К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Жиынтық (суммативті) бағалау



бет49/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Жиынтық (суммативті) бағалау – бұл белгілі уақытта тақырыпты, тарауды үйрену соңында оқушының білім, білік, дағдылары мен құзыреттіліктері қалыптасу деңгейін анықтау.
Жиынтық бағалау мақсаты – белгілі уақыт ішінде оқушының білім, білік, дағдылары мен құзыреттіліктері қалыптасу деңгейін және алынған нәтижелердің стандарт талаптарына сәйкестігін анықтау.
Жиынтық (суммативті) бағалау: Жұмысты тексеру нәтижесінде алынған баға сынып журналына қойылады( 68-сурет).



НЕ?
Оқу барысында оқушы өзіне қажеттісін алады


МАҚСАТТАР





Қалыптастырушы бағалаудың тиімді үрдісі



ҚАЛАЙ?
Мұны орындау үшін бағалаудың қандай түрлері қолданылады



ТЕХНИКА



Сурет- 68. Қалыптастырушы бағалау
Кесте 17- Критериалды бағалау жүйесі

Дағды

Білу және
түсіну

Білімді
қолдану

Сыни ойлау

Топтағы ынтымақтастық

Бағалау критерий-лері

  • Анықтайды

  • Тізбелейді

  • Атайды

  • Қайталайды

  • Көрсетеді

  • мәлімдейді




  • Ара -қатынасты

белгілейді

  • Таңдайды

  • Шешеді

  • Қолданады

  • Жасайды

  • Пайдаланады

  • Талдайды

  • Дәлелдейді

  • Негіздейді

  • Түсіндіреді

  • Болжайды

  • Қорытынды

жасайды



  • Талқылайды

  • Дәлелдейді

  • Салыстырады

  • Ұсынады

  • Келіседі

  • Негіздейді






Кесте 18- Критериалды бағалаудың деңгейлері

Оқу іс-әрекеттерінің деңгейлері


Оқу іс-әрекеттеріне сипаттама



Бағалық талқылау


1-деңгей:
Репродуктивті

Жауаптың болмауы немесе жауап беруден бас тартуы

Қанағаттанарлықсыз

Есте сақтау деңгейінде оқу материалын еске түсіру бойынша әрекет

Қанағаттанарлықтан төмен

Оқу материалын саналы түрде еске түсіру

Қанағаттанарлық

Зерделеу объектісімен жүзеге асқан әрекетті сипаттау және талдау

Қанағаттанарлықтан жоғары

2-деңгей:
Продуктивті

Білімді үлгі бойынша таныс жағдаятта қолдануы

Жеткілікті жақсы

Әрекеттерді нақты белгіленген ережелермен орындау

Жақсы

Жаңа оқу мәселелерін шешу үшін жалпы алгоритм негізінде білімін қолдануы

Өте жақсы

3-деңгей:
Шығармашылық

Жаңа мәселелерді шешу үшін таныс және таныс емес жағдаяттарда білімін қолдануы

Үздікке жақын



Білім, білікті шығармашылықпен қолдана алу (бұрынырақ меңгерілген білімін өз бетінше қолдана білуі)

Үздік

Жаңа жағдаяттарда мәселелерді шешу үшін біліктілігін қолдануы; мәселелерді көре білуі және оларды шешу тәсілдері

Өте үздік


Кесте 19- Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау көрсеткіштері

Оқу іс-әрекеттерінің
сипаттамасы

Бағалау көрсеткіштері

Жауаптың болмауы немесе жауап беруден бас тарту.
Білуге әрекет ету, ұғымдарды (нысанды) танып-білу, ұқсастықтарды айыра білу және белгілеу
Оқу материалдарын еске түсіру бойынша әрекеттер
Оқу материалын саналы түрде еске түсіру, зерделеу объектісімен болған әрекетті сипаттау және талдау

Терминдерді, белгілеулерді, формулаларды, анықтамалардың тұжырымдамаларын, заңдарды біледі

Түсіндіреді, салыстырады, жіктейді, қорытынды жасайды

Нақты мысалдармен білімін көрсете біледі және оларды типтік жағдаяттарда қолдана алады, яғни үлгі бойынша типті тапсырмаларды орындайды. Материалды дәл, қисынды жеткізеді, ұғымдарды еркін меңгереді, жалпылауға қабілетті, теория мен практиканың байланысын анықтайды

Білімді үлгі бойынша таныс жағдаятта қолдану бойынша әрекеттер
Әрекеттер нақты белгіленген ережелермен орындайды
Жаңа оқу міндеттерін шешу үшін жалпыланған алгоритм негізінде білімді қолдануы

Теориялық материал бойынша терең білім көрсететді, орта деңгейде күрделі барлық тапсырмаларды қатесіз орындайды

Практикалық іс-әрекеттерде меңгерген теориялық білімін еркін қолдана отырып, тасымалдау деңгейінде тапсырмаларды мұғалімнің бақылауымен орындайды. Практикаға бағдарланған тапсырмаларды орындайды

Әртүрлі пәндерден түрлі дәрежедегі күрделі тапсырмаларды орындауда алған білім, білік және дағдыларды пайдаланады

Таныс емес жағдаяттардағы жаңа мәселелерді шешу үшін білімді (білікті) қолдану бойынша әрекеттер, білім мен білікті шығармашылықпен қолдану (жаңа жағдаяттардағы проблемаларды шешу үшін меңгерген білімі мен біліктерін өз бетінше пайдалану, проблемаларды және оларды шешу тәсілдерін көре біледі)

Қойылған проблеманы шешу үшін қажетті ақпараттарды бөліп ала алады, оны өңдеп қолдана алады

Жалпы орта білім беретін мектептерге критериалды бағалауды енгізу төмендегілерге мүмкіндік береді:



  • оқушылардың оқу жетістігін бағалауда бірыңғай стандартталған тұрғыдан қолдануға, ол бағалаудың анықтығын және айқындығын қамтамасыз етуге;

  • оқушының дамуын жылдар динамикасында бағалау үшін салыстыратын деректердің болуына;

  • оқушылардың кең спектрлі дағдыларының даму деңгейін талдауға;

  • әртүрлі факторлардың дағдылардың даму деңгейлеріне ықпал етуіне зерттеу өткізуге.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет