К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Сурет -65. Критериалды бағалаудың құрылымы



бет48/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   171
Сурет -65. Критериалды бағалаудың құрылымы

Қалыптастырушы (формативтік) бағалау – бұл баланың оқуын үздіксіз бақылау үдерісі. Қалыптастырушы бағалау бағасыз бағалау болып табылады, ол критерийлерге сәйкес бағалауға негізделеді және кері байланысты меңзейді.
Қалыптастырушы бағалау мақсаты – оқу үдерісінің барысында мұғалім мен оқушы қызметін түзету. Қалыптастырушы бағалау оқу нәтижесін жақсартуға бағытталған .
Қалыптастырушы бағалау нәтижесінде алынған баға сынып журналына қойылмайды! Баға (шартты белгі, штрихтер, т.б. түрінде) мұғалімнің жеке журналына қойылады.
66-суретте қалыптастырушы бағалаудың шарттары берілді.



Сурет-66. Қалыптастырушы бағалаудың шарттары
Оқушылардың оқу мақсаттарын білуі мен түсінуіне қалай жетуге болады:

  1. бастапқы кезеңде мұғалім сабақ мақсаттарын айқындап, оларды оқушыларға түсіндіріп, бірге талқылайды;

  2. күнделікті талқылаулар келешекте оқу мақсаттарын бірге айқындау дәстүріне айналуы мүмкін.

Кері байланыс – бұл мақсатқа алып баратын нақты әрекеттер, жағдайлар туралы пікірлерді беру және алу үдерісі. Кері байланыс мұғалімге оқыту үдерісі қалай жүріп жатқаны туралы, оқушылардың жетістіктері мен проблемалары туралы түсінік береді. Кері байланыс екі түрде өтеді: ауызша; жазбаша.
67-суретте кері байланыс талаптары ашылды.

Сурет-67. Кері байланыс талаптары

Оқушылардың өзіндік тану үдерісіне белсенді қатысуы.


Білімнің құралға айналуы үшін, оқушы онымен жұмыс жасауы керек:

  1. Білімді қолдану керек;

  2. Қолдану жағдайларын іздеу керек;

  3. Кеңейту, толықтыру және өзгерте білуі керек;

  4. Жаңа байланыстарды және қатынастарды таба білуі керек;

  5. Түрлі формаларда және жағдайларда қарастыруы керек.

Критериалды бағалау - оқу бағдарламасындағы күтілетін нәтижелерге жету мақсатында оқушылардың білім алудағы жеке даму жолына түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін, оқушының оқу жетістігін алдын-ала нақты анықталған бағалау критерийлерімен сәйкестігін бағалау болып табылады ( 17,18, 19-кестелер).
Рефлексия сөзі латын тілінен аударғанда (reflexio) артқа қарау деген мағынаны білдіреді. Заманауи педагогикада рефлексияны өз қызметін, оның нәтижелерін талдау деп түсінеді. Рефлексияны тек сабақ соңында ғана емес, сонымен қатар оның кез келген кезеңінде қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет