адамның қазіргі іс-әрекетіне жаңалық енгізу, жаңаша көзқараспен қарау, болашаққа көз тастау және т.б.
ұжымдағы қарым-қатынасты жақсарту, оны бір-біріне деген сенім тұрғысында құру.
Тренингтің бағдарламасында 3 компонент болуы шарт:
Ұжымның сұранысын қанағаттандыруды талдау. Ұжымды (жекелеген оқушыларды) толғандырып, қызықтырып жүрген көкейкесті мәселені көпшілік талқысына салу.
Тренингтің мақсатына сәйкес техникалық құралдарды дұрыс таңдай алу.
Тренингтің нәтижесін бағалай алу, диагностикалық сараптама жасау.
Тренингтің бағдарламасының бірінші компоненті – ұжымның сұранысын қанағаттандыруды талдауда ұжымның, жеке оқушының өтініш-сұраныстарын ескерген абзал.
Оқу жылының, тоқсанның басында сыныптан әртүрлі сауалнама алып, олардың ұсыныс-пікірлерін ескерген жөн. Тіпті кей жағдайда тренингтің тақырыбын да оқушылардың өздері таңдаған дұрыс. Себебі өздерін қызықтыратын тақырып төңірегінде ой бөліскенді әрбір оқушы ұнатады және белсенділік танытады.
Мұндай жағдайда тіпті оқушыларға еркіндік беріп, оларға тренингтің бағдарламасын жасауды да ұсынуға болады, тіпті кей жағдайда (жоғары сыныптарда) тренингті өздеріне жүргізуге ұсынуға болады.
Тренинг бағдарламасының екінші компоненті – тренинг мақсатына сәйкес техникалық құралдарды дұрыс таңдауда «тренинг әдістері» және «тренинг құралы» деген екі терминді бір-бірінен ажыратып алуымыз керек.