей әсер етеді. Мәдени бағыт адамдардың санасына, ойлау дәрежесіне, тіпті іс-әрекеттеріне де әсер ете алады. Басқаша айтқанда, ЖОО-ның мәдениеті – бұл университеттің әрбір жеке тұлғасы немесе топтары басшылыққа алатын норма, құндылық, көзқарас және пікірлердің жиынтығы.Өндірістің сапасын (оқу-тәрбие үдерісінің сапасын) жақсарту үшін, ең алдымен университеттің мәдениетін өзгерту қажет. Бұл жұмыс стилін өзгерту, басқару стратегиясын өзгерту, жүйедегі үдерістерді қайта қарау, өзгерістер енгізу дегенді білдіреді. Осы өзгерістердің барлығы да бір бағытта қызмет етуі тиіс. Мәдениетті өзгерту дегеніміз ұжымның әрбір мүшесіне түсініктілік, сенім, сыйластық ұялататын басқару стиліне көшу дегенді білдіреді.
Эдварс Деминг (Dr.William Edwards Deming) 1900 жылы туылған, 1927 жылы Йельск университетінің PhD доктор дәрежесін физика саласы бойынша алды.
Э.Деминг – сапа бойынша атақты мамандардың бірі. Ол соғыстан кейінгі жылдары, әсіресе ХХ ғасырдың 80-жылдары Жапония мен АҚШ мемлекетінің гүлденуіне өз үлесін қосты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет