К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы



бет152/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Э.Демингтың 14 принципі:

  1. Мақсаттың тұрақтылығы. Ылғи да өнім мен қызмет көрсету сапасын жақсартуға ұмтылу. Мақсат – кәсіпкерлікте бәсекеге қабілетті болу және жұмыс орнын сақтау. Алға қойған мақсаттан еш таймау, өнім мен қызмет сапасын жақсартуды ғана ойлау.

  2. Көшбасшылық пен жауапкершілік, жаңа философия. Жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда менеджерлер – мекеменің көшбасшылары сыртқы ортаның дабылына жауап беруі керек, өздерінің жауапкершіліктерін сезінуі тиіс, оң өзгерістерімен өз қолына басшылықты алу.

  3. Жалпылама бақылау тәуелділігінен құтылыңыз. Өнімнің талаптағы сапасына жету үшін жалпылама бақылау қажет емес, өйткені сапа оған байланысты емес. Сапа – соңғы өнімді бақылау нәтижесі емес, ол өндірістік үдерісті оптимизациялау нәтижесі.

  4. Ең төменгі бағадағы шикізатты сатып алмаңыз. Өнім шығару мен қызмет көрсетуде ең арзан ресурстарды практикаға ендіруді қою керек. Өнімнің қасиетін білмей тұрып, бағаны қою мүмкін емес. Арзан ресурстар, ереже бойынша, тек белгілі бір қасиеттерге (сапаға) ие, сондықтан ол сіздің шығаратын өнім мен көрсететін қызметке қойылатын сапаны қамтамасыз ете алмайды.

  5. Әрбір үдерісті жақсартыңыз. Сапа шығарылатын өнімге оны жобалау кезеңінен бастап-ақ қойылуға тиіс. Ал өндірісті (үдерісті) жоспарлау кезінде кеш болады. Сапа қойылған мақсаттан бастау алады.

  6. Қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау. Мекемеде қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау бойынша қазіргі заманғы оқыту әдістерін, тестілеу, аттестациялауды қолданудың өзіндік жүйесі болуы шарт.

  7. Көшбасшылықты тағайындау. Мекемеде басшылықтың тиімді жүйесі құрылуы қажет. Барлығы жақсы жұмыс істеуіне бағытталуы керек.

  8. Корпоративтік мәдениет. Мекеме өзінің корпоративтік мәдениетін мақсатты қалыптастыруды үйренуі қажет. Ұжымда ұтымды ахуал қалыптастыру керек, қызметкерлер арасында тиімді қарым-қатынас орнату әдістерін меңгеру қажет, ұжымдағы басшыдан қорқу, өз-өзіне сенбеу сияқты келеңсіз жағдайларды болдырмау және алдын-алу.

  9. Жүйелілік. Мекеме белгілі бір жүйе негізінде басқарылуы тиіс. Ішкі өндірістік қарым-қатынас «тұтынушы – жеткізуші» түрінде көрініс табуы тиіс.



  10. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет